Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселесі


АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТ



бет20/23
Дата23.02.2024
өлшемі276.5 Kb.
#493054
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
новая лекция

АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТ
13-14 ғасырларда қазіргі Қазақстан жеріндегі түркі ру-тайпалар Алтын Орда мемлекетінің қол астына бірікті.
Тарихшылардың көрсетуінше, Алтын Ордағы қараған жерлер Бұлғар, Қырым, Дербентке дейінгі Кавказ,Үргеніш қаласы мен Хорезм, Батыс Сібірге, Сырдарияға дейінгі аралықтар.
Алтын Орданың тұңғыш хандары-Жошы, Бату, оның інісі Берке хандар. Беркенің тұсында Алтын Орда 13 ғасырдың орта тұсында Иран аймағында құрылған Хулагу мемлекетімен жойқын соғыстар жүргізеді. Оған қарсы күш жинау мақсатымен Египетпен жақсы қарым-қатынаста болған. Беркеден кейінгі Алтын Орда хандары: Мөңке Темір(1266-1280), Туды Мөңке(1280-1287), Тұлабұғы(1287-1290), Тоқты(1290-1312), Өзбек(1312-1342). Өзбектен соң оның ұлы Жәнібек хан атақты Сарайшықты салдырып, астана етеді. Тарихшылар, әсіресе, Өзбек ханның тұсында мемлекеттің саяси-экономика, әскери күші жағынан едәуір өсіп, мәдени-сауда қарым-қатынастары дамығанын айтқан.
Алтын Орданың құлдырауға бет алуы Жәнібек ханның кезінен байқалған(1342-1357). Мұны 1360-1380 жылдар арасында 25 ханның ауысуы да байқатады.
Алтын Орданың төрт астанасы болған: Бату сарайы, Берке сарайы, Аштархан, Сарайшық. Сол кезде Берке сарайына барып біраз тұрған саяхантшы Ибн Татута қаланы былай суреттепті: "Сарай қаласы, аса үлкен, әсем. Жері тегіс, халқы көп, базарлары, әдемі көшелері, 13 мешіті бар". Сарай қаласы 13-14 ғасырларда ғылым мен мәдениеттің аса ірі орталығы болған.
Алтын Орданы билеуші әміршәлер ішінен, әсерсе, Берке, ӨЗбек, Жәнібек хандар аса білімді, түркі халқының тарихы мен әдебиетін көп оқыған, сөзге шешен, өнер мен өлеңгеқұштар адамдар болған. Бұлардығ тұсында Египет пен Хорезмнің ең дарынды ғалымдары, ақын, әнші-күйшілері т.б. Сарай қаласында тұрды.
Мемлекет халқы этникалық құрамы жағынан біркелкі м-емес болатын. Егіншілікпен айналысатын аймақтарда, негізінен, Еділ бұлғарлары, орыстар, армяндар, гректер, хазарлар,қала қыпшақтары мекен етті. Ал мал шаруашылығымен айналысатын далалы өңірлерде түркі тайпалары басым еді.Халұ-қының көпшілігі түркі тектес ру-тайпалыр, қыпшақтар мен оғыздар көп болды.
Алтын Орда кезінде жасалған әдебиетте назира, нәзирагөйлік үрдісі дамыды. Бұл дәстүрдің негізгі ерекшелігі-шығыста бұрыннан тараған сюжеттерді қайталай жазу. Жазушы осы тақырыпты өзінен бұрын жазып кеткен туындыгермен шеберлік жарысына түседі. Шығыс әдебиеттеріне ортақ қалыпты сюжеттерге Құран хикаялары, әулие-әмбие оқиғалары, "Мың бір түн", "Тотынама", "Шаһнама" тақырыптары жатады.Бұрыннан белгілі сюжетті қайта жырлау, өткенге үңілу тарихи тамырларды зідеу-оянушылықтың белгілілері болса, оның әдебиеттегі көрініс ретінде назираны айтуға болады.
Нәзира тәсілінің негізгі жанры - қисса. Қиссаның өзіне тән стилі, қалыпты желілері, шарттылықтары болады: мінсіз кейіпкер, оқиғаның шығыс елдерінде өтуі, тұрақты құрылым жүйесі, т.б. Қазақ әдебиетіндегі қисса, дастан жанрының түп-төркіні 13-14 ғ.ғ. түркі әдебиетінен бастау алады.
Түркі оянушылығының екінші бір көрінісі 13-14 ғасыр әдебиетінен байқалады. Орта Азияда Ә. Науаи, әл Фараби шығармашылығында оянушылық белгіліренің бар екенін Жирмунский мәліметтерін сүйеніп ққазақ әдебиеттану ғылымында алғаш сөз еткен Ә. Қоңыратбаев. Кей ғалымдар (И.В. Баролина). Түркілердегі ренессанс олардың өзін-өзі тани бастауынан және Ренессанс мәдениетінің ошағы болған көрші Иранның(13-17) әсері деп біледі. И.С. Брагинскиий оянышылықтың негізгі шарты-орта ғасыр жағдайындағы қала мәдениетінің, қолөнер, сауданың дамуы деп біледі. Татар ғалымдары(Хикаманов Н.Ш.) т.б. Шығыс халықтары әдебиетініңдағы ренессанстық бастамалар Европа әдебиетінде жалғасын тапқан.
Мысалы, Фарабидің ғылымдағы тұлғасының да Винчиге, Ж. Баласағұнның көне антика әдебиетінің принциптеріне сүйенетіндігі, ежелгі ойшылдарды дәріптеуі, Яссауи және оның шәкірттерінің гуманизм идеяларын ту етуі, нәзирашылдық дәстүрдегі шығармалардың адамгершілік және түріктік мәселелерді көтеруі, шығармалардың түркі тілінде жазуы.
Ал түркі – қазақ әдебиетінде Алтын Орда мемлекетінің кезінде негізгі әдеби үрдіске айналды. Ақындар ежелгі мифтерден "әділ патша" және "адамгершілік" желілерін алып дамытты.
Алтын Орда дәуірінің мұралары бізге онша көп сақталмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет