Құралдар мен қоректік орта: термостат, 1 л әлсіз сілтілі ет-
пептонды сорпадан, 12,5 г манниттен дайындалған Булир ортасы, 6 мл
1%-ды нейтральрот бояуы ертіндісі.
Ортаны колбалар
мен пробиркаларға құяды, олардың ішіне
түбін жоғары қаратып, ұсақ пробиркалар (газовкалар) салады.
Анықтау барысы: Сумен қамтамасыз ету көздерінен стерильді
ыдысқа алынған зерттелетін суды зертханаға жылдам жеткізеді, онда
оны колбалар мен пробиркаларға себеді. Салыстырмалы таза құбыр
суын, көркейтілген құдықтардан, артезиан ұңғымаларынан 10, 25, 100
мл көлемінде алынған сынамаларды 1 және 5 мл
мөлшерде
пробиркаларға себеді.
Ашық сулардан алынған суды болжамды ластануына
байланысты пробиркаларға 0,01; 0,1; 0,2; 0,5; 1 мл немесе 0,001; 0,01;
0,1; 1 мл (стерильді суда сұйылту арқылы) мөлшерде себеді. Себілген
су мен қоректік ортаның арақатынасы 2 : 1 болуы қажет.
Пробирка немесе колбаны сілку арқылы себілген ортамен
салынған ұсақ пробиркалардың (газовкалардың) бүкіл көлемін
толтыруға тырысып, суды ортамен жақсылап араластырады.
Себіндіні 45
о
С 24 сағатқа термостатқа қалдырады.
Нәтижелерді есептеу: Ішек таяқшасының
өсуі мен тіршілігі
әсерінен маннит газ түзіп ыдырайды, ол газовкадан жақсы байқалатын
көпіршік ретінде көрінеді, соның салдарынан газовка тігінен
орналасып, біршама қалқиды.
В. Coli өсуі барысында ортада қышқылдар жиналады, олар
ортаның түсін қызылдан сарыға өзгертеді.
Орта түсінің өзгеруі және газ түзілуі бойынша ішек таяқшасы
табылған
судың ең аз көлемін анықтайды, бұл көлемді коли-титрге
санайды, ол табылған су мөлшері неғұрылым аз болса, соғұрылым су
ластанған деп саналады.
Коли-индексті ішек таяқшасының титрі бойынша есептейді:
1000 / коли-титр.
Достарыңызбен бөлісу: