Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы



Pdf көрінісі
бет62/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   79
Зоогигиена каз китап

Х = (а • 5,6 • К) : е
мұнда: а – титрлеуге кеткен 0,1 н. КОН ертіндісі, мл; 5,6 – 1 мл
0,01 н ертіндідегі күйдіргіш калий мөлшері, мг; К – күйдіргіш калий
ертіндісінің титріне түзету; е – азықтағы май үлесі.
Кейбір майлардың қышқылдық саны төмендегідей: балық майы
– 2,25; техникалық май және жануар тектес азықтар майы 12 – 18;
өсімдік майлары 0,3 – 6.
44-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу
Көрсеткіштер
Азық түрі
Түсі
Иісі
Біртектілігі (құрылымы)
Металл қоспасы
Қышқылдық саны
Сутегі саны
5.6 Азықтардың саңырауқұлақтармен зақымдалуы
Жұмыстың мақсаты: Жиналған азықтар мен тірі өсімдіктерде
паразиттік тршілік ететін саңырауқұлақтармен танысу; кейбір
саңырауқұлақтардың
мицелийлерінің
суретін
салу;
саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтардың улылығын анықтау
әдістерімен танысу; саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтарды
зарарсыздандыру және қолдану әдістерін зерттеу және азықтардың
саңырауқұлақтармен зақымдалуының алдын алу шараларымен
танысу.
Дұрыс сақтамағанда және жаңбырлы ауа райында азықтар жиі
саңырауқұлақтармен және микроб флорасымен зақымдалуға
ұшырайды. Мұнда су тиген немесе кептірілмеген азықтардың
өздігінен қызуы барысында бактериялардың саны бірте-бірте азаяды,
ал саңырауқұлақтардың саны, керісінше, артатындығы маңызды дерек
болып табылады. Қатты азықтарда әсіресе шөпте табылып жатқан
саңырауқұлақтардың көпшілігі улы, ал олардың кейбіреуі – патогенді.
Мұндай азықтар көбінесе малдардың жапай ауыр ауруы себебімен
және өлімінің себебі болып табылады. Саңырауқұлақ және
микрофлорамен зақымдалған азықтардың зиянды қасиеттері
94


саңырауқұлақтар бөлетін улағыш заттардың түзілуімен, азықтың
қоректік заттарының ыдырау өнімдерінің қорлануымен, сонымен
қатар саңырауқұлақтардың кейбір түрлерінің азықпен және ауамен
ағзаға түсу барысында жануарлардың ұлпалары мен мүшелерінде
паразиттік тіршілік етуге қабілеттілігіне байланысты. Зиянды
саңырауқұлақтардың ағзаға әсер ету механизміне тәуелді олар
микоздар және микотоксикоздарға бөлінеді.
Микоздар – бұл мал ағзасына түскен саңырауқұлақтардың оның
ұлпасы мен мүшелерінде өсіп - өніп, көбейіп, сондай - ақ жергілікті
механикалық және жалпы улағыш әсерін көрсететін аурулар
(актиномикоз, кандидомикоз, бұзаутаз).
Микотоксикоздар
 – әртүрлі улы саңырауқұлақтармен
зақымдалған азықтарды жеу нәтижесінде туатын аурулар. Олар
токсиндер бөледі, бірақ ұлпаларда паразиттік тіршілік етпейді.
Азықтарда қолданғанда жануарларда токсикоз тудыратын
микотоксиндердің жинақталуы жүреді (эрготизм, фузариотоксикоз,
стахиботриотоксикоз және т.б.). Микоздар мен микотоксикоздардың
айырмашылық қасиеттерін кестеден қараңыз.
Көбінесе азықтарда кездесетін саңырауқұлақтарды шартты
түрде екі негізгі топқа бөледі – егістік саңырауқұлақтары мен сақтау
зеңдері. Біріншіге дәнде өсімдіктің вегетация кезеңінде енуге және
дамуға қабілетті түрлерді жатқызады. Олардың ылғалдылық деңгейіне
қоятын талаптары өте жоғары болып табылады– 20-25%. 
45-кесте – Микоздар мен микотоксикоздардың айырма
қасиеттері
Көрсеткіштер
микоздар
микотоксикоздар
Этиология
Инкубациялық
кезеңі
Таралуы
Зақымдалу
Саңырауқұлақтар
токсиндер бөледі,
ұлпалар мен
мүшелерде өсіп өніп,
көбейеді
Ұзақ
Жаппай (барлық мал
басы)
Бар
Саңырауқұлақтар
токсиндер бөледі, бірақ
өздері ұлпаларда
тоғышарлық етпейді
Қысқа
Жаппай (жануарлар
тобы)
Жоқ
95


Ауруды жою
Емдеу
Зақымдалған азықпен
азықтандыруды
тоқтату
Екінші топты Aspergillus және Penicillium туысының топырақта
болатын, тек кейбір жағдайларда вегетациялық өсімдіктерде болатын,
бірақ дәндердің сақталатын бөлігіне тән саңырауқұлақтар құрайды.
Бұл саңырауқұлақтар дәннің сақтау кезіндегі ылғалдылығы – 13-18 %
төмен ылғалдылықта дами алады, бірақ мұнда саңырауқұлақтардың
ылғалы өнімнің ылғалдылығынан біршама жоғары болады. Зең
саңырауқұлақтарының споралары табиғатта кең тараған (топырақ, су,
ауа, азық). Қолайлы жағдайларда (температура 5-15
0
С және
ылғалдылық 18-30 %) азықтарда жіп тәрізді, өрмек тәрізді, мақта
тәрізді жабындар (ақ, сұр, қара, қызғылт, жасыл және басқа түсті)
түзіп дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет