Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселесі



бет13/23
Дата23.02.2024
өлшемі276.5 Kb.
#493054
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
новая лекция

Ақындығы. Әбу Насыр әл-Фараби-өз дәуірінің көрнекті ақындарының бірі. Орта ғасырда өмір сүрген араб шайырлары мен тарихшыларының еңьбектерінде әл-Фараби көп өлең жазған деген пікір айтылған. Е.Э. Бертельс те осында йқорытынды жасаған.
9-ғасырдың ортасынан арабизм мен исламның бацйланысын бұзған парсы поэзиясы дамиды және араб емес мұсылман мемлекеттерінің рухани мүмкіндіктерін ашады. Бірақ Фараби теоретик ретінде өз еңібектерінде антикаға сүйенеді: Адам өмірінің мақсаты-рухани тазару. Әдемілікте бірінші орын рухани бастауға беріледі, ішкі сұлулық бәрінен жоғары тұрады. Сопылық ағым Фарабиге дейін де, оның кезінде де мистикалық поэзияға негіз болды. Бірақ, Әл Фараби мен Ибн Синадан кейін поэзияға сопылық және философиялық мазмқн енгенін байқаймыз.
Өлеңдерін негізінде парсы және араб тілдерінде жазған. Бізге оның кей үзінділері ғана жеткен, бірақ осы аз ғана мұрасынан біраз деңгейде ақынның көзқарасынан хабар береді.
Өлеңдерінің негізгі тақырыбы-өмірдің мән-мағынасы жайлы толғау, оқу мен білімді мадақтау, адамгершілікке шақыру. Ақын өлеңдері философияға толы, оптимизмге бай. Фарабидің бір пара өлеңдері әлем (космос), ондағы адамның орны мен өмірінің мәнісі туралы философиялық рубаилар.
Біз бір мейман бұл жайда аз-ақ күндік,
Болымсызға таласып күн өткіздік.
Анталасып аптықпа тар қапасқа
Адамға әлем мекен ол мәңгілік (А. Машанов).
Мына бір өлеңінде ғұмырдың мәңгі еместігін айта келіп, жастық жүректің жалынын осы өмірің игілікті істерін атқаруға жұмвсау керектігін аңғартады:
Бауырым, қанша сүйгенмен,
Өтеді өмір күйбеңмен.
Шындыққа бас тік алаулап,
Пенделіктен бол аулақ.

Жататын дәйім жаңғырып,


Бұл өмір емес, мәңгілік.
Бейопа мына заманда,
Бақұл боп кетер адам да.
Жұрт кілең күнін көп қызық.
Жіберер зая өткізіп.
Ғұламада лиркалық сарында жазылған мұңлы, сырлы өлеңдер де баршылық.
Қайтейін мен көкжиек көңілімді,
Келер күнге үмітпен жол ашамын.
Қос шөлмекпен өмкіздім өмірімді,
Соны медеу етеді болашағым.

Бір шөлмекте көк сия толып тұрса,


Екіншіде шарап бар жайы мәлім.
Даналықты сиямен молықтырсам,
Шарабымен шерімді тарқатамын (А. Нысаналин).
Фараби дүнеден түңілмейді, табандылық, адалдық, өнеге-білім туын жоғары ұстайды.
Тіршілікке құрыштай бол төзімді,
Сан мәртебе алдаса да өзіңді.
Тағдырыңды еш уақытты жазғырма,
Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.

Өрге жүзген өнегелі ісімен,


Таңда адал дос өз теңіңнен ішінен.
Жүргендер көп достық атын малданып,
Алайда тек қалма оған алданып. (А. Нысаналин).
Өлеңдерін қазақ тіліне А. Нысаналин, А. Машанов аударған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет