Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы



Pdf көрінісі
бет53/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   79
Зоогигиена каз китап

Х
Х
Х
Х
Х
5.3 Дәнді азықтарды зоогигиеналық бағалау
Жұмыстың мақсаты: Әртүрлі дәнді азықтардың сапасын
зертханалық талдау және органолептикалық бағалауды жүргізу.
83


5.3.1 Дәнді азықтардың орта сынамасын алу
Дәндерді қоймаларда үйіндімен сақтау кезінде одан суырма алу
үшін вагондық қуыс бұрғыны қолданады. Бір жолғы сынама алар
алдында қоймадағы дәндердің бүкіл бетін әрбіреуі 100 м² ауданды
секцияларға бөледі. Дәндерді суырып алуды әрбір секцияның 5
нүктесінде (ортада және бұрыштағы 4 нүктеден) келесі секцияның
шекарасынан 1 м қалдырып алады. Әрбір 5 нүктеде бір жолғы
сынаманы жоғарғы (10 – 15 см тереңдікте), ортаңғы және төменгі
қабаттардан алады. Әрбір секциядан алынған дәннің жалпы салмағы 2
кг құрауы тиісті. 
Автокөліктерден дән сынамаларын қуыс бұрғымен кузовтың
төрт нүктесінде (беттен және төменгі қабаттардан немесе бүкіл үйінді
тереңдігінде) алады. Суырмалардың жалпы салмағы 1 кг кем болмауы
тиісті. 
Қаптарға салынған дән суырмаларын қуыс бұрғымен үш жерден
алады: үстінен, ортасынан және төменнен. Сынама алынатын
қаптардың саны партияның мөлшерден тәуелді болады: 10 қапқа дейін
– әрбірдің екіншіден; 10 нан 100 қапқа дейін – 5 қап + партиядағы
қаптардың санының 5 %; 100 қаптан жоғары – 10 қап +партиядағы
қаптардың санының 5 % алады.
Әрбір партиядан алынған дәндердің сынамасын қарайды және
салыстырады. Егер дән біркелкі болса, онда барлық суырмалардан
оны таза ыдысқа себеді. Бұл бастапқы үлгіні құрайды. Бастапқы
үлгінің үлкен салмағында бүкіл дәнді тегіс бетті үстелге шашады, оны
шаршы түрінде орналастырады және үш қайтара арластырады.
Араластырудан кейін бастапқы үлгіні тегіс қабат етіп шаршы түрінде
қайтадан орналастырады және қиғаш сызық бойымен төрт
үшбұрышқа бөледі. Екі қарама-қарсы тұрған үшбұрыштан дәнді
лақтырып тастайды, ал екі қалған үшбұрышты қайтадан
араластырады және тағы үшбұрыштарға бөледі. Осылайша шамамен 2
кг дән қалғанша істейді де орта сынаманы құрастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет