Көркемдігі,тілі. Орта Азия түркілердің тілінде жазылған ескерткіштер тобына жаитады. Дегенмен, мұнда оғыз-қыпшақ диалектісі басымырақ. Ұйғыр әрпімен көшілірген нұсқасы да, Әбілғазы жазып, кейіннен араб әрпімен көшірілген нұсқасы да кезінде түркі тілдес тайпалардың бәріне түсінікті болған тілде жазылған. Араб және парсы тілінен ауысқан сөздер мейлінше аз. Синтаксистік құрылысы ауызекі сөйлеу нормасына жақын.
Автор эпитет, теңеу, метафора, гипербола сияқты көріктеу әдістерін зор шеберлікпен қолданған. Әсіресе, шығармада аллегориялық тәсілдер, яғни пернелеп айту басым болып келеді. Автор қыздың сұлулығын суреттегенде, эпостық шығармаға тән көріктеу құралдарын қолданады:
Көзі оның аспаннан да мөлдір көк,
Шаштары оның толқынында йөзеннің,
Тістері оның бейне маржан секілді.
Түркі халықтарының көпеген аңыз-әңгімелері, өлең-жірлары, қанатты сөздері мен мақал-мәтелдері көрініс тапқан.
Идея.Негізгі идея-елді ауыз бірлікке, ерлікке, адамгершілікке үндеу, халықты сыртқы жауға қарсы күреске шақыру.
Эпос негізінде тайпалардың бірігу идеясы алынған, одан Оғыздың өктемдігі көрінеді.
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ
(870-950)
Дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші, ақын. Толық аты-жөні-Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн ұзлағ Тархани.
"Мұсылман мәдениеті" феноменін жасаушылар арабтар ғана емес, араб халифаты қол астына қараған түрлі елдер еді.
Ғалымдар айтуынша, артына 160-қа тарта еңбек қалдырған (түгелі жеткен жоқ).
"Заң кітабы", "Субстанция туралы", "Ақыл мен сананың мәні", "Ғалымдардың тілі мен түрі", "Өлең сөз және шешендік туралы" т.б.
Трактаттарының қолжазбаларын Каир, Бейрут, Стамбул, Лейденариж, Мадрид, Париж, Лондан, Тегеран, Нью-Йорк т.б. қалалардың кітапханаларынан кездестіруге болады.
Өмірі. Отырарда дүниеге келген. (Отырардың іргесіндегі Васидж қамалы). Әкесі отырықшылыққа ауысқан көшпелі түркі тайпаларының бірінен шыққан әскер басы. Алғашқы білімін Отырарда, қыпшақ тілінде алады.16 жасар бала оқу іздеп, керуенге ілесіп, Бағдатқа аттанды. Бағдат, Қорасан, Дамаск, Каир т.б. шаһарларда болады. Алғаш Бағдатта жұмыс істейді, кейіннен Сирияда болады. Өмірінің соңғы жылдары Египетке барады. Дамаскіде қайтыс болады.
Түркі (?). Қайсысы ? Кей деректер бойынша, қаңлы немесе қыпшақ.
Түркі тілімен қатар, араб, парсы, санскрит тілдерін жетік білген. Ол философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы т.б. ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды.
Достарыңызбен бөлісу: |