жарамсыз. Сығындыны қайталап жағудан кейін 24-72 сағатта оң
реакция береді.
Тетрахимена пириформис инфузорияларына
биосынама қою
арқылы азықтың улылығын анықтау. Әдіс зерттелетін сынамадан
негізінен микогенді текті улы заттарды экстракциялап, кейіннен бұл
фракциялардың сулы ертінділерімен тетрахимена пириформис
инфузорияларына әсер етуге негізделген.
Азықтың әрбір сынамасын зерттеуді 3 рет жүргізеді.
Антибиотиктерге арналған үш флаконға 1 см
3
сығынды енгізеді, оған
0,1 см
3
3-5 тәуліктік тетрахимена пириформис инфузорияларының
өсіндісін қосып, бөлме температурасында қалдырады.
30 және 60 минуттан кейін биосынама эффектін пастер
пипеткасымен алынған
тамшыдан заттық шыныға салып
микроскоптың ұлғайтқышымен (х7 – х10) тамшының бүкіл көлемі мен
қабаттарын қарайды. Зерттелетін сынамаларда тірі және өлген
инфузорияларды санайды, бұл азықтың улылық дәрежесіне
байланысты болады. Байқауды бақылау фоны – пептон ортасында
жүргізеді, мұндағы барлық инфузориялар тірі қалуы керек.
Инфузориялар өлп қалса, бақылауды
жаңа орта мен өсіндіде
қайталайды.
Азықтың улылық дәрежесін сынақ басталуынан 30 және 60
минут өткенде тірі инфузориялардың саны бойынша анықтайды: улы
емес азық – 60 минут бойы бақылағанда инфузорияларда өлім мен
ешбір морфологиялық өзгерістер жүрмейді; улылығы әлсіз азық – 60
минут бойы бақылағанда инфузорияларда морфологиялық өзгерістер
және жартылай өлім жітім (25 тен 30 %); улы азық – 60 минут бойы
бақылағанда барлық инфузориялардың өлуі байқалады.
Тауық сырғаларында сынама жасау. 1:2 немесе 1:3
қатынасындағы спирттік-эфирлік сығындылар даярлайды. Содан кейін
сығындыны сұйылтады: 0,5 мл сығындыға 4,5 мл стерильді бейтарап
балық майын немесе күнбағыс майын қосады. Араласқан майлы
сығындыны тауықтың бір сырғасына 0,1-0,2 мл мөлшерінде енгізеді,
екінші сырғасына сапалы екендігі белгілі азық сығындысын немесе
майды енгізеді. Улы азық сығындысын енгізген жерде қабыну, ісіну,
қан құйылу тіпті өліеттенуді байқауға болады. Сырғаның қалыңдығын
кутиметрмен өлшеуге болады. Реакцияны бағалауды өзгеру барлығына
қарай жүргізеді. Егер сырғаның диффузды ісінуі 4-24 сағатта басталса,
қалыңдығы 8 мм және одан көп болса, екінші күні ісіктің ортасында
қан құйылу пайда болып, кейіннен өліеттену дамыса– реакция жіті оң
деп саналады. Диффузды сырға ісігі 24 сағаттан кейін пайда болса,
оның қалыңдығы 5-8 мм жетсе, ал қан құйылуы мен өліеттену
дамымаса – реакция оң. Егер 24 сағатта тек сырғаның шектеулі ісік
пада болса, ал оның қалыңдығы 4 мм көп болмаса, реакция теріс деп
есептеледі.
Улылық пен токсигенділікті балапандарда анықтау. Азық
сынамасын келсапта шприцтың қалың
инесінен бөлшектері еркін
өтетіндей етіп түйеді. Азықтың бір бөлігін химиялық стаканға
көшіріп, қаймақ консистенциясына дейін сумен езеді. Шприцпен 1-3
мл суспензияны алып, тәжірибелік топтың апталық жастағы
балапандарға (5 бас) құрсағына енгізеді. Екінші тәжірибелік топтың
балапандарына (5 бас) сол мүшелеріне алдын ала 20-30 минут бойы
қайнатылған немесе автоклавталған суытылған азық суспензиясын
енгізеді. Бақылау тобының балапандарына қайнатылған судың сәйкес
мөлшерін енгізеді. Әрбір балапанды жеке торға салады, суды
шектеусіз береді, бірақ 1-2
тәулікке жем бермейді, осы кезде
құстардың жалпы жағдайын байқайды. Өлім оқиғаларын зерттелетін
азық енгізілген балапандардың жалпы санына пайызбен көрсетеді.
Әрбір 20 % өлімді балл бойынша бағалайды: 100 %-ды өлім (5 балл) –
азық өте улы, 80 % (4 балл) – азық жоғары улылықта, 60 % (3 балл) –
азық улы, 40 % (2 балл) – азық орташа улы, 20 % (1 балл) – азық төмен
улылықта.
Зертханалық тышқандарға сынама жасау. Құрама және басқа
азықтардың улылығын тышқандарға 0,5 мл сығындыны тері астына
немесе қарынға зонд немесе доғал инелі шприцпен енгізу арқылы
анықтауға болады. Мұнда тышқандардың бақылау тобына 0,5 мл
бейтарап май (күнбағыс майы, балық майы) енгізеді. Өте улы
азықтардың сығындысынан тышқандар 6-48 сағат аралығында өледі.
Әлсіз улы азықтардың
сығындысы өлім туғызбайды, бірақ оларды
енгізу орынында қабыну реакциясы, некроз байқалады.
Гуппи балықтарына сынама жасау. Балықтарда дәнді
фураждардың (құрама жемнен басқа) улылығын анықтауға болады.
Дән сынамасын (50 г) зертханалық диірменде әбден ұсақтайды,
үйкелген қақпақты колбаға (500 мл) ауыстырады да 10 мл ацетон
құяды. Экстрактілеуді Сокслет аппаратында 2
сағат бойы сілкілеу
кезінде жүргізеді, сығындыны қағаз фильтр арқылы фарфор табақшаға
сүзеді де су моншасында (50-60
0
С) сорғыш астында буландырады.
Құрғақ қалдығын 5 мл ацетонда ерітеді де шыны колбаға ауыстырады,
оған 500 мл аквариум суын құяды. Колбаға 5 гуппи балығын
орналастырып, оларды 24 сағат бойы бақылайды, нәтижелерді 1, 2, 4,
8, 12 және 24 сағат сайын тіркейді. Егер азық улы болмаса, бір
тәулікте бір балық қана өледі (20 % дейін), улылығы өте әлсіз болса
12-24 сағатта 2-3 балық (40-60 %), әлсіз улылықта –4-8 сағаттан кейін
4 балық (80 %), улы болса–2-4 сағаттан кейін 5 балық (100 %), өте улы
болса 1 сағатта 5 балық (100 %) өледі. Бақылау ретінде үш тәулік бойы
балықтар тірі қалатын 1 %-ды ацетон ертіндісі алынады.
Достарыңызбен бөлісу: