Геморрагиялық желінсау. Геморрагиялық желінсау кезінде малдың жалпы жағдайы төмендеп, температурасы көтеріліп, тыныс алуы, тамыр соғуы жиілейді. Желіннің қабынган бөлігін ұстап көргенде ауырсынатын жергілікті қызуы көтерілген, терісі қызыл-күрең түсті. Сүті су тәрізді, түсі қызғылт және ұсақ қосындылар болады.
Емі. Малды бөлек оқшаулап жиі-жиі сауып, тері астына 10 мл кофеинді, венаға 200-250 мл 40 %-дық глюкозаны, 100 мл 10 % хлорлы кальцийдің ерітіндісін жібереді. Желіннің сыртынан ихтиол, камфора майын жағып жылы орап, байлап тастайды, Д.Д. Логвиновтың қысқа блокадасын жасаған пайдалы.
Тәнді желінсау - бұл белгілі бір аурулардың салдарынан болатын желін аурулары.
Желін аусылы - мал аусыл ауруымен ауырғанда желінде, емшектерде көлкілдек суға толған күлдіреуіктер пайда болады және олар жарылып жараға айналады.
Емі. Жара болған жерлеріне йод иемесе йод-глицерин жағады. Шаруашылықта аусылды жою мақсатында тиісті ветеринариялық - санитарлық шаралар ұйымдастырылады.
Желін актиномикозы - желін ұлпасына сәулелі саңырауқұлақтар енгенде байқалады. Зақымданған жерлер іріңдеп жазылмайтын ойық жараларға айналады.
Емі. Жарланған бөлікке 0,5 %-дық новокаин ерітіндісінде ерітілген 1 млн ӘБ пеиициллин егеді. Сиырға ауызынан 5г калий йодидін күніне екі реттен береді, жараны дезинфекциялық ерітінділермен тазартып жуып-шаяды да, антимикробтық майлар жағады.
Желін туберкулезі - .мал организміне туберкулез коздырғыштары емгенде байқалады. Желіннің шалдыққан жағында лимфа түйінінің көлемі ұлғайып, қолмен ұстағанда ауырсынады. Мұдай малдарға емдеу шаралары жүргізілмейді. малды жарамсыздыққа шығарып, шұжык. жасауға етке өткізеді.
Бақылау сұрақтары:
Серозды желінсауға сипаттама?
Катаральды желінсау белгілері?
Фибринозды желінсау белгілері?
Іріңді желінсауға сипаттама?
Гемаррагиялық желінсау белгілері?
Тәнді желінсау дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |