Фибринозды желінсау. Фибринозды желінсау кезінде малдың жалпы жағдайы төмендеп,мал күйзеледі. Малдың азыққа тәбеті және сүт өнімділігі нашарлап, дене температурасы көтеріледі. Желіннің қабынған бөлігінің көлемі ұлғайып қызарады, жергілікті температурасы көтеріледі, ауырсынады, соның салдарынан мал артқы аяғынан ақсап басып жүреді. Желінді қолмен ұстап зерттегеңде қабынған жерлерден қытырлаған дыбыстар естуге болады. Мұндай белгілер фибринозды қабынудың негізгі белгілері болып табылады.
Емі. Ауырған малды жеке жерде ұстап, бұлшық етіне әрбір 6 сағат сайын антибиотиктер егеді. Вена тамырына 40 %-дық глюкозаның ерітіндісін және 10 %-дық хлорлы кальцийдің ерітіндісін қосьгп жылы күйінде жібереді. Сүтті сауып болған соң желін үрпісіне 100-150 мл фурацилиннің 1:5000 ерітіндісін, лактакридин лактаттың 1:3000 ерітіндісін, немесе 2-3 % стрептоцидтің ерітіндісін жібереді: Желіннің ауырған бөліміне камфора, немесе ихтиол майын жағып жылылап, орап тастайды.
Іріңді желінсау. Іріңді-катаралды желінсау - қабыну процесінің өту уақытына байланысты: жіті жән созылмалы болады. Жіті іріңді-катаралды желінсау кезінде малдың дене температурасы көтеріңкі, желіннің қабынған бөлігінің көлемі үлкейеді, қызарады, жергілікті температурасы көтеріліп, ұстап көргенде ауырсыну байқалады. Сүттің құрамында ірің және сары-қызғылт қойыртпақ кездеседі.
Іріңді-катаралды желінсаудың созылмалы түрінде желіннің, емшектің көлемі кішірейіп кетеді, сүттің мөлшері азайып құрамында іріңді-шырыш болады.
Емі. Желінді патологиялық эксудаттан босатудан басталады. Сүт цистернасында қатып қалған ұйындылардан жібіту үшін желін үрпісіне 1-2 %-дық соданың жылы ерітіндісін 150-200 мл шамасында жібереді, сонымен қатар тері астына немесе бұлшық етке окситоцин, питуитрин салады. Желінді эксудаттан тазартқаннан соң емшек үрпісіне мастикур, мастисан дәрілерін және антисептикалық ерітінділерді жібереді. Малдың дене қызуы түспесе венаға 10 %-дық норсульфазолдың ерітіндісін 150 мл шамасында жібереді.
Егер іріңді желінсау абцесс немесе флегмонаға айналып кетсе, оларды жуан инемен тесіп іріңін сорып шығарады да, орнына антимикробтық препараттар жібереді. Мал организмінің жалпы тонусын көтеру үшін 40 %-дық глюкозаның ерітіндісін 100-150 мл және 10 %-дық хлорлы кальцийдің ерітіндісін 100 мл шамасында және 10-15 мл кофеиннің ерітіндісін жібереді. Сонымен қатар малдың бағып күтуін жақсартып азығының сапасын жоғарылатады.
Достарыңызбен бөлісу: |