Минералды қоспаларды анықтау. 20 г ұнды немесе кебекті тар,
биік цилиндрге салады, оны үш ширекке дейін сумен толтырады да
жақсылап араластырады. Лай суды ақырындап төгіп, таза су құяды.
Жуу операциясын төгілетін су
әбден тазарғанша бірнеше рет
қайталайды. Бейорганикалық қоспалардан тұратын тұнбаны кептіреді
және өлшейді.
Кенелерді табу. Ұн немесе
кебек сынамасын қағазға жұқа
қабатпен шашады да лупа астында анықтап қарайды. Тірі және өлген
кенелердің болуына қарай жемшөптің зақымдалуын анықтайды.
Қышқылдық. Азықтың жоғары қышқылдығы оның бүлінуін,
ақуыздардың, майлардың және
көмірсутектердің органикалық
қышқылда түзіп ыдырауын көрсетеді. Қышқылдықты анықтау үшін
сыйымдылығы 50 мл болатын конус колбаға 25 г құрама жем салады,
250 мл дистиллденген су құяды, колбаны тығынмен жабады және 10
минут бойы шайқайды. Содан кейін колбаны 35 минутқа үстелге
қояды, 3-4 минут сайын оны оқтын-оқтын шайқап отырады. Содан соң
сұйықтықты таза колбаға сүзеді. Сыйымдылығы 100 мл
болатын
химиялық стаканға өлшегіш тамызғышпен 25 мл фильтратты қосады
және 0,1 н күйдіргіш натрий
немесе калий ерітіндісімен
фенолфталеин индикаторын қосып титрлейді. Қышқылдықты
градуспен береді, формуламен есептеп шығарады:
К = (а · п · 40 ) : 10 немесе К = 4 · а · п
мұнда: К – қышқылдық градусы; а – титрлеуге кеткен 0,1 н сілті
ертіндісінің мөлшері, мл; п – ертінді титрін дәл 0,1 н ертіндіге түзету.
Достарыңызбен бөлісу: