Орнату және бақылау. Ағаш бағанаға орнатады немес қолды жоғары созып ұстап тұрады. Бақылау алдында есептегішті қосар кезінде бастапқы көрсетулерді жазып алады және берілген биіктікке есептеуішті орнатады. 100 секундтан соң есептеуіш өшеді. Мысалы: 1) 4500 – 3900=600:100=6.
2) Тексеру куәлігінен желдің жылдамдығын анықтайды: есептеуіштің 6 бөлігі 5,6 м/с желдің жылдамдығына сәйкес келеді.
Қанатты қол анометрі өсімдік арасында желдің жылдамдығын өлшеуге ыңғайлы ( орманды, жемісті дақылдар арасында желдің жылдамдығын өлшеуге қолайлы).
Қабылдағыш – құбырға құрылған 8 лопастан (қанат) тұратын жеңіл жел дөңгелегі болып саналады.
Анемометр астындағы бұранданы керек биіктікке бағанаға бұрап кіргізеді, не болмаса қолға алып, 20-30 минуттан кейін көрсеткішінен есеп алынады. Анеморумбометр М-63М-1 желдің орта бағытын және орта, ең жоғарғы тез жылдамдықтарын білу үшін пайдаланады. Бұл аспап датчиктен, өлшеу пультінен, қоректендіргіш блогынан және жалғастырушы кабельден тұрады.
Жел розасы: Жел құбылмалы болғандықтан, оның қайталанғыштығын біле отырып, ерекше сызбалап, оның таралу сипатын анықтайды. Ол үшін координаттар жүйесіне ортадағы нүктеден желдердің қайталанғыштық пайызын кескіндерге түсіреді. Кескіндердің шеттерін түзу сызықтармен қосып, тұйық фигура шығарады. Бұл сызбаны желдер розасы деп атайды. Осы сызба арқылы желдің басым бағытын біледі. Жел розасының ортасында тынық күндердің санын келтіреді. Оны графикке он күн сайын және ай сайын түсіріп отырамыз ( 26 – сурет).
26 -сурет.Жел розасы
Әр бір климаттық аймақтың айлық және жылдық жел розасы – желдің негізгі бағыты белгілі болу керек. Осыған байланысты орман жолақтарын негізгі жел бағытына көлденең отырғызады.
16-кесте
Қазақстан республикасы облыстарындағы желдің қайталану кестесі (%)
Пункт
|
Қайталану (%), румба
|
|
C
|
СШ
|
Ш
|
ОШ
|
О
|
ОБ
|
Б
|
СБ
|
Петропавл
|
жыл
|
9
|
8
|
9
|
9
|
8
|
32
|
14
|
11
|
Қостанай
|
Қаңтар
шілде
|
10
23
|
11
15
|
3
6
|
6
5
|
28
8
|
27
9
|
8
13
|
7
21
|
Көкшетау
|
жыл
|
6
|
6
|
8
|
8
|
10
|
30
|
21
|
11
|
Ақмола
|
Қаңтар
тамыз
|
1
12
|
14
22
|
7
9
|
18
9
|
19
7
|
30
11
|
9
14
|
2
16
|
Павлодар
|
жыл
|
8
|
10
|
7
|
13
|
11
|
23
|
17
|
11
|
Орал
|
Қаңтар
шілде
|
11
20
|
13
14
|
10
9
|
18
7
|
20
9
|
14
7
|
7
15
|
7
19
|
Атырау
|
Қаңтар
шілде
|
7
13
|
15
17
|
25
5
|
15
7
|
7
7
|
11
21
|
10
20
|
10
20
|
Ақтөбе
|
Қаңтар
шілде
|
2
12
|
10
16
|
17
10
|
28
8
|
17
7
|
16
8
|
8
14
|
7
25
|
Қарағанды
|
Қаңтар
тамыз
|
4
15
|
14
13
|
10
10
|
19
8
|
17
8
|
31
13
|
4
10
|
1
10
|
Семей
|
Қаңтар
тамыз
|
2
17
|
3
12
|
44
13
|
18
3
|
8
4
|
11
9
|
11
22
|
3
20
|
Өскемен
|
Қаңтар
тамыз
|
2
7
|
2
4
|
13
9
|
44
25
|
4
4
|
7
8
|
4
8
|
24
35
|
Қызылорда
|
жыл
|
13
|
34
|
12
|
4
|
6
|
9
|
12
|
10
|
Шымкент
|
Қаңтар
тамыз
|
4
7
|
8
25
|
32
25
|
24
12
|
6
2
|
11
5
|
8
9
|
7
15
|
Тараз
|
Қаңтар
тамыз
|
9
28
|
6
13
|
9
6
|
34
23
|
11
6
|
13
6
|
6
5
|
12
14
|
Алматы
|
Қаңтар
тамыз
|
8
|
12
|
6
|
35
|
14
|
11
|
7
|
6
|
Талдықорған
|
Қаңтар
шілде
|
2
9
|
19
24
|
29
13
|
18
19
|
8
9
|
13
9
|
10
12
|
1
5
|
Тапсырма
Желдің жылдамдығын және бағытын өлшейтің құралдармен (аспаптар) танысу;
Қол анемометрімен желдің жылдамдығын өлшеу;
А) есеп механизмінің көрсеткішін алу, мысалы 3900;
Ә) есеп механизмін 100 сек қосу;
В) желдің жылдамдығын есептеу (м/сек) – 4500-3900=600:100=6;
Г) тексеру куәлігі арқылы желдің жылдамдығын анықтау;
17-кесте
Күн,
уақыт
|
Анемометрден
Алынған көрсеткіш
|
Айырмасы
К2-К1
|
Секунд саны
|
Счетчиктің 1 сек көрсеткіші
|
Желдің жылдамдығы м/сек.
|
Желдің орташа жылдамдығы
|
К1
|
К2
|
600
|
|
3900
|
4500
|
100
|
6
|
5,6
|
|
Берілген мәліметтерге сүйене отырып өз облысыңыздың бір айлық, жылдық жел розасын тұрғызып қорытынды жасаңыз.
Бақылау сұрақтары
Желдің пайда болуы?
Желдің сипатталатын көрсеткіштері?
Желдің ауылшаруашылығына тигізетін әсері?
Желдің зиянды әсерлеріне қарсы күрес шаралары?
Желдің жылдамдығын және бағытын анықтау, аспаптар?
Жел розасы, оны ауылшаруашылығында пайдалану?
14-жұмыс ҮСІКТЕРДІ БОЛЖАУ
Кейбір жағдайларда ауа райы ауылшаруашылығына мәдени дақылдарға, малдарға қолайсыз жағдайлар туғызады. Солардың әсерінен ауылшаруашылығы үлкен зиян шегеді. Мұндай жағдайларды ауылшаруашылығына қауіпті метеорологиялық құбылыстар дейміз. Оларға: үсіктер, құрғақшылық, қуаңшылық, бұршақ, нөсер жаңбыр, көктайғақ және т.б. құбылыстар жатады. Бұл құбылыстармен күрес жүргізу үшін олармен жақсы таныс болуымыз керек, пайда болу себптерін, келтіретін зияндарын және түрлерін білгеніміз жөн.
Үсік дегеніміз- өсімдіктердің вегетациялық кезеңдерінде топырақтың беткі қабаты немесе өсімдік өсіп тұрған биіктікте температураның 0С, және одан да төмен төмендеуін айтамыз.
Зертханалық- тәжірибелік сабақ № 14
Сабақтың мақсаты: Үсіктерді болжау әдістерімен танысу және сол әдістер арқылы үсіктерге болжау жасау, есептеу.
Үсіктерді болжау үшін үш әдіс пайдаланылады:
1. Ауаның ылғалдылығының өзгеруі арқылы;
2. Броуновтың ұсынған тәсілі;
3. Михайлевский тәсілі бойынша.
Ауа ылғалдылығының өзгеруі бойынша, үсікті болжау үшін ауаның ылғалдылығын сағат 21-де өлшейді. Көлбеу сызықтың бойына абсолюттік ылғалдылық қойылады. Ал тік сызықпен қиылысқан жерлерде үсік болуы ықтимал екені анықталды, бұл процентпен есептеледі (27 сурет ).
1 тапсырма. Үсікті ауаның ылғалдылығы арқылы болжау:
27-сурет. Ауаның абсолюттік ылғалдылығы (e) бойынша үсікті болжау.
Үсікті ертерек болжау үшін ауаның температурасын сағат 13.00 және 21 мезгілінде анықтайды және осы екі бақылаудағы температуралардың айырмашылығын (t) табады, бұл (t). Төмендегі график бойынша Х осі бойынша сағат 21-де температураны t, ал У осі бойынша У=t алу керек. Графиктегі екі температураның (t және сағат 21 дегі) қосылған нүктесін анықтап пайызбен көрсетілген қара сызықтар арқылы үсіктің болу ықтималдылығын анықтайды (28-сурет).
28-сурет. Броунов әдісі бойынша үсікті болжау.
19-кесте
Үсік болуы ықтимал процентін анықтау
Есеп №
|
Алқашқы берілуі
|
Есептеп берілуі
|
T13 ауаның температурасы сағ.13-те
|
T21 ауаның температурасы сағ.21-де
|
T температура айырмасы
|
Үсік болу ықтималдығы,%
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
14
|
7
|
|
|
2
|
15
|
6
|
|
|
3
|
13
|
8
|
|
|
3-тапсырма
Михайлевский тәсілі бойынша үсікті болжау. Осы тәсіл бойынша болжау үшін шаруашылықта аспирациондық психрометр болу керек.
а) Болжайтын ауаның ең төменгі температурасы келесі формуламен есептелінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |