Атырау облысы білім беру басқармасы



бет34/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47
акушер умк

Қолдан жасалған бедеулік. Мұндай бедеуліктің себебі мал қашыру, коядан ұрыктандыру жұмыстарын дұрыс ұйымдастырмау болып табылады. Малдың организмінде оның буаз болуына барлық мүмкіндік бола тұрып, бедеулікке ұшырайды да қысыр қалады. Оның негізгі себептеріне:
- күйлеген малды ұрықтандыру;
- әлі күйлеу феномені басталмаған немесе күйі қайтып кеткен малды ұрықтандыру, яғни уақытынан бұрын немесе кешіктіріп ұрықтандыру;
- қолдан ұрықтандыру техникасын дұрыс орындамау;
- сапасы төмен шәуетпен ұрықтандыру;
- шәует алу, оны өңдеу, сақтау және ұрықтандыру кезінде малдәрігерлік санитарлық ережелердің сақталмауы;
- ұрықтандырушы техниктер білімінің, тәжірибесінің, кәсіптік
- ұрықтандыру қабілеті нашар аталық малды пайдалану;
- аталық малды тиімді пайдалана алмау;
- аталық малдың жетіспеуі;
- есепті дұрыс жүгізбегендіктен буаз малды етке өткізіп, қысыр (бедеу) малды қалдыру;
- қолдан ұрықтандыру жұмысының тиянақты жоспарының болмауы жатады.
Осы айтылған себептер қолдан ұрықтандыру жұмысының кемшіліктерін, мамандардың білімсіздігін көрсетеді.
Кейбір жағдайда мамандар белгілі бір мақсатпен, өздернің мүддесі үшін күйлеп тұрған малды әдейі ұрықта әдейі ұрықтандырмайды, сөйтіп малды уақытша, бедеулікке ұшыратады. Мысалға, бұзаулаған сиырларды лактациялық кезеңін ұзарту үшін алғашқы 2-3 жыныстық, циклін ұрықтандырмай өткізіп жібереді немесе физиологиялық тұрғыдан әлі өсіп жетілмеген құнажындарды күйлеп тұрса да ұрықтандырмайды, сол сияқты спорттық жарысқа қатысатын биелерді ұрықтандырмайды, сондай-ақ, семіртіп етқе өткізетін шошқаларды овориоэктомия жасап жіберу - қолдан әдейілеп, мақсатты түрде. жасалған бедеулік, болып табылады. Бедеуліктің бұл (бағытгалған) түрі мамандардың білімділігін, кәсіпшілік деңгейінің жоғарылығын көрсетеді.
Қолдана жасалған бедеулікпен күресу үшін ең алдымен, қолдан ұрықтандыру жұмысына квалификациясы жоғары, тәжірибесі мол, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын кісілерді қою керек, аталық малдың денсаулығының жақсы болып, шәуетінің са-
пасы жоғары болуына көңіл бөліп, бірде бір күйлеген мал назардан тыс қалмауы тиіс. Малдың күйлеген уақытын дәл тауып, дер кезінде ұрықтандыру үшін, әсіресе, қысты күндері, ерте көктемде күйіттеуші малды пайдаланған дұрыс. Қолдан ұрықтандыру жұмысының тиянақты жоспары болып, есеп-қисап құжаттары дұрыс жүргізілуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет