Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселесі



бет15/23
Дата23.02.2024
өлшемі276.5 Kb.
#493054
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
новая лекция

АХМЕТ ЯССАУИ
(12 ғ.)

Ислам мәдениетінің қазақ жеріндегі ірі ошағы –Сыр бойы, Сығанақ, Отырар, Сайрам, Түркістан қалалары болды.


Қожа Ахмет Яссауи-ақын, ойшыл, ұстаз, діни қараткер, соғылық ағымның өкілі. А. Қыраубаева: " Иассауидың өз тұсындағы әдебиеттегі орны ірі-ірі үш нәрсемен өлшенеді дер едік. Бірі-сопылық идеяны түркі әдебиетінде негіздеу болса, екіншісі-ол кездегі поэзияның тілі парсы тілі болып тұрғанына қарамастан, өлеңді түркі тілінде жазуы, сол арқылы ұлтымызға ұйтқы болғаны".
Өмірі. Сайрам қаласында туып, Яссы қаласында тұрған, сонда алғаш діни-сопылық білім алған соң Бұхараға келіп, сопылық Орта Азиядағы жетекшісі болған Йусуф Хаманиге шәкірт болады.
А. Қыраубаева: "Яссауидың 90 мыңдай шәкірт-мүриттері болған".
Солпылығының негізгі талаптарының бірі-жалғыздық. аллаға сыйынып, оның құдіретінің шексіздігі мен рухани өмірдің мағынасын ұғуға тырысу, пенделіктен баз кешу. Сопы болу-мына дүниеде өмір сүріп, бұл дүниемен өмір сүрмеу. Пендешіліктен жоғары тұру, нәпсіден тыыйылу. Олар ғашықтықты аллаға қарата айтады. Материалдық құндылықтан жан тазалығын жоғары қояды.
Пайғамбар мешітінің жпанында отырған сахабалар артық іщіп-жемейтін, жүннен тоқылған жұпыны шекпенді ғана қанағат ететін жандар болатын. Оларды "эхли-суффа" деген ("суф"-арабша "жүн шекпен")
"Диуани хикмет".
Басылуы, зерттелуі, аударылуы. Кітабын түркі тілінде жазған. 15-16 ғасырларда жазылған көшірме нұсақасы кеңестер заманына дейін Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше рет басылған.
Идеясы. Діни имандылықты, жан тазалығын, ізгілікті үлгі етеді. Кемел адамды іздейді:

  • Өз көркіңе өзің мәз бола берме,

Өзіңе-өзің сұқтанғаның сірә жөн бе?
Аланы айтып тәубә қылғын жөнге кел де,
Түн ұйқыңды төрт бөліп, алдыңды ойла.



  • Менмен болма, тамұқ күтіп алар алда.

Тәкәппардың халі ауыр, тозақ ол да.



  • Дүние-мүлікке құмартып жаһар малын жиғандар,

Құзғын жемін жегендер арамға әбден батпақшы.
Арам жеген әкімдер, құныққандар параға,
Өз бармағын тістелеп, өкініп отқа жанбақшы.



  • Арамдықтан аулақ бол.




Жоққа әрине дауа жоқ, бардың жолын табыңдар.
Ғашықтық, махаббат жайы Аланы сүю, жаратушыға іңкәрлік мағынасында алынған.
Қырық үшінші хикметі өмір өлім туралы толғанысқа құрылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет