Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары


Сейітнұр Ж., Төреханова А



Pdf көрінісі
бет60/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

Сейітнұр Ж., Төреханова А. 
(Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) 
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЭТНОФОРЛАРЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЛАРЫН 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ 
 
Бүгінде халықтардың əлеуметтік өзара əрекеттесуінде этникалық фактордың рөлін 
ешкім жоққа шығара алмайды. Түлға бойндағы «Ұлттық Мен»-ді ескермеудің қандай 
жағдайға алып келетінін еліміздің кеңестік замандағы тарихынан бəрімізге аян. Этнос 
факторы əсіресе, саясатта айқын көрінеді. Саясатта этникалық жұмылдыру (мобилизация) жиі 
қолданылады. Саясаттың этнизациялануы қазіргі əлемнің көптеген елдеріне тəн құбылыс. 
Оның мəні этникалық параметрді белсенді саяси фактор мен саясат құралына айналдыруда 
жатыр. Саясатты этностандыру əртүрлі формада жəне бағытта жүзеге асырылады. Бүгінгі 
Ресей мен Украина арасындағы соғыс, Қырымды аннексиялауы (басқа мемлекеттің аумағын 
күштеп қосып алу) этникалық факторды саясатқа қолдану көрнісі деуге болады. Орыс əлемі 
мен «отандастарды қорғау» үшін Ресей қарулы күштерінің Украина аумағына басып кіруі 
орын алды. Орыс ирредентизмін жақтаушылар Ресейден тыс орыстарды Ресей мемлекетінің 
құрамына қосуға ұмтылады. Олар идеологиялық тұрғыда этникалық орыстарды əлемдік 
тарихтағы бірегей мəдени қозғалыстың өкілдері ретінде қарастырады. Қысқасы, этникалық 
феномені бүгінде мемлекеттердің саясатын анықтайтын негізгі факторлардың біріне 
айналады. Психология ғылымы бұл құбылысты зерттеуді назардан тыс қалдырмауы керек. 
Біз өз зерттеуімде еліміздің оңтүстік аймағын мекендейтін əр түрлі этнос өкілдерінің 
құндылық бағдарларын қарастырдық. Жалпы этнопсихология саласында зерттеушілер 
«этнофор» терминін жиі қолданады. Оған сөздікте мынадай анықтама береді: «Этнофор (грек 
тілінен ethnos – тайпа, халық + итальян. fora – тыс, сыртқа, алға) – белгілі бір этникалық 
мəдениет пен ұлттық психиканың иеленушісі, жеке-дара иегері». [11.]; Этнофор белгілі бір 
этностың өкілі ретінде оның психологиялық қасиеттері мен этникалық санасының иесі боп 
табылады. Əр адамның өзінің этникалық тамыры бар, оны білу оған өзіндік бірегей болмысын 
түсіну, этномəдени жəне этносаяси əр алуан əлеміндегі орнын анықтауға мүмкіндік береді. 
Сол сияқты, əрбір этнос, əсіресе оның интеллектуалдық бөлігі əрдайым: «Бұл халық бұрын кім 
болған, бүгін кімге айналды жəне оның болашақта қандай болмақ?» деген сұрақтарға жауап 
беруге тырысады. Əрбір этнос – этникалық өзіндік санасы, психологиясы мен мəдениеті, даму 
тарихы бар, өздерін бірегей сияқты сезінетін, басқа осы тəріздес қауымдастықтардан 
ерекшеленетін адамдардың жиынтығы.
Біздің дипломдық жұмысымыздың мақсаты Оңтүстік Қазақстан этнофорларының 
құндылық бағдарларының мəнін, олардың əлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ашуды 
көздейді. Зерттеу барысында Оңтүстік Қазақстанда тұратын əр түрлі халықтардың құндылық 
бағдарларын иерархиялаудағы этникалық фактордың рөлін анықтау үшін кешенді əдістер 
жиынтығын қолдандық. Олар: М.Рокич əдістемесі «Құндылықтық бағдар»; Л.В. Янковский 
əдістемасы «Тұлғаның жаңа əлеуметтік-мəдени ортаға бейімделуі»; Г.Л. Бардиер əдістемесі 
«Толеранттылық-интолеранттылық 
түрлері 
мен 
компоненттері», 
М.Кун 
мен 
М.Макпартлендтің «Мен кіммін?» əдістемесінің модификациясы жəне т.б. Эмирикалық 
зерттеу барысында бірқатар əдіснамалық əрі əдістемелік проблемалар орын алады. Тұлғаны 
жалпы психологиялық пен əлеуметтік-психологиялық зерттеу нəтижелерімен танысу 
экологиялық валидті зерттеу инструментарийі өте маңызды екендігін байқатты. Біз бүгінгі 
таңда психология ғылымы этномəдени байланыстар жүйесіндегі индивидтің ұлттық кодты 
игеру құпиясын толық аша алды деп айта алмаймыз. 
Жеке тұлғаның құндылық бағдарлар жүйесінің құрылымы, мəні, мазмұны қандай? 
Психологиялық зерттеулерде жеке тұлғаның этномəдени əлеуметтену ерекшеліктері, ұлттық 
сипаттағы қасиеттер қаншалықты ескеріледі? Қандай базалық этникалық құндылықтар 
тұлғаның бойында көрініс табады? Бұл жерде тұлғаның мəдени-тарихи тəжірибені игеру жəне 


117 
төл мəдениетке ену тетіктерін ашу қажеттілігі айқын байқалады. Біз дипломдық 
жұмысымызда Оңтүстік Қазақстанда тұратын бірнеше ұлт өкілдерінің (қазақтар, өзбектер, 
орыстар) функционалдық құндылықтары мен құндылық бағдарларын эмпирикалық түрде 
зерттеуге тырыстық. Жалпы Оңтүстік Қазақстан этнофорларының жалпы құндылықтар 
жүйесіндегі 
этноқұндылық 
бағдарларының 
қалыптасуы 
мен 
дамуының 
негізгі 
детерминанттарын қалай анықтауға болады? Ол үшін, ең алдымен біз осы мəселеге қатысты 
психология ғылымындағы зерттеулермен терең таныстық. Əсіресе, отандық психологтар 
зерттеген еңбектерге басымдық бердік. [1-9.]; 
Этнопсихологияда этникалық жаңсақ наным мəселесін ғылыми тұрғыдан дамыту жəне 
оны шешудің тиімді жолдарын табудың маңызы зор (С.М. Жақыпов, З.Б. Мадалиева, Р.Т. 
Əлімбаева, Б Ə. Əмірова, 3М Балғымбаева жəне т.б). Осы зерттеулердің нəтижелері (сондай-
ақ бірқатар шетелдік дереккөздерді талдау) этникалық ілкі нанымды құндылық бағдарға 
байланысты боп келетінін, оны белгілі бір этностық топтың адамдарына бағытталған 
тұлғаның эмоционалдық бағалауының бір түрі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. 
Құндылық бағдарлары мен этникалық стереотиптер арасында орналаса отыра, этностық ілкі 
наным өзінің психологиялық мазмұны бойынша моноэтникалық даралық көрінісі боп 
табылады (С. М. Жақыпов). Талданатын құбылыстардың негізгі ұғымы ретінде "мағыналық 
құрылымдар" алынады, ол үш векторлы психологиялық кеңістікті анықтайтын «динамика», 
«статика» жəне «этнос» координаталарын қамтиды. 
Сондай-ақ, зерттеушілердің пікірлері бойынша, тұлға бойындағы этноқұндылық 
бағдарлардың көрінуінің əлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері жəне олардың 
құндылықтар жүйесіндегі эмпатия, этникалық сəйкестілік деңгейлерімен байланысы аса 
маңызды болып табылады. Кейбір зерттеулер қостілділіктің (билингвизм) этнофордың өзінің 
этникалық ерекшелігін сезінуіне жəне ұлттық-мəдени құндылықтарға бағдарлануына əсері бар 
делінеді [10]. Əдетте, монотілді ұлттық ортада əлеуметтенген этнофорлар урбанизация 
барысында политілді ортада өздерінің қалыптасқан мəдени құндылықтарын қайта бағалауға 
жəне өзгертуге мəжбүр болады.
Құндылық бағдарлар жүйесін қалыптастырудың алғышарты ретінде адам өміріндегі 
əлеуметтік – экономикалық жағдайларын аламыз ба əлде тек психологиялық факторларды 
ғана аламыз ба? Қайсысы əсерлі? Этностық өзіндік сананы этнофорлардың құндылық 
бағдарларының қалыптасуының детерминанты ретінде маңызды деп санаймыз. Біз 
зерттеуімізде əр түрлі этнос өкілдерінің этникалық өзін-өзі анықтауы (этностық сəйкестілігі) 
мен олардың құндылық бағдарлары арасында өзара байланысы барын эмпирикалық түрде 
тексердік. Ол үшін этнофорлардың құндылық бағдарлар жүйесінің дамуы мен қалыптасуының 
əлеуметтік-психологиялық механизмдерін арнайы сипаттау маңызды.
Жалпы адамдар топтары тілі, тері түсі, діні, мекендеу ортасы, тарихы мен салт-, дəстүрі 
жəне əсіресе мифология сияқты белгілердің əртүрлі комбинациялары арқылы өздерін 
этникалық қауымдастықтармен сəйкестендіреді. Этникалық ерекшелік көбінесе топтық 
сəйкестіктің орталық құрамдас бөлігі болып табылады. Белгілі бір жағдайларда (қақтығыс, 
əлеуметтік мəселелердің ушығуы) өз этностық тобына тиесілі болу сезімі көптеген қарапайым 
адамдар үшін басты тірекке айналады. Мұндай кезде саяси көшбасшылар өз ұстанымдарын 
ұлттық бірегейлік, ұлттық мақтаныш пен тарихи əділдік үшін күрес ретінде көрсетсе, өз 
сайлаушыларының қолдауына ие болатыны сөзсіз. Полиэтностық мемлекеттер үшін қауіп-
қатер, тəуекелдер этникалық сəйкестіктердің саясилануында жатыр. Мемлекеттің аумағы 
тұтастығы туралы мəселе өзінің барлық өзектілігімен осы жерде туындайды. 
Біздің зерттеуімізде этнофорлардағы этноқұндылық бағдарлардың қалыптасуы мен 
дамуының ерекшелігі жəне оның дамуы мен өзгерісінің психологиялық аспектісі жан-жақты 
қарастырылды. Этнофорлардың құндылық бағдарлар жүйесіндегі характерологиялық 
тенденциялар немесе ерекше белгілер бар ма, егер бар болса оны қалай анықтаймыз? 
Тұлғаның тұрғылықты жері мен төлмəдениеттену жағдайы (инкультурация) этнофордың
құндылық бағдарлары мен этникалық ерекшелігі туралы түсініктерін анықтайтыны белгілі 
болды. Этнофордың (яғни, белгілі бір этномəдениет пен ұлттық психиканың жеке иегері боп 


118 
табылатын этнос өкілі) құндылық бағдарларын қарастыруда этностың өзіндік тарихын, оның 
этномəдени ерекшеліктері, əлеуметтенуі мен төлмəдениеттенуі (инкультурация), ұлттық ділі,
этностық сəйкестілік жəне т.б.мəселелерін айналып өту мүмкін емес. Этнопсихология 
саласындағы зерттеулер тұлғаның онтогенездегі тілдік ортаның этнофор бойында көрші 
этностық топтың этносəйкестігі мен мəдени шекарасы туралы көзқарасына əсері барын 
растайды. Этнофордың тілдік ортадағы алғашқы əлеуметтенуі оның болашақтағы этникалық 
өзіндік ерекшелігін алдын ала анықтайды. Этностық ілкі нанымдар балалық шақта қалыптаса 
бастайды. Біртекті орта этникалық мінез-құлық стереотипіне сəйкес келетін дəстүрлі 
құндылықтар мен нормаларды, соның ішінде конформизмге жəне тəртіпке бейімделуді 
өздігінен жаңғыртуға қабілетті. 
Біз зертеуімізде осы аспектілерді мүмкіндігінше қамтуға тырыстық. 
Біздің зерттеу нысанымыз этномəдени байланыстар мен қатынастар жүйесіндегі жеке 
тұлға боп табылады. Зерттеу пəні - Оңтүстік Қазақстан этнофорларының құндылық 
бағдарларының əлеуметтік-психологиялық сипаттамалары мен ерекшеліктері. Зерттеудің 
негізгі болжамы: этномəдени байланыстар мен қарым-қатынастар жүйесіндегі этнофордың 
құндылық бағдарлары жеке тұлғаның сипатын жəне этностың тұтастығы мен бірегейлігін 
анықтайтын жүйеқұраушы бөлік болып табылады. 
Жалпы болжам келесідей жеке болжамдардан тұрады:
- Оңтүстік Қазақстан этнофораларының құндылық бағдарларының əлеуметтік-
психологиялық заңдылықтары, детерминанттары, механизмдерін жəне сипаттамаларын 
анықтау оларға тəн ерекшеліктер барын көрсетеді; 
- жеке тұлғаның санасындағы этноқұндылық бағдарлар негізінен этнофор бойында 
сақталады жəне сол этностың ерекшеліктерін (даралығын) анықтайды ; 
- құндылық бағдарлардың қалыптасуы жеке тұлғаның инкультурация барысындағы 
этноқұндылық бағдарларды ассимиляциялау, сақтау, қолдану жəне дамуы процесі ретінде 
көрінеді жəне ақыр аяғында этномəдени құндылықтар жеке-тұлғалық құндылықтарға 
айналады; 
- əлеуметтiк-мəдени жəне əлеуметтiк-экономикалық өзгерістер орын алғанымен негiзгi 
этностық құндылықтар тұрақты сақталады жəне бұл этникалық сəйкестiлiктiң жəне ұлттық 
салт-дəстүрдің болуына байланысты. 
Жалпы тұлғаның этностық өзіндік санасын этнофорлардың құндылық бағдарларының 
қалыптасуының детерминанты ретінде қарастыруға болады. Тұлғаны қалыптасуындағы 
қоғамдық-əлеуметтік қарым - қатынастардың рөлі құндылық бағдарларға тікелей байланысты. 
Б.Д. Парыгина, Г.М. Андреева, А.И. Донцова, Л.И. Анцыферова, В.С. Мухина, А.А. Бодалева, 
Г.Г. Дилигенский, В.Г. Алексеева сынды ғалымдардың зерттеу жұмыстарында бұл аспект 
қарастырылған. «Бөтен» мəдениетке, тілге деген толерантты көзқарастың қалыптасуына жəне 
сонымен бірге «өзінің» халқына деген құрметтің қалыптасуына əсер ететін не нəрсе?. Оңтүстік 
өңірлер мегаполистерге қарағанда дəстүрлі жəне консервативті құндылықтарды сақтауға жəне 
жаңғыртуға қабілетті ерекше əлеуметтік-мəдени орта болып табылады деп саналады. 
Бүгінгі таңда құндылықтық бағдарлар түсінігі психологиялық феномен ретінде 
мойындалды. Тұлғалардың құндылықтық - семантикалық саласын зерттеу мəселесі əр түрлі 
сатыда теориялық талдау мен зерттеу интеграциялық ғылыми пəндердің ұғымдары мен 
əдістемелік негіздерін қолдану қажеттілігін туғызады. Тұлғалардың құндылық-семантикалық 
бағыта екі негізгі құрамдас бөлікті қамтиды. Олар: құндылық бағдарларды жəне тұлғалық 
мағыналар жүйесін қамтиды. Екі компонент те тұлға ұғымымен тығыз байланысты, себебі, 
құндылықтық бағдарлар тұлғаның мінез-құлықтары мен мотивтерін зерттеумен тығыз 
байланысты.
Психология ғылымындағы тұлғаны интерпретациялаудағы айырмашылықтарға 
қарамастан, құндылықтар жетекші тұлғалық қасиет ретінде бағдарланады. Əртүрлі 
концепцияларда бұл қасиет əр түрлі түрде ашылады: «Басты өмірлік бағдар» (Б. Г. Ананьев), 
«Динамикалық тенденция» (С. Л. Рубинштейн), «сезімді қалыптастырушы мотив» (А. Н. 
Леонтьев), «Бастылық қатынастар» (В. Н. Мясищев). Б. Ф. Ломовтың тұжырымдамасы 


119 
бойынша, құндылықтық бағдарлар тұлғаның психологиялық құрылымын анықтайтын жүйе 
құраушы қасиеті ретінде əрекет етеді. 
Этникалық (ұлттық) құндылықтар – қандай бір этникалық қауымдастықтардың 
өкілдерінің тарихи болмыстарын қамтитын рухани мұраттарының жиынтығы болып 
табылады. Этникалық құндылықтар бір этнос өкілдерінің мінез-құлықтарының əлеуметтік 
жəне нормативтік-мəдени аксиомалары ретінде өз қызметтерін атқарады [11]. Этникалық 
құндылықтар – этностың тарихи-мəдени болмысын белгілейтін ең ерекше белгілер ретінде, 
этностың өз - өзімен ерекшеленетін мəдени дəстүрлерінің жиынтығы ретінде сипатталады. 
Этникалық құндылықтар (этноқұндылықтар), біздің ойымызша, этникалық топқа жату, 
этносты сақтау, этностың дəстүрлері мен негіздерін сақтау құндылықтары ретінде 
өрнектеледі. Этникалық құндылықтар - бұл неғұрлым жеке, индивидуалды, спецификалық 
құндылықтардан жоғары орналасқан, мазмұны серпінді жəне ситуациялық метақұндылықтар 
болып табылады. Этникалық құндылықтар бір шетінен этносты этнофорлармен, екінші 
жағынан, этносты басқа адамзат қауымдарымен – этникалық топтармен, этникалық 
жүйелермен, топтармен байланыстыратын делдал позициясын қарастырады. Сонымен қатар, 
этноқұндылық бағдарларды жеке тұлғаның құндылық бағдарлар жүйесінде жүйені құраушы 
құндылық өзіндік сананың нақты детерминанттары деп санауға болады. 
Біздің зерттеуімізде Оңтүстік Қазақстан облысының халықтарының этноқұндылық 
бағдарларының құрылымдық құрамдас бөліктерінің негізгі сипаттамалары мыналар: 
- тұлғааралық қарым-қатынас құндылықтары (үлкенге құрмет, ата-ананы құрметтеу, ата-
ана мен бала қарым-қатынасы, ер-əйел, үлкен-кіші, үлкен-бала, т.б.); 
- ұжымшылдық құндылықтары (халық, ру, отбасы, өзара көмек, өзара қолдау жəне т.б.); 
- сенімділік құндылықтары (мəдениет, ар-намыс, ар-ождан, тіл, дін, нормалар, дəстүрлер, 
əдет-ғұрыптар, жоралғылар, таулы жерлердің моральдық-адамгершілік кодексі жəне т.б.).
Этнофорлардың əлеуметтенуі мен төлмəдениеттенуінің əлеуметтік-психологиялық 
детерминанты этникалық құндылықтар жүйесі, этнос мүшелерінің ұжымдық өмірінің тарихи 
əлеуметтік тəжірибесі болып сипатталады. Құндылықтық бағдарлары – тарихи дамудың 
белгілі бір кезеңіндегі қоғам құндылықтарының тұлғаның, əлеуметтік топтың психикасы мен 
санасындағы ерекше субъективті, дараланған жəне мотивті көрініс. Құндылық бағдарлары 
индивидке, топқа əлеуметтік шындық объектілері мен мінез-құлық мотивтерін ол үшін 
маңыздылығына қарай дəрежелеуге жəне өз мақсаттарына жету үшін белгілі бір ынталандыру 
ретінде əрекет етуге мүмкіндік береді. Жеке тұлғаның құндылықтық бағдарлары оның ішкі 
əлемінде қоршаған айналадағы шынайылықпен байланыстыра отырып, күрделі көп деңгейлі 
иерархиялық жүйені құрайды. 
Қазақстан Республикасының егемендігі жарияланғаннан кейін əлеуметтік - 
экономикалық жəне саяси өмірінде орын алған түбегейлі өзгерістер республиканың 
демографиялық бейнесіне өздігінше өз əсерін тигізді. Оның үстіне, көптеген жағдайларда олар 
халықтың сандық жəне сапалық сипаттамаларының, оның аумақтық орналасуының жəне 
сыртқы өзгерістерінің өзгеруінен көрінетін өтпелі кезеңнің теріс жəне оң тенденциялары 
сияқты жəне ішкі көші-қон процестері жиынтықта олардың ықпалы болды.
Қазақстан халқының жалпы саны 2021 жылғы 8 желтоқсандағы санақ бойынша 19 169 
550 адамды құрады. Оның үстіне қазақтардың үлесі 2021 жылдың басына қарай 13 миллион 
адамнан (69,01%) асты. Бұған Ұлттық статистикалық бюроның жыл сайынғы бюллетеньдегі 
мəліметтері дəлел [12]. 2021 жылдың басында қазақстандықтардың саны 264 406 адамға өсті. 
Көпшілігі Түркістан (1,5 миллионнан астам) жəне Алматы (1,5 миллионнан астам) 
облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (1,2 миллионнан астам) тұрады. 
