Талдау үшін сынаманы
траншеядан жануарларды
азықтандыруға 10 күн, мұнарадан – 5 күннен кешіктірмей, бірақ
сүрлем (пішендеме) сақтауға қойылуынан және консервілену үрдісінің
аяқталуынан 4 аптадан ерте емес алады.
Траншея мен мұнаралардан сынама алу үшін әртүрлі
конструкциялы қол сынама алғыштарын қолданады.
Траншеялардан сынаманы 2 м кем емес тереңдікте сүрлем
немесе пішендеменің қабаты 2 ден кем болған жағдайда сынаманы
қабаттың бүкіл тереңдігінен алады.
Мұнарадан сынаманы алдымен
жоғарғы 2-метрлік қабатынан, ал ойып алғаннан кейін– пішендеменің
қалған бөлігінен 2 м кем емес тереңдікте алады.
Траншеялардан үш нүктелі сынама алады, біріншісін
құрылыстың беткі қабырғаларынан 5 м
ара қашықтықта еңкейген
бөлімінің біреуінен ортасынан алады; екіншісін– тік қабырғалы
траншеялардан 0,5 м
қашықтықта, ал еңкейген қабырғалы
траншеяларда қабырғаларының бірінен 1 м қашықтықта ортаңғы
бөлігінде
траншеяның ұзындығымен; үшіншіні траншея ортасынан
алады. Сүрлемнің (сенаждың) әрбір нүктелі сынамасын
полиэтилендық пленкадан жасалған бөлек пакеттерге орналастырады.
Траншеялардан алынған сүрлем
мен пішендеме сынамаларын
араластырады да квадратты бөлу әдісімен азықтың бір бөлігін
талдауға алады (1 кг шамасында).
Тығыз полиэтилендық пленкалы пакетке немесе герметикалық
жабылатын қақпақты банкілерге орналастырылған сүрлем (сенаж)
сынамасына 1:1. арақатынаста 5 мл хлороформ мен толуол қоспасын
қосады. Консервантты сынаманың үстіңгі жағынан,
ортасына және
түбіне енгізеді. Сынамасы бар пакетті ауасын алдын ала ығыстырып
байлайды, банкілер азықпен толық толтырылған болуға тиісті.
Сүрлем (сенаж) сынамасы зерттеуге алынған сәтінен кейін 24
сағат ішінде түсуге тиісті. Талдау басына дейін сынамаларды
мұздатқышта сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: