Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


Азықты санитарлық-гигиеналық тұрғыдан бағалау



Pdf көрінісі
бет46/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   79
Зоогигиена каз китап

5 Азықты санитарлық-гигиеналық тұрғыдан бағалау
Азық сапасы мен құндылығын бақылау малдәрігері мен
зооинженердің міндетіне енеді. Мал мен құсты құнды әрі сапалы
азықпен қамтамасыз ету сапасыз азықпен азықтандыру және
азықтандырудың тәртібі мен ережелерінің бұзылуы нәтижесінде пайда
болатын асқорыту мүшелерінің, орталық жүйке жүйесі мен жүрек
қантамыр жүйесінің ауруларының алдын алу үшін негіз болып
табылады. 
5.1 Қатаң азықтарды зоогигиеналық бағалау
Жұмыстың мақсаты :
1) қатаң азықтардың сапалық бағалау әдістермен танысу.
2) қатаң азықтардың сапасын зертханалық және
органолептикалық бағалауды жүргізу.
3) кестелер және гербарийлерді пайдалана отырып, улы және
зиянды өсімдіктерді анықтау.
5.1.1 Қатаң азықтың орта сынамасын алу
Шөп пен сабанның орта сынамасын жануарларды
азықтандырардан бұрын, 10 күннен кешіктірмей алады.
Жаншылмаған шөптің бір реттік сынамасын (әрбір жерден 200-250 г)
қолмен немесе сынама алғыш құралмен алады. Салмағы 25 т
жаншылмаған шөптің партиясынан 20 бір реттік сынама, әрбір 5 т – 4
бір реттік сынама алады. Жаншылған шөп партиясынан теңнің 3 %
сынама алады. Әрбір таңдалып алынған жаншылған шөп теңінен бір
реттік сынамалар алады. Ол үшін теңнен сымды немесе жіпті шешеді,
содан соң байқап, шөптердің жарылып, қиқымдалмауы үшін және
әрбір теңнен бір қабат алады: бірінші теңнің - үстіңгі қабатын,
екіншінің – келесі қабатын және т.с.с. Жалпы сынама салмағы
жағынан біршама үлкен болуы мүмкін. Мұндай жағдайда шөп немесе
сабанның орта сынамасын алу үшін, барлық бір реттік сынамаларды
2х2 м көлеміндегі брезентке орналастырып, біріктіреді, және
өсімдіктер сынуын және қиқым түзілуін болдырмай байқап
араластырады. Содан соң талдау үшін салмағы 1 кг кем болмайтын
үлгі алады, ол үшін кем дегенде 10 әртүрлі жерден брезентте
араласқан шөптен 90–100 г болатын шоқтар алады. Мұнда
75


араластыру кезінде пайда болған қиқымды және өсімдіктердің ұсақ
бөліктерін де орта сынамаға қосады .
Шөп немесе сабанның орта сынамасын тығыз қағазға
өсімдіктерді сындырып алмау үшін орайды, шаруашылықты, ауданды,
облысты, егістік және учаске нөмірлерін, шөптердің ботаникалық
құрамын, олардың өсіп-өну фазасын, шабу мерзімін, дайындау
технологиясы және сақтау тәсілін, мая (қойманың) нөмірлерін, сынама
алу мерзімін көрсетіп, этикетка жапсырады. Этикеткада сынамаларды
дайындау, сақтау және алынуына жауапты адамдардың қолдары
қойылуы тиісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет