Мақсат бойынша басқару (МББ) концепциясының маңыздылығы.
Менеджментте басқаруға мақсатты бағыт немесе басқа әдебиеттерде «мақсат бойынша басқару» (МББ) түсінік бар. Ол мектепішілік менеджментте еш қиындықсыз қолданылады деп айтылады.
Басқару бойынша мақсаттың маңыздылығы: адамның немесе жұмыстың мақсаты ретінде қалыптасатын ұжымдағы әрбір адам және әрбір жұмыстың өзінің арналары бар екенін мойындау.
Егер қызметкер өз жұмысының мақсаты туралы менеджермен талқыласа, онда екеуінің бір мақсаттың орындауына жауапты екенін көреміз.
МББ – бұл менеджер мен қызметкердің бірігіп мақсат құратын, мақсатқа жету тәсілі және жолы, аралық нәтиже шығаратын үрдіс.
Егер бұндай жоспар дұрыс құрылса, онда бақылау рөлі төмендейді. Егер әрбір позицияның сандық және сапалық бағалауы болса, онда бақылаудың керегі болмайды. Өз мақсатын айқындаған адам, өзі соған жетеді.
МББ алгоритмі.
Әрбір қызметкер (қозғалысы жоғарыдан-төменге емес, керісінше төменнен – жоғарыға бағытталған) өзінің жұмысын өңдейді, сосын оны менеджермен талқылауға салады.
Талқылау барысында әрекеттің бірнеше қысқаша мақсаттары құрастырылады.
Қызметкер үнемі менеджермен кездеседі және қойылған мақсатқа жету үрдісін талқылайды.
Мақсатқа жетудің орындау прогрессі бағаланатын, орындаудың мерзімі белгіленеді.
МББ-ның бағдарламаларының барлық кезеңдерін орындап, болғаннан кейін, менеджер мен қызметкер өз еңбектерінің нәтижесін бағалау және талдау үшін кездеседі.
Бағдарламаны басқарудың барлық деңгейі, сөз жүзінде ғана емес, істің көмегіменде қолдау керек. Менеджер мен қызметкердің арасындағы контакт жүйелі сипатта, ал олардың мазмұны: әрекетті талдау, баға, мақсаттардың координациясы нақтылы және айқын болу керек. Орындаушыларға мақсатқа жету қабілеті мен әдісін таңдауда әрекеттің кең түрі ұсынылу керек.
МББ-ның қасиеті мынадай қорытындыға келеді:
біріншіден, басқаруды нақтылауға үшін, қызметкерлердің жетістікке жетудегі жеке мақсаттарына менеджердің назар аударуына көмектеседі;
екіншіден, МББ өндірістік еңбекті көтеруге және қызметкер, менеджердің жаңашылдығы мен шығармашылығын ынталандырады;
үшіншіден, МББ әділ мақтауларды жүзеге асыруға көмектеседі, қызметкерлерге мақсатты болжау мен жоспарлаудың дағдыларын дамытуға көмектеседі.
МББ-не енгізуде неге, менеджерге менің жоспарларым мен мақсаттарым керек болды деген сенімсіздік кездесуі мүмкін. Мақсатты қалыптастыруда оның қызметкерлерімен жеңілдікке тенденциясы бар, және олардың жетістіктері өте оңай болады. Ағым кері байланыс үрдісін менеджер өзгерген ортаға мақсат құра алмайтындай және бағаларын уақытымен ала алмайтындай ұзақ созбайды. Мұндай сипаттама маңызды және қазіргі мектепішілік басқарудағы басты қызмет – мақсатты болжау.
Достарыңызбен бөлісу: |