Педагогикалық менеджментте мақсатты болжау және мақсатты іске асыру.
Жоспар:
Мақсатты болжау және мақсатты іске асырутүсініктері.
Мақсат бойынша басқару (МББ) концепциясының маңыздылығы.
Педагогикалық менеджменттегі мақсаттар жүйесі.
Мақсатты болжаудың алгоритмі.
Мақсатты болжау және мақсатты іске асыру түсініктері.
«Кім де кім өзінің қайда бара жатқан бағытын білмесе,- дейді, Марк Твен,- ол басқа жерге түскенде қатты таңқалады».
Басқару – басқаларға менеджер не айтса соны істету емес, керісінше оларды нақтылы мақсатқа жетуге үйрету. Шын мәнісінде, жоспарлау дегеніміз не? Бұл мақсатқа жету жолын анықтау және зерттеу. Ұйым? Бұл адамдарды мақсатқа жетуге ынталандыру іс-әрекеті. Бақылау? Бұл адамдардың мақсатқа жету жолының дұрыстығын тексеру. Талдау? Бұл адамдардың мақсатқа жету жолындағы қозғалысының тоқтауын көрсетудің себептері.
Мақсат – бұл, белсенділікті анықтайтын тәсіл.
Мақсат – бұл, болашақ туралы көзқарас.
Мақсат – бұл сезілінбеген күш концентрациясы.
Мақсат – бұл, әрекетке шақыру және ояту.
Мақсат іс-әрекеті – жоспарланған, болжанған, күтілген нәтиже. (мақсат – нәтиженің үлгісі), яғни мақсатқа болашақта болатын нәтиже кіру керек. Мысалға, «салауатты өмір салтын қолдану» сияқты мақсат, ешқашан жетістікке жетпейді, себебі ол тұрақты емес, ал егер «Күнделікті таза ауада 15 минут жүгіру» деп жазсам, бұл дұрыс болатын еді. Бәрі нақты, өлшеуге келеді.
Сонымен, мақсатты болжау – бұл менеджердің іс-әрекет процессі, онсыз басқарудың болуы мүмкін емес, ал мақсатты жүзеге асыру – бұл мақсат менеджердің ішкі мақсатынан, оның фактілік жүрісіне ауысады, сол арқылы соңғы нәтиже қалыптасады.
Егер менеджер қалыптасқан мақсатқа сай әрекет жасаса, ішкі және сыртқы бөгет мақсат талабына сай реттеледі, және оны мақсатүлгісімен мақсатқа сай әрекет етті деп айтуға болады.
Мақсатты болжаудың функциясы тек қана мақсатты орнатумен шектелмейді. Ол мақсатпен жұмыс жасаумен, орнатылған мақсатқа жетумен байланысты. Менеджмент туралы кітаптарда мақсаттармен жұмыс жасаудың тәртібі аз жазылмаған.
Басқару эффектілі болу үшін, міндетті түрде:
а) басқару мақсатын, оның жетістекке жетудегі әдістері мен құралдарын дұрыс анықтау;
б) орындаушыларға түсінікті болу үшін мақсатты айқын көрсету керек;
в) қойылған мақсатқа жетуде бағынушы ұжымның барлық іс-әрекеттерін бағыттау керек;
г) қойылған мақсатқа жетуде белсенді жұмыс жасауға орындаушылардың қызығушылықтарын ояту;
Мақсатты жүзеге асыру деңгейі көбінесе олардың түсініктерінінің анықтығына байланысты. Айқындалмаған мақсат тұрақсыздыққа әкеледі.
Бұл менеджменттің жалпы теориялық ережелері толығымен педагогикалық менеджментке де қатысты.
Педагогикалық менеджментің міндеттері мен мақсаттарының сәтті орындалуы бірнеше маңызды факторлармен айқындалады. Оларды төрт топқа бөліп көрсетуге болады:
Жетекшінің жеке тұлғалық факторы (оның дайындық және кәсіби деңгейі, құндылық бағыттылығы мен қажеттіліктері, оның мақсатты құрылымдары).
Субъект, субъектілік өзара қарым-қатынас жүйесіндегі моральдық-психологиялық климат.
Уақытылы сипаттамалар білім беру үрдісін ғылыми ұйымдастыру және ұтымды пайдалану факторы ретінді.
Кеңістіктік сипатамалар өзара әрекет ететін субъектілердің тиімді іс-әрекеті ретінде.
Достарыңызбен бөлісу: |