Оңтүстік Қазақстан – еліміздің халқы ең тығыз орналасқан аймағы. Қазақстан Ұлттық 
экономика министрлігінің Статистика комитетінің мəліметі бойынша, халық саны 2 044 551 
адам (2021), яғни (9,23%, 2 орын). Түркістан облысында 2021 жылғы жеке этностар бойынша 
халқының саны: қазақтар (75,83%), өзбектер (17,31%), тəжіктер (1,88%), орыстар (1,69%) 
жəне басқалары (3,29%). Өзбек этникалық тобының өсуі де атап өтіледі - 2020 жылдан бері 
олардың саны 15 мыңнан астам адамға өсті [13; 14]. 


120 
Сонымен, өз зерттеу жұмысымызда Түркістан облысы бойынша этнофоралардың 
құндылықтық бағдарларынының ерекшеліктерін теориялық жəне эмпирикалық тұрғыда 
зерттедік. Түркістан облысы тұрғындары материалы бойынша өзбек, орыс, қазақ ұлттарының 
құндылықтық бағдарларын қарастырдық. Құндылықтық бағдарлар тұлғаның ішкі 
құрылымының ең маңызды элементі екенін сипаттай кеткен жөн. Құндылықтық бағдарлар 
адамның мінез-құлқының мотивациясын анықтайды жəне оның қызметінің барлық 
аспектілеріне айтарлықтай əсер етеді. Зерттеу көрсеткендей, əр этнос өкілдерінің 
этноқұндылықтық бағдарларының сол ұлтқа сəйкес өзіндік ерекшеліктері бар . 
Қорытындылай келе, Оңтүстік Қазақстан этнофорларының құндылық бағдарларында 
өзіндік психологиялық ерекшелік бар деген түйінге келдік.
Əдебиет 
1. 
Алимбаева Р.Т. Исследование этнических предубеждений у детей младшего школьного возраста в 
процессе обучения. Автореф. дисс. … канд. психол. наук. Алматы, 2001. 
2. 
Аманова И.К. Особенности самоактуализации личности в зависимости от этнокультурной 
идентичности. Автореф. дисс. … канд. психол. наук. Алматы, 2004. 
3. 
Амирова Б.А. Изменение этнических предубеждений в процессе обучения. Автореф. дис. ... канд. 
психол. наук. Алматы, 1998. 
4. 
Балгимбаева З.М. Роль семьи в возникновении половых этнических предубеждений у детей: Автореф. 
дисс. … канд. психол. наук. Алматы, 2002. 
5. 
Джакупов С.М. Экспериментальные исследования этнопсихологических особенностей личности // 
Вестник КазНУ. Серия психологии и социологии. 2002. № 2 (9). С. 5–11. 
6. 
Джакупов С.М., Мадалиева З.Б. Становление экспериментальной этнопсихологии в Казахстане // 
Экспериментальная психология. 2009. Том 2. № 2. С. 128–135. 
7. 
Жукешева Ж.Д. Психологический феномен этнокультурной маргинальности в контексте 
трансформации этнической идентичности. Автореф. дисс. … канд. психол. наук. Алматы, 2005. 
8. 
Комекбаева Л.К. Психологические особенности этнического самосознания учителей. Автореф. дисс. 
... канд. психол. наук. Алматы, 2002 
9. 
Қалымбетова Э.К., Баймолдина Л.О.. Құндылықтық бағдарлардың студент тұлғасына əсерінің 
психологиялық ерекшеліктері/ Вестник КазНУ. Серия психологии и социологии. №4 (35). – Алматы: Қазақ 
университеті, 2010. – 124с. 
10. 
Уталиева Ж.Т. Язык как фактор этнической идентичности: Автореф. дис. ...канд. психол. наук. М., 
1995. —24 с. 
11. 
Этнопсихологический словарь. — М.: МПСИ. В.Г. Крысько. 1999. 
12. 
Основные социально-экономические показатели. www.stat.gov.kz. Сайт Бюро национальной 
статистики (1 октября 2021). Дата обращения: 8 декабря 2021. 
13. 
https://informburo.kz/novosti/dolya-kazaxov-v-etniceskom-sostave-naseleniya-kazaxstana-sostavlyaet-
pocti-70
14. 
http://adym.kz/28848/t-rkistan-oblysy-adam-sany-bojynsha-2-orynda


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет