Вильд флюгері желдің бағытын және жылдамдығын анықтайтын, көп тараған құралдардың бірі. Бұл құрал арқылы темір стерженьге орнатқан қос алқалақты флюгер арқылы анықтаймыз. Желдің бағыты флюгерка астында тұратын штифтерге қатынасты флюгерканың салмақ реттеуішінің орналасуы бойынша анықталады (23 – сурет).
Желдің жылдамдығын тақтаның ауытқу бұрышына байланысты флюгермен анықтайды, бұл темір стерженьге бекітілген, горизонталды өстің бойында еркін айналады (15-кесте).
0 және 1 штиф аралығында
1 штиф жанында
1 және 2 штиф аралығында
2 штиф жанында
2 және 3 штифтердің аралығында
3 штиф жанында
3 және 4 штиф аралығында
0
1
2
3
4
5
6
7
0
2
4
6
8
10
12
14
4 штиф жанында
4 және 5 штиф аралығы
5 штиф жанында
5 және 6 штифтердің аралығы
6 штиф жанында
6 және 7 штиф аралығы
7 штиф жанында
7 штифтен жоғары
8
9
10
12
14
17
20
20
16
18
20
24
28
34
40
40
Третьяков жел өлшеуіші егіс (өндіріс) жағдайында желдің бағыты мен жылдамдығын өлшеу үшін қолданылады. Жұмыс істеу принципы Вильд Флюгеріне ұқсайды (24 сурет).
Қол анометрлері. Есептеу механизмі бар қол анометр жел жылдамдығын өлшеу үшін қолданылады. Онымен белгілі бір уақыт аралығында желдің желдің орташа жылдамдығын өлшеуге болады. Чашкалы (ыдысты) анометр 1 ден 20 м/с дейінгі орташа жылдамдықты өлшеу үшін пайдаланады.
Қол анометрлері ауылшаруашылық дақылдары арасында желдің жылдамдығын анықтау үшін өте қолайлы.
Қол анометрі чашкалы 4 жартылай шарлы қабылдағыш – крестовина (айқас) немесе темір өзегіне бекітілген айналғыш.
Үздіксіз ( шексіз) винт өзі айналған кезде есеп механизмнің үш тіліне қозғалыс беретін тісті дөңгелек жүйесін қозғалысқа түсіреді. Есеп механизмі циферблатының тиісінше үш шкаласы бар, сол бойнша мыңдық, жүздік және бірлік айналымдар саналады (25 – сурет).
24-сурет. Третьяков жел өлшеуіші