“Аударма” баспасы



бет5/8
Дата31.03.2023
өлшемі5.54 Mb.
#471452
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Аударма

«Идиот» романы

Ф.М. Достоевскийдің Еуропаға саяхатқа шыққан кезінде жазылды және ол 1868 жылы жарық көрді. Сондықтан да романда XIXғасырдағы Ресей мен Еуропадағы өмір суреттеледі.

«Ағайынды Карамазовтар»

Нияз Сыздықов Ф.М. Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтар» романын алты жыл ішіндеаударып шықты. Романның аудармасы объективті себептермен он шақтыжылдан соң ғана жарық көрді. Ол 2004 жылы «Мәдени мұра» мемлекеттікбағдарламасы бойынша Астанадағы «Аударма» баспасынан басылып шықты.«Ағайынды Карамазовтар» Ф.М. Достоевский шығармашылығының шоқтығыретінде саналса, ал оның қазақ тіліндегі аудармасы да майталманаудармашының қажырлы еңбегінің жемісі болып табылады.

Романдағы князь Мыщкиннің сипаттамасы:

Түпнүсқа мәтін:«Обладатель плаща с капюшоном был молодой человек, тоже лет двадцатишести или двадцати семи, роста немного повыше среднего, очень белокур,густоволос, со впалыми щеками и с легонькою, востренькою, почтисовершенно белою бородкой. Глаза его были большие, голубые и пристальные;во взгляде их было что-то тихое, но тяжелое, что-то полное того странноговыражения, по которому некоторые угадывают с первого взгляда в субъектепадучую болезнь. Лицо молодого человека, было, впрочем, приятное, тонкое исухое, но бесцветное, а теперь даже досиня иззябшее»

Аударма мәтін:

«Жалбағайлы плащтың иесі жасы жиырма алты, жиырма жетілершамасындағы, сұңғақтау келген, аққұба, қалың шашты, жағы суалған, сирек,ақселеу сақалды жігіт еді. Үлкен көк көздерімен қадала қарайды; жанарындамүләйімсіген, зілдей, таңқаларлық бірдеңе бар; мұндайлардың тұнжырағанкөздерін көргенде кейбіреулер мына байғұстың ұстамалы ауруы жоқ па екендеп іштей күдіктеніп та қалады. Әйтсе де, жігіттің қуқыл тартқан, жұқалаң,сүйкімді бет-жүзі, суық сорған соң, онан сайын бозарып кеткен»

«Лицо молодого человека, было, впрочем, приятное, тонкое и сухое, нобесцветное, а теперь даже досиня иззябшее» деген соңғы сөйлемді аудармашы«Әйтсе де, жігіттің қуқыл тартқан, жұқалаң, сүйкімді бет-жүзі, суық сорған соң,онан сайын бозарып кеткен» деп, түпнұсқадағы кейбір сөздердің орын тәртібінөзгертіп, қазақ тілінде жатық шығуына көбірек мән береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет