Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы


Қазақ этаопедагогикасының практикалық негізі -



бет11/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   143
Кітап Тәрбие

Қазақ этаопедагогикасының практикалық негізі - ұлттық тәжірибе болса, оның жемісі ұлттық тәрбиеден көрінеді. Қандай тәрбие болса да, ол ұлттық тәрбие деп аталады. Өйткені тәрбие белгілі бір ұлттың тілінде жүргізіліп, ділінде қалыптасады.


Ұлттық тәрбие тағылымдарының диалектикалық негiздерi


1. Бала тәрбиесінде тілазарлық - тiлалғыштық, инабатсыздық – инабаттылық, қырсықтық – iзеттiлiк, ұятсыздық – имандылық, анайылық – сыпайылық, енжарлық – ықыластық, әдепсіздік - әдептілік т.б. қарама-қайшылықтарды тәрбиешi ұстаз, ата-ана, жеке тұлғаның өзi сергек сезiнiп, сол қарама-қайшылықты жеңу үшiн, өмiр тәжiрибелерiне сүйенiп, түрлi тәрбие тәсiлдерiн, амал-айлаларын, әдiстемелiк тұжырымдарын iске асырады.
2. Бала тәрбиесiнде еркiндiк, қажеттiлiк, мүмкiндiк, санның сапаға көшуi, өмiрмен жеке тұлғаның рухтық байланысы, мәңгi өсу (бiр кезеңде құлдырап, қайтадан өсу) заңдылықтары ескерiледi.
Егемендi ел болған бiздiң көп ұлтты мемлекетiмiзде тәрбие iсiндегi еркiндiк тәрбиелеушiлердiң жаңаша iс-қимылдық әрекетi мен тәлiмдi тәжiрибелерi қоғамдық өмiр қолданысына айналуда. Бұл ретте, қоғамдағы қалыптасқан ұлттық тәрбиеге көңiл бөлiнiп, этностық мәдениеттiң тәрбие негiздерi екендiгiн мойындау, әдептiлiк дәрiстерi, этнопедагогика мен этнопсихологиялық ғылым болып жүйеленуi, пән болып оқытылуы – тәрбие тарихындағы дамудың саннан сапаға айналу кезеңi болып табылады. Өйткенi, қайта құрылған нарықтық үнем қоғамында, өркениеттiк, демократиялық құрылыс үшiн күрес дәуiрiнде халықтың, даналардың, ғалымдардың ғасырлар бойы қалыптастырған тәлiмдiк мұраларын сараптай саралап, оның озық үлгiлерiн одан әрi дамыта пайдалану қажеттiлiгi арта түсуде. Тарих дөңгелегi алға жылжиды, сол «жылжуға» тәрбиешiлер мен тәлiмгерлер iлесе бiлуге мiндеттi. Мысалы, «имандылық» сияқты ұлттық дәстүрлердiң бұрынғы қолданысы, қарама-қайшылыққа ұшырап, дамытыла қолданылатын қазiргi және келешек қолданысы әрбiр тәрбиешi мен тәлiмгердiң iс-әрекеттегi бiлiктiк парасатынан айқын көрiнуге тиiс.
3. Диалектикалық заңдылықтар бойынша даму «секiрмелi», «төңкерiстi» болады деген қағиданы терiс қолданып, кейбiр «жалған жаңашылдар» ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұраны жоққа шығарып, «жаңаша», «өзiм таптым» ұсыныстарын еңгiзбекшi болады. Мұндай «жалған жаңашылдар» мен «жойқын жойымпаздарға» қарсы, халықтың қастерлеп қалыптастырған дәстүрлерiнiң озық та, жаңаша жаңғыратын жариялы жақсылықтарын қорғап қалып, қолдана беру қажет. Мысалы, қазақ халқының қонақжайлығының бұрынғы, қазiргi, болашақ мәдени мәндiлiктерi – ұлттық тәрбиенiң бiр ерекшелiгiн көрсетедi. Оны жоққа шығарсақ, ұлттық тәрбие мақсаттарына нұқсан келтiремiз.
«Төңкерiс» болып, коғам өзгергенмен, адамдар қасиетiн сақтап қалады, адамдардың тәрбиесi мәңгi дами бередi, ол дамуда сапалық сабақтастығы өзiнiң жалғасын үзбейдi. Тәрбиенiң осы диалектикалық негiздерiн бiз оқу-тәрбие iсiнде зерлей ескерiп, зерттей жалғастырып отырамыз.
4. Тәрбие мақсаттарындағы негiзгi қағида өткеннен өркениеттi нысандарды қабылдау, жеткенге қанағаттанып, тоқтамай, болашаққа баратын жолды айқындау, өсудiң биiктеу мен құлдырау шектерiн сараптай бiлiп, келешекке көрегендiкпен «көз» тастау екенiн әрбiр салауатты тәрбиешi салтанатты ой парасатымен бағамдай бiлуi тиiс.
«Жоқтан бар болмайтын, бардан жоқ болмайтын» өмiр заңдылықтарына сүйенсек, жаңаға жаңғыртып (инновация) құратын тәрбие әрекеттерiнiң негiзi – тәрбие тарихының алтын өзектерiнде жатыр. Ол құндылық ұлттық әдебиет пен салт-дәстүрлерде (халық педагогикасында) екендiгi белгiлi.
Тәрбие – жеке тұлғаның рухани, бiтiмдiк, бiлiмдiк, ой-саналық дамуының негiзгi факторы. Бұл фактор жеке тұлғаға сыртқы әсер, iшкi әсер арқылы ықпал жасайды; iшкi, сыртқы қайшылықтар арқылы басты қозғаушы күшке айналады.
Жеке тұлғаның дамуындағы күрделi қайшылықтар оның тегiне (тұқым қуалаушылыққа), ол өсiп жатқан ортаға (айналасына), тәрбиеге байланысты болады.
Жеке адамның адамдық бейнесiнiң жан-жақты дамып, қалыптасуына оның тегi (тумысы), әулеттiк (тұқым қуалаушылық) жағдайлары да көп әсерiн тигiзедi, оның үстiне әлеуметтiк жағдайлар, қоғамдық қатынастар бұл тектiк (тұқым қуалаушылық) қасиеттерге өз әсерiн тигiзiп, жаңаша өмiрге қарай бейiмдеп отырады.
Бiз тәрбиеде жеке тұлғаның тектiк асыл қасиеттерiн айқындап; тәрбие мақсаттарына қайшы келетiн оның iс-әрекетiндегi, мiнез-құлқындағы тектiк келеңсiз жағдайларға қарсы тәлiм-тәрбиелiк тәсiлдердi қолданамыз. Ол үшiн жас ұрпақ бойындағы дарын нышандарын, өмiрге бейiмдiлiк деңгейiн, қабiлеттiлiгiн айқындап, еңбекке, игi iс-әрекеттерге дағдыландырып, жаттықтыру арқылы тәрбие мақсаттарына жетемiз.
Жеке тұлғаның дарындылығы, қабiлеттiлiгi оны «тегiне, нәсiлiне байланысты» деген ұғымдар мен тұжырымдар психология және педагогика ғылымы толық қуаттайды. Оны «жаманнан жақсы туады, адам айтса, нанғыссыз, жақсыдан жаман туады, бiр аяқ ас алғыссыз» деген халық даналығы да айқын дәлелдейдi. Сөйтiп, педагогика және психология ғылымы тектiң (тегiне тартып туудың) жеке адамның дамуына ықпалын мойындайды, бiрақ ол жетекшi және анықтаушы рөл атқарады деп тұжырым жасамайды.
Бiз тәрбиеде жеке адамның дамуына табиғи орта, жағрафиялық орта, әлеуметтiк орта және отбасы ерекше әсер ететiнiн ескеремiз. Әрбiр адамға оның айналасы (өсiп отырған ортасы) ықпалын тигiзетiнi – анық құбылыс. Жағрафиялық орта адамның тiршiлiк етуiне, еңбек әрекетiне, кәсiптiк iс-қимылына, тiптi мiнез-құлқына да әсерiн тигiзетiнi белгiлi. Жайнаған жасыл жайлауы әрбiр адамның көңiлiн көтерiп, мөлдiр бұлағы, таза ауасы тәнi мен жанына ұнамды әсер етiп, оның адамдық (салауаттылық) қасиетiн биiктете түсетiнi тәрбиенiң де нәтижелi болуына ықпалын тигiзедi.
«Әсерленудiң күшi сыртқы әсердiң күшiне байлаулы» деп, Мағжан Жұмабаев айтқандай, жағрафиялық орта (сыртқы әсер) тәрбие iсiнде ескерiлiп, қарама-қайшылықтарға қарсы түрлi тәлiм-тәрбиелiк тәсiлдер қолданады.
Жеке адамды тәрбиелеуде, әсiресе, отбасының (үй iшiнiң) әсерi зор болады. Сондықтан, ата-ана отбасындағы тәрбиеге жауапкершiлiкпен қарап, оны реттеп отырады. Отбасы мүшелерiнiң бiр-бiрiне ықпалы олардың тәлiм-тәрбиелiк мiндеттерiн орындаумен ұштасады. Қалыптасқан ұлттық тәрбие дәстүрлерi бойынша ата-ананың балаға қамқорлығы, ағаның iнiге қамқорлығы, iнiнiң ағасына, әрбiр баланың ата-анасын сыйлай бiлуi, әпкенiң iнiлерi мен сiңлiлерiне қамқорлығы, сiңлiсiнiң әпкесiнен үлгi алуы, жиендердiң нағашылармен қарым-қатынасы: инабаттылық, имандылық, қайырымдылық, мейiрiмдiлiк, көпшiлдiк, меймандостық бәрi-бәрi, негiзiнен отбасындағы тәрбие жұмыстары арқылы қалыптасады.
Жеке адамның тәрбиеленуiне қоғамдық құрылыс пен әлеуметтiк орта ерекше әсер етедi. Әлеуметтiк ортадағы тексiздiк, таптық теңсiздiк, дене еңбегi мен ой еңбегi арасындағы айырмашылықтар мен қайшылықтар жеке адамды тәрбиелеуге көп кедергi жасайды. «Өмiр - күрес», тәрбиешiлер сол қайшылықтарға қарсы күрес тәсiлдерiн ұйымдастыра бiлуге тиiс.
Педагогика, психология ғылымы экспансиялық (басыну) ықпалын, изуверлiк (нәсiлдiк) теорияны диалектикалық тұрғыда сараптап, олардың жеке адамның дамуына әсерлiк мәнiн айқындайтын ғылыми тұжырымдар жасайды да, оны шешушi құбылыс деп таппайды, яғни, жеке адамның дамуына жағрафиялық ортаның, отбасының, әлеