Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


Дәнді органолептикалық бағалау



Pdf көрінісі
бет54/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   79
Зоогигиена каз китап

5.3.2 Дәнді органолептикалық бағалау
Дәннің түсін күңгірт қағазда шашыраңқы жарықта жарық күн
сәулесінен алыста күндіз анықтайды.
Қалыпты сапалы дәннің түсі түрі мен сортына байланысты
ашық - сары, сары немесе күңгірт - сарыға боялады және өзіне тән
жарқылы болады. Суланған дән күңгірт бетті сұрлау немесе қоңыр
түске ие болады. Сұлы қабыршақтарының жасыл түсі оның піспегенін
көрсетеді.
Иісін дәндердің аздаған мөлшерін алақанға салып, деммен
жылыта отырып анықтайды. Иісті дәнді 60
0
температуралы суы бар
84


стаканға салып, шыны астында 2-3 минут ұстап, содан соң суды төгіп
тастап анықтауға болады. Сапалы дәннің өзіне тән иісі болады. Дәнде
ұзақ сақтау кезінде шіру бактериялары дамиды да, оған қамбалық иіс
береді. Егер дән аз зақымдалса, оны сапалылығы төмендемейді, ал иісі
желдетумен жойылады, егер дән терең зақымдалса, дән кетпейтін
борсыған және шіріген иіске ие болады.
Дәнде қаракүйе споралары
болса, тұздалған балық иісі байқалады (триметиламин), дәндерді
тышқан араласа– тышқан иісі пайда болады. Дәндерді қамба кенелері
зақымдаса, ол «балды» иіске ие болады. Дән кез келген иістерді жеңіл
қабылдау қасиетіне ие, сондықтан оны бөлек, өткір иісті заттардан
(химреактивтер, жанар жағар материалдардан, дәрі-дәрмектерден)
алыста сақтау керек.
Дәннің балғындығы. Балғын дәнде әрбір түрге тән
қабыршақтардың жарқылы болады. Күңгірттігі, боялуының теңбілдігі,
ұш жақтарының қарауытуы нашар жинауды, сақтауды және көгеру
дамуын көрсетеді. Қабығының күңгірттенуі дәннің зиянды
жәндіктермен зақымдалуында байқалады.
Дәннің дәмін әбден шайнап анықтайды. Балғын дәннің сүтті -
тәттілеу дәмі болады және ауызда жабысады. Ұзақ сақталынған,
сақтау кезінде бүлінген және бізтұмсықпен зақымдалған дән ащылау
дәмге ие болады. Өткір, улы және шіріген дәмді дән малдарға беруге
жарамсыз.
Ылғалдылық. 
Дәннің бүлінуі көбінесе оның жоғары
ылғалдылығынан болады. Дымқыл дәнде органикалық заттардың
ыдырау үрдістері жылдам жүреді, әртүрлі микроағзалар мен зең
саңырауқұлақары жеңіл әрі қарқынды дамиды.
Дәннің шамалы ылғалдылығын дәнді қақ ортасынан кесу
арқылы анықтайды. Құрғақ дәндердің жартылары ыршып түседі, ал
қысқанда– жарылады (ылғалдылық 15 %). Дымқыл дән (20 %)
пышақпен еркін кесіледі. 20 % жоғары ылғалдылықты дән кесу
кезінде мыжылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет