НАСРЕДДИН РАБҒҰЗИ "ҚИССА-СҰЛ ӘНБИЯ" Орта ғасырлардағы шығыс ертегі-аңыздарының, мифтік сюжеттердіңғ шағын әңгіме-повесть, өлеңдерінің жинағы. Олардың көпшілігі күні бүгінге дейін қазақ ертегілерінде айтылады. 1310 жылы Насреддин Тоқбұғы бек деген кісіге арналып жазылған. Туындыгері-Рабат Оғыз қыстағының қазысы Бурһанеддинұлы қазы Насреддин.
А. Қыраубаева: Жалпы мазмұнын былайбөліп қарастыруға болады:
1. Табиғат, жаратылыстың пайда болу жайындағы;
2. Әулие-әнбиелер жайындағы діни-мифологиялық әңгімелер, аңыз-қиссалар;
3. Тарихи, діни ұайраткерлер туралы қисса-хикаялар;
4. табиғат, жаратылыс туралы мифтер;
Мұнымен қоса, автордың өз жанынан шығарған өлеңдері де бар. Онда жыл мезгілдері, көктем айындағы жер дүниенің өзгерістері жырланады. Тағы бір өлеңде шығармашылық еңбек сырын баяндайды.
Басылуы, зерттелуі, аударылуы. 19-20 ғасырдың басында Қазақ, Ташкент қалаларынан соны рет қайталанып басылып шығып, ел арасында кеңірек танымал болған.
Көшірме нұсқалары. Ең ескі көшірме қолжазбалары Лондондағы Британия музейінің кітапханасында, Санкт-Петербургтегі М.Е. Салтыков-Щедрин атындағы кітапханада сақталған. Бірнеше көшірмесі бұрынғы Кеңестер Одағы Ғылым Академиясының Шығыстану институтының Санкт-Петербург бөлімінің кітапханасында бар. Ең алғаш 1859 жылы Н.И. Ильминский Қазақ университетінің баспаханасынан толық мәтінін бастырып шығарған.
Қазақстанда бірінші рет1867 жылы профессорБ. Кенжебаевтың басшылығымен "Ертедегі әдебиет нұсқалары" атты хрестоматияға енгізді. Мұндағы үзінділер 1914ж. Қазан баспасынан алынған.
ҚҰТБ ХҰСРАУ-ШЫРЫН (14 ғ.) Низами аудармасы. Сюжетті сақтай отырып, еркін, өз елінің жағдайына сәйкестендіріп, түркі оқырманының түсінігі мен дағды-дәстүріне лайықтап жазылған. Тынысбек шаһзананың тұсында 1341-1342 жылдары жазылған екен. Ғашықтықты, жақсылықты, ізгілік пен адамгершілікті үлгі етеді.Дастандағы негізгі бір ой-өмірдің өтпелілігі турады. Шығыс халықтарына кең тараған әдеби сюжетке құрылған. Бұл тақырыпты алғаш жырлаған Фирдоуси болса, одан кейін Низами, Әмір, Хұсрау, Жәми, Науаилер де қалам тартқан. Дастанға арқау болған кейіпкерлер-590-628 жылдары Иранды билеген, Өз баласы Шируяның бұйрығымен өлтірілген патша Хосров Парвиз Бен оның әйелі Шырын.
Бас жағы түркі поэзиясының дәстүрі Алла тағалаға тілек етумен басталады. Одан соң өзі шығарманы арнап отырған Тынысбектің жұбайы Мәликені дәріптейді.