Геомертияны жаратылыстану- философия ойлау ғылымдарының фундаменті деп бағалады.
"Математикалық трактаттар" деген атпен матемитикалық еңбектерінің жинағы 1972 ж. Қаз ССР ҒА баспасында жарық көрді.
Логика қатысты "Метафизика" . "Никомахтық этика", т.б. еңбектері бар.
"Ғылымдар энциклопедиясы" кітабында көптеген ғылымдарға ттқтала келіп, оның философиялық негіздеріне түсініктер берді. Логика, тіл білімі, заң, математика,астрономия, музыка, механика, физика ғылымдары туралы пікірлері бар. Осы еңбектің "Тіл туралы ғылым" тарауында тіл тану, грамматика мәселелері талданған. Тіл білімін жеті салаға бөледі:
Дербес және қарапайыс сөздер мен сөйлемдер туралы ғылым
Күрделі және құрамды сөздер мен сөйлемдер туралы
Мәнерлер оқу ережелері
Тілідің заңы мен ережелері жайлы ғылым
Емле ережелері
Дұрыс оқу ережелері
Өлең жазу, шайырлық туралы ғылым және поэтика
Әдебиет теориясына байланысты. "Риторика туралы кітап", "Жазу өнері туралы кітап", "Ұйқас пен ырғақ тураы кітап", "Өлең ұйқасы мен өлшемі туралы кітап" т.б.
Логикалық шығармаларында поэтика мәселелеріне көп көңіл бөлген.
Орта ғасырда өмір сүрген араб ғалымы Ибн Аби Усайбианың айтуы бойынша, Фарабидың өлең құрылысын зерттеуге арналған "Өлең және ұйқас туралы сөз" деген шығармасы болған. Бірақ әлі табылған жоқ.
1979 жылы А. Нысаналиннің аударуымен "Трактат және өлеңдер" деген жинағы жарық көрді. Мұнда келтірілген Фарабидың трактаты "Өлең өнерінің қағидалары" деп аталады. "Өлең өнерінің қағидалары туралы" трактатында Аристотельдің поэзия саласындағы ойларын дамытқан. Мұны Лондондағы үнді диуаны кітапханасынан белгілі шығыстанушы-ғалым Артур Арберри 1937 жылы тапқан болатын.
Өлең өнеріне логикалық астар мен гармония қажеттігін ескертеді. Фараби қағидасы бойынша, өлең логикалық берік негізге, қисынға сүйеніп, соған орай бейнелеу құралын іздеп табуы қажет.Ақындық шеберлік пен табиғи икемділіктің іздену, поэзияны қыр-сырын меңгеру арқылы жетілетіндігін, нағыз ақындықтың жолына түсі үшін еңбектену керек екендігін айтқан. Әр ақын өзі төселген, білетін нәрсесін жазуы керектігін, оны зорлауға болмайтынын жазады. "Ғажап поэзия еркіндікте тумақ,"-дейді. Өлең мен сурет өнерін салыстыра келіп: "Өлең өнері-сөзбен, ал сурет өнері бояумен құлпырады, олар осымен ғана бөлек, ал іс жүзінде екеуі де ұқсас, екеуі де адам сезімі мен ойына әсер етеді", -деген. Еңбекте Аристотельдің "Поэтика" атты зертеуіне сілтеме жасай отырып, өлең жазудағы ақындық шеберлік пен өнер жайында ғылыми ой-пікірлер айтады. Фараби өзі өмір сүріп отырған дәуірде және көне заманда көптеген халықтардың шайырлары фабула мен өлшем арасына шек қоймағанына оқырман назарын аударды. Поэзиядағы мұндай жағдайдан тек ежілгі гректер ғана тыс тұр деп көрсетті. Өйткені, гректер әрбір ақындық тақырыпқа ерекше өлшем қолданған. Сөйтіп, Фараби грек поэзиясын төмендегідей топқа бөліп сипаттайды және әрқайсысына анықтама береді:
Трагедия - арнайы өлшемі бар, бәріне тыңдаушыға һәм айтушыға да ләззат беретін поэзия түрі.
Дифирамбы-трагедиядан екі есе артық өлщемі бар поэзия түрі. Онда жалпы бекзаттар жайлы, марапаттарлық мінез, адамзатқа тән ізгі жайлар айтылады.
Комедия-ерекше өзіндік өлшемі бар поэзия түрі. Оған келеңсіз жайлар арқау болып, жеке Адам мінез-ққұлқының көлеңкелі көріністері шенеледі.
Ямб-ерекше өлшемі бар жыр түрі. Онда жалпыға мәлім жағымды, жағымсыз жайлар айтылады. Ең бастысы ол көпшілікке кеңінен аян болуы тиіс: мәселен, мақалдар.
Драма-алдыңғы түр сияқты, оған жеке есімдерне қатысты мақалдар мен қаратты сөздер кіреді.
Эпос- мейлінше көркем немесе әдеттен тыс эмоциялық күшімен ләззат беретін поэзия түрі.
Диаграмма – заң шығарушылар қолданатын поэзия түрі.
Эпика мен риторика-ежелгі басқару мен заң формаларын жырлайтын поэзия түрі. Патшалардың парасаты мен ерлігі, жорықтар мен бастан кешкен қызықты жайттар айтылады.
Сатира-музыканттар ойлап тапқан поэзия түрі.
Поэма – сұлулық пен тұрпайылықты, жүйелік пен бей-берекеттікті жырлайтын поэзия түрі.
Амфигеноссос-жаратылыс ғылымдарын баяндатйн оқымысталар ойлап тапқан поэзия түрі. Поэзияның бар түрінен өлең өнеріне дәл келетін ең сәттісі осы.
Акустика- шәкіртті музыка өнеріне үйрететін поэзия түрі.
Осы шығармасында ақындарды үш топқа бөліп қарастырады:
Табиғи дарыны мол, тамаша теңеулер табуға мейлінше бейім, бірақ өлең өнерінің теориясымен онша таныс емес ақындар;
Өлең өнерімен толық таныс ақындар, олар өлең жазу қағидасына да, бейнелеу құралдарын қолдануға да шебер болып келеді;
Жоғарыда аталған екі ақындық топқа еліктеушілер. Бұлардың әлі өзіндік жазу мәнері толықьқалыптасқан емес.
Соңғы жылдары Әл-Фарабидің бұрын ғылымға белгісіз болған бір шығармасы Братислава (Чехославакия) университетінің кітапханасынан табылды. Арабша жазылған бұл ғылыми еңбек "Өлең кітабы" деп аталады. Бұл шығарманы араб тілінен өзбек тіліне аударып, оған алғы сөз, ғылыми түсініктер жазып, жеке кітап етіп шығарған белгілі өзбек ғалымы А. Идрисов болды. Мұнда поэзияның бірқатар теориялық мәселелеріне-өлеңнің композициялық құрылысына, шумағына, өлшеміне, ұйқасына т.б. шолу жасай келіп, жырдың барлық компоненттері ақынның айтайын деп отырған ой жүйесіне лайық, орынды болу керек деген түйін жасайды. Автордың айтпақ болған пікірі-өлеңнің ішкі мән-мағыгасы мен сыртқы тұлғасы өзара қабысып, логикалық тұрғыдан үндесіп тұруы тиіс.
Фараби поэтиканы үш аспектіде қарастырады. Біріншіден, ол тілдің мүмкіндіктерін пайдаланып, тіл білімімен қатар алынады. Екіншіден, ол поэтиканы құрамдас бөлік ретінде логикаға қосады. Үшіншіден, эстетикалық аспектіде теоретикалық музыканың негізі ретінде қарастырылады ("Ғылымдар энциклопедиясы" ).
"Өлең өнерінің канондары туралы трактатында" және "Өлең кітабында" поэзияны өнер түрі және реалды өмірге еліктеу деп қарастырады. Поэтикалық образдар, теңеу, метафораларды абстрактылы-логикалық ойлау формаларымен салыстырады. Өнер мен абстрактылы ойлаудың ортақ белгілерін негізге ала отырып, поэтиканы логика ғылымының компоненті ретінде қарастырады.
Фараби мазмұнды басты етіп алады. Мазмұн-құбылыстарға еліктеу. Теңеуді пайдалана отырып, ораторлар риторикадан поэзияға ауытқиды. Поэзия жасайтын орбазда көріністердің практикалық күші болады және ол адамның біліміне де қарамай, іс-әрекетіне жиі әсер етеді.
Поэзияның дінмен жақындығ ы бір қиялды көріністерді қоюды мақсат етеді. Бірақ сияқты емес дінде образдар шын өмірді айырбастайды және ол норма ретінде қызмет етеді.
Поэтикаға арналған Фарабидің трактаттары ойшылдың үлкен эрудициясын ғана емес, әдеби-көркем құбылысқа шығармашылықпен баруын, поэтикалық шығармаларды шынайы бағалауын және Аристотель идеясын насихаттаудағы тұрақтылығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |