Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


 Микотоксикологиялық зерттеу



Pdf көрінісі
бет67/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   79
Зоогигиена каз китап

5.6.4 Микотоксикологиялық зерттеу. Ұнды, дәнді азықтардан
саңырауқұлақтарды алғашқы бөліп алу үшін әдетте Чапектің агарлы
ортасын қолданады, ал қатаң азықтардан саңырауқұлақтарды бөліп
алу үшін Петри табақшаларына Чапек агарына ылғалды камераларға
себу әдісін қолданады. Петри табақшаларын себінділерімен стерильді
қағазға орайды, термостатқа салады, өсіреді де 22-25

С температурада
7-10 тәулік ұстайды. Саңырауқұлақтардың өсуі мен спора түзуі 3
тәулікте байқала бастайды, бірақ саңырауқұлақтарды түрге ажырату
үшін өсірудің көбірек уақыты: 5-7 тәулік қажет. Ұнды азықтарда
себуден кейінгі колонияларды санауды 2-3 тәулікте бастайды.
Есептеуді жеңілдету үшін табақшаның түбін карандашпен секторларға
жұмсартып бөледі немесе Вольфлюгельдің санау камерасын
қолданады. 
Саңырауқұлақтарды микроскопиялық зерттеу ең алдымен
тікелей табақшаларда, микроскоптың кіші ұлғайтқышын қолданып
жүргізіледі. Мұнда жеміс денелерінің склероциттерінің мицелиальды
тарамдарын, спорангийлерінің құрылысы мен бұтақталу сипатын
көруге болады. Содан кейін саңырауқұлақ морфологиясын бөлшектеп
зерттеу үшін препараттар дайындайды. Саңырауқұлақ бөлшектерін
түріне байланысты колониялардың әртүрлі жерлерінен: колонияның
ескі бөліктерінде ортасынан, жас колонияларда – шетінен алады.
Заттық шыныға бекітетін сұйықтың тамшысын жағады. Содан кейін
инемен абайлап, саңырауқұлақ мицелийінің аздаған мөлшерін
зақымдап алмауға тырысып, басқа инемен ұқыптап сыпырып,
сұйықтық тамшысына енгізеді. Препаратты жабын шынысымен
жабады. Микроскоптың кіші (х8, х10), содан кейін үлкен (х40,х90)
ұлғайтқышымен препараттарды зерттейді, макроскопиялық кілті бар
арнайы анықтағыштарды қолдана отырып саңырауқұлақтарды түрге
дейін ажыратады.
5.6.5 Биосынама. Микологиялық зерттеулер барысында
арасында бір саңырауқұлақ түрі улы саңырауқұлақтардың болуы
анықталса, ал зертханалық зерттеу әдістері оң нәтиже бермеген
жағдайда диагнозды нақтылаудың жалғыз әдісі ретінде қолданады.
Мұндай азықтың улылығын анықтау үшін оны сапалы азықпен қатар
екі жануарлар тобына (топта жануар саны үш бастан кем болмауы
керек) береді. Биосынаманы қойғанда мал топтарын оқшаулап ұстау
қажет. Бақылау тобына сапалы екендігі белгілі азықты береді.
Күнделікті желінген азықтың мөлшерін есептеп, клиникалық


бақылаулар жүргізеді. Биосынаманы қойғанда егер зақымдалған
азықты тәжірибелік жануарларға аш қарынға, яғни 5-6-сағаттық аш
ұстаудан кейін берсе, токсикоз жылдам байқалатындығын ескеру
қажет. Суды шектеусіз береді. Егер зерттелетін азықты берген
жануарлар ауырып қалса немесе азықтан бас тартса, ал бақылау
тобының жануарлары өздерін қалыпты ұстаса, биосынама оң деп
есептеледі. Улы саңырауқұлақтармен уланғанда биосынаманың оң
көрсеткіштері деп: тәбеті төмендеуін, орталық жүйке жүйесінің
зақымдалуын, қозғалыс координациясының бұзылуын, дірілді, жабығу
немесе қозуды, түсік тастауды, асқорыту жолының бұзылуын, тісін
шықырлатуды, ауыз уылуын, шошқаларда құсуды, сондай ақ
температура көтерілуін санайды. Өткір улы азықтар клиникалық
белгілері байқалуынсыз тәжірибелік жануарлардың өлімін туғызуы
мүмкін. Азықтың улылық дәрежесін биосынама нәтижелерін кестемен
салыстырып бағалауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет