Қазіргі кезде көбінесе суды хлорлайды, ол үшін хлорлы әкті
және хлорды (хлор суымен) қолданады. Хлорлы әкті әк сүті арқылы
газ тәрізді хлорды өткізу арқылы алынады.
Судың ластану дәрежесіне
байланысты белсенді хлордың
мөлшері, 0,5 тен 25 мг/л және одан жоғары ауытқиды. Белсенді
хлордың суға әсер ету уақыты да әртүрлі: 15-20 минуттан 1-2 сағатқа
дейін болады және судың хлор қажеттілігіне, микроағзалар болуына
және суды зарарсыздандырудың қаурыттығына байланысты.
Хлорлы әктің белсенді бөлігі
кальций гипохлориды болып
табылады, ол сумен әсерлескенде хлорлылау қышқыл түзіп
ыдырайды. Соңғысы бөліну кезінде стерильдеуші әсер көрсететін
хлор мен оттегіне ыдырайды.
Ауадағы көмірқышқылдың,
ылғалдың, жарық пен жоғары
температураның әсерінен хлорлы әк белсенді хлорды жоғалтады да
оның дезинфекциялаушы қасиеті күрт төмендейді.
Сондықтан суды
хлорлау кезінде хлорлы әктегі белсенді хлордың мөлшерін білу қажет.
Жақсы хлорлы әкте 35-32 % белсенді хлор болады. Белсенді
хлор 20% төмен болса, хлорлы әк суды
зарасыздандыруға қолдану
үшін жарамсыз деп саналады.
Достарыңызбен бөлісу: