Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


Жиналған азықтарда тоғышарлық ететін



Pdf көрінісі
бет64/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   79
Зоогигиена каз китап

5.6.2 Жиналған азықтарда тоғышарлық ететін
саңырауқұлақтарды анықтау
Саңырауқұлақпен зақымданған азықтың түсі күңгірттеу, иісі
жағымсыз, шоқты желімденген кесектерден тұрады. Азықтарды
Aspergillus, Penicillium, Mucor, Fusarium және басқа туыстардың
саңырауқұлақтары жиі зақымдайды. Саңырауқұлақтармен қоса,
азықтарда әдетте азықтарды ыдырататын әртүрлі қышқылға төзімді
бактериялар мен коккалар өсіп өнеді.
Азықтарды тексергенде вегетация кезеңінде азықтық
өсімдіктерде тоғышарлық ететін саңырауқұлақтардың, ең алдымен
қастауыштың болуына назар аударады. Азықты сақтау кезеңінде
саңырауқұлақтардың дамуы айқын білінетін ошақтылықпен
ерекшеленеді. Ошақтар жатып қалған қабаттарға, күңгірттенген,
қоңырайған ұяға немесе көбінесе арнайы зең иісі бар, шаңдауыт, қара,
98


жасыл, сұр немесе басқа түсті саңырауқұлақ (зең) жабыны бар
қабаттамалар түрінде болады. 
Fusarium туысының саңырауқұлақтары. Олар вегетациялық та,
өсіп келе жатқан дәнді астық тұқымдастарда да дами береді. Олардың
өсуі үшін қолайлы шарттар кептірілмеген дәнді немесе егістікте
қыстайтын өсімдіктерді нашар сақтағанда туады. Саңырауқұлақтар
токсиндері жылуға және химиялық заттарға төзімді. Олар өз
улылығын жылдар бойы сақтайды. Бұл туыстың ең бір улы
саңырауқұлақтары Fusarium Sporotrichiella болып табылады.
Органолептикалық тұрғыдан Fusarium туысының зең
саңырауқұлақтарымен зақымдалған дән нәзік, күңгірт, ақ, қызғылт-ақ
немесе кейде біршама биік болатын қызылдау жабынмен көмкерілген
болады. Микроскоппен жабын қырындысын дистильденген су
тамшысында зерттегенде мицелийдің тізбек тәрізді, бұтақталған
немесе қарапайым конидияларға айналатын жіпшелерін көруге
болады. Конидийдің ұшында және айналасында сопақша, дөңгелек,
ұршық тәрізді, орақ тәрізді немесе басқа пішінді макроконидийлер
орналасқан болады.
Stachybotris alternans саңырауқұлағы. Бұл саңырауқұлақтарға
зерттегенде олардың дамуы үшін аса қолайлы шарттар сабанда, шөпте
5-30
0
С температурада және 25-70 % ылғалдылықта туатындығын
ескеру қажет. Сондықтан, қарайған жерлерден, су тиген жерлерден
әрқайсысы 20-30 г болатын 10 сынама алады да әрбір сынаманы жеке
қағазға орайды. 
Бұл саңырауқұлақ тұтас сабанда немесе түйіндерінде ғана жеңіл
алынатын қара жабын түзеді. Бірақ қара жабын жануарларға қауіпсіз
басқа саңырауқұлақтар дамығанда да жиі түзіледі. Микроскоппен
зерттегенде көбінесе түйіндерде кездесетін сұр күйелі жабынмен
көмкерілген жеке шөп талдарын алады. Ұлғайтқыш әйнекпен
қарағанда ол күйені еске түсіретін қара ұсақ ұнтақ түрінде көрінеді.
Қолмен жеңіл сүртіледі. Бұл жабынның аздаған мөлшерін
скальпельмен немесе инемен заттық шыныдағы су тамшысына қырып
алып, жабын шынысымен жауып, микроскоптың кіші және үлкен
ұлғайтқышымен зерттейді. Мұнда сегменттелген мицелийдің түссіз
жіпшелерін (гифалар) көруге болады. Мицелий массасынан қысқа,
кейде жасыл-зәйтүн түске боялған конидийлерді көруге болады.
Олардың ұшында өлшемі ұзынынан 8-12 мкм және ені 6-8 мкм
болатын жетілген эллипс пішінді 6 дан 8 ге дейін күңгірт-қоңыр
конидийлерді біріктіретін розетка түріндегі жапырақ тәрізді өсінділер
– стеригмалар байқалады. Жетіліп түсіп қалған конидийлердің орнына
99


жаңалары дамиды, кейде стеригмаларсыз конидийлерді көруге
болады.
Dendrodochium toxicum саңырауқұлағы. Бұл улылығы жоғары
саңырауқұлақ сабан бұзылуының көзге көрінетін белгілерін бермеуі
мүмкін. Сабан сапалы сияқты болады. Бұл саңырауқұлақтың дамуы
үшін қолайлы шарттар: 25
0
С температура, 50 % ылғалдылық, бидай,
қара бидай, арпа мен сұлының үгіндісі мен сабан субстраты болып
табылады. Органолептикалық зерттегенде саңырауқұлақтың сабақ
ішінде дамуына байланысты сабан сыртынан қалыпты болып көрінуі
мүмкін. Бірақ, шөпті сындырғанда немесе саңырауқұлақпен
зақымдалған үгіндіде ақ, бөлек аумақтарда орналасқан жабынды
табады. Микроскоп арқылы зерттегенде заттық шыныдағы су
тамшысына қыру әдісімен алынған жабынның (мицелийдің) аздаған
бөлшегін салады. Мұнда ағаш тәрізді бұтақталған, тығыз қабат етіп
орналастырылған конидийлер мен дәл сондай түссіз ұсақ ұштары
үшкірленген конидийлер байқалады. Бұл саңырауқұлақ бөлетін
токсиндер, жоғары температура мен химиялық заттарға төзімді,
сондықтан зақымдалған азық залалсыздандыруға жатпайды, оны
жарамсыз деп таниды.
Penicillium туысының саңырауқұлақтары. Олардың саны
шамамен 900 түрге жетеді. Бұл туыстың дамуы үшін қолайлы
жағдайлар – оттегі жеткіліксіз болғандағы азықтардың біршама
жоғары (22-35
0
С) температурасы және жоғары (18-30 %)
ылғалдылығы. Олардың арасында улы және патогенді қасиеттері бар
өкілдері кездеседі, бірақ көпшілік саңырауқұлақтар сапрофиттер.
Азықтарда бұл туыстың саңырауқұлақтары аспергилл және мукор
саңырауқұлақтарымен бірге өседі.
Органолептикалық пеницилл саңырауқұлақтарының азықтарды
өсуінің сыртқы түрі төмен орналасқан көкшіл жасыл реңді зең
басумен сипатталады. Микроскоппен зерттегенде түссіз немесе ашық
түске боялған мицелий жіпшелері байқалады. Олардан
стеригмалармен аяқталатын тік немесе өрлегіш конидийлер шығады.
Соңғылары бір-, екі- немесе үш қабатты орналасады да, өзгеше
құрылған шашақтардың қалыптасуына әкеледі. Оның ұштық
бұтақталуларында конидийлер тізбегі орналасады. Әртүрлі типті
шашақтар кездеседі. Конидийлері дөңгелек немесе сопақша пішінді
және көпшілігі жасылдау түсті.
Aspergillium, Penicillium, Mucor туысының саңырауқұлақтары –
сапрофиттер, өлі субстраттарда өскенде улы қасиеттерге ие болады
және жануарлар мен құстардың ағзасында тоғышарлық етуге
қабілетті, яғни патогенді (микоз қоздырушылары) болып табылады.
100


Aspergillium туысының саңырауқұлақтары (Aspergillium fumigatus,
Aspergillium flavus, Aspergillium niger жиі кездеседі).
Органолептикалық зақымдалған азықтарда түтін тәрізді, қара
сарғыштау, үлпек немесе төмен орналасқан зең жабыны байқалады.
Бұл жабындардың қырындысын микроскоппен қарағанда көп
клеткалы перделі мицелийлерді анықтайды. Саңырауқұлақтың кейбір
түрлерінде ауалық мицелийі қалың қабырғалы жасуша-аяқшалар
түрінде көрінеді. Олардан перпендикулярлы бағытта тік тұратын
бұтақтар – ұштары томпиған болашақ конидийлер шығады.
Аспергиллдердің басқа түрлерінде конидийлердің негізінде тірек
аяқшасы болмайды. Кеңеюлердің бетінде өсінділер – стеригмалар
түзіледі. Аспергиллдер түріне байланысты стеригмалар бір немесе екі
қатарға орналасуы мүмкін. Стеригмалардың үшкір ұшынан конидий
спораларының радиальды ұзын тізбектері шығады. Стеригмалары мен
конидий тізбектері бар томпақ бас деп аталады.
Оның пішіні суы ағып жатқан су сепкішке ұқсайды. Осыдан
Aspergillium туысының зең саңырауқұлақтарының “су сепкіш зең”
деген атауы шыққан. Конидийлердің көпшілігі түссіз немесе боялған,
шар тәрізді, жұқа немесе сәл қалыңдаған қабықты.
Mucor туысының саңырауқұлақтары. Органолептикалық Mucor
туысы саңырауқұлақтарымен зақымдалған азықтарда үлпек күңгірт-
сұр немесе қара борпылдақ киіз тәрізді, желімденген шоқтары мен
жағымсыз иісті кесектері бар жабын түрінде байқалады.
Микроскоппен зең кесегі бар препаратты зерттегенде бөлшектенбеген
бұтақталған мицелийді табады, одан тік тұратын конидийлер шығады
(спорангийлер). Ұшында шар тәрізді спорангийлер орналасады.
Спорангий қабығы жырылғанда көптеген шар тәрізді, тегіс, түссіз
немесе әлсіз боялған споралар шашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет