Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы



Pdf көрінісі
бет40/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   79
Зоогигиена каз китап

4.5.3 Суды дехлорлау
Суды хлордың жоғары мөлшерімен зарарсыздандыру міндетті
түрде дехлорлауды қажет етеді. Суды гипосульфитпен
хлорсыздандырудан кейінгі қалдық хлордың мөлшері 0,3-0,5 мг/л
болатындай етіп есептеп, дехлорлайды. Хлорланған суда хлордың иісі
мен дәмі болмауы керек.
Анықтау барысы: Колбаға хлорланған 0,5 л суды алады да оған
1 мл 5 %-ды йодты калий, 1 мл 1 %-ды крахмал ертіндісін қосады да
0,01-н гипосульфит ертіндісімен көк түс жойылғанша титрлейді.
65


Гипосульфиттің қажетті мөлшерін есептеу келесі формуламен
жүргізіледі:
х= ((а · 2 · 0,355) – 0,5) / 0,355 · 2,48
мұнда: х – 1 л зерттелетін судағы артық (рұқсат етілетін
мөлшерден артық) хлор мөлшерін дехлорлауға гипосульфиттің
қажетті саны (мг); а – 0,5 л судағы артық хлорды титреуге кеткен
гипосульфит ертіндісінің мөлшері, мл; 2,48 – 1 мл 0,01-н
ертіндісіндегі гипосульфиттің мөлшері, мг; 0,5 – 1 л судағы белсенді
хлордың рұқсат етілетін мөлшері, мг.
35-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу
Су
сынамасы
Белсенді
хлордың
пайыздық
мөлшері
Хлорлы әк
ертіндісінің
қажетті саны
Хлорсызданған артық
хлор үшін
гипосульфит мөлшері,
мг
1
2
3
4
5
4.6
 Суды санитарлық-бактериологиялық
және
гельминтологиялық зерттеу
Жұмыстың мақсаты: Судың микробтық және гельминттық
ластануын анықтау әдістерімен; берілген құрамды бөліктерінің ауыз
судағы мөлшері бойынша нормативтік талаптармен танысу.
Беткі, тіпті жер асты су көздерінің сулары кәсіпорындардың,
елді мекендердің, мал шаруашылығы нысандарының қалдық
суларымен ластануы мүмкін. Мұндай жағдайда су жұқпалы
аурулардың таралу және адам мен жануарлардың улану факторы
болып табылады.
Суды санитарлық-бактериологиялық бағалауда қолда бар
стандарттың талаптарын ескереді, онда эпидемиологиялық тұрғыдан
судың қауіпсіздігі жанама көрсеткіштермен анықталатыны арнайы
көрсетілген. Бұл жалпы бактериялық ластану дәрежесі мен ішек
таяқшасы тобының бактериялары мөлшері. Осыдан келе,
бактериялардың жалпы мөлшері 1 мл ештеңе қосылмаған суға 100
66


көп емес, 1 л судағы ішек таяқшасының саны (коли-индекс) үштен көп
емес, ал коли-титр 300 мл кем емес болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет