мұнда: а – титрлеуге кеткен гипосульфит миллилитрлерінің
саны; 2 – зерттеуге арналған әк ертіндісі миллилитрінің саны; 0,355 –
1 мл гипосульфит ертіндісімен
байланысқан белсенді хлордың
мөлшері, мг; 10 – белсенді хлордың миллиграмдарын берілген
шарттарда пайыздық мөлшерге айналдыратын көбейткіш.
Есептеу барысы: 2 мл 1 %-ды хлорлы әкті титрлеуге 16,8 мл
0,01 н гипосульфит ертіндісі шығындалды.
Белсенді хлордың
мөлшері: х = ( 16,8 · 0,355 · 10) : 2 = 29,8 % тең болады.
4.5.2 Берілген су көлемі үшін қажетті хлорлы әк ертіндісінің
санын анықтау
Шаруашылық жағдайларда суды хлорлау үшін хлорлы әктің
қажетті санын келесі жеңілдетілген әдіспен анықтайды.
Зерттелген суды колбаларға әрбіреуіне 100 мл-ден құяды. Содан
кейін әртүрлі мөлшерде 1 %-ды хлорлы әк ертіндісін: бірінші колбаға
– 0,5 мл, екіншіге – 0,6 мл, үшіншіге – 0,7 мл және төртінші колбаға –
0,8 мл құяды. Ертіндіні суға қосқаннан кейін араластырып, хлормен
жанасуы үшін 1,5-2 сағатқа қалдырады.
Содан кейін әрбір колбаға 5 тамшыдан 25 %-ды күкірт
қышқылын, 5 тамшы 1 %-дық крахмал ертіндісін, 3 тамшы 5 %-дық
йодты калий ертіндісін қосып, шыны таяқшалармен араластырады.
Әрбір төрт колбада судың түсі біркелкі болмайды. Белсенді хлор
толығымен органикалық заттардың тотығуына жұмсалған колбада су
түссіз болады. Артық хлоры бар колбаларда су көк түске боялады.
Суға хлордың қажетте мөлшері
қосылған колбада су көгілдір
түске боялады. Мысалға: 0,6 мл 1 %-ды хлорлы әк құйылған су
сынамасында көгілдір түс пайда болды делік, яғни бір литр құдықтағы
суды зарарсыздандыруға 6 мл 1 %-ды
хлорлы әк ертіндісі қажет
болады деген сөз. Құдықтағы, су қоймасындағы, цистернадағы су
мөлшерін біле отырып, хлорлы әк ертіндісінің қажетті санын немесе
белсенді хлордың миллиграммдарын есептеу оңай болады.
Достарыңызбен бөлісу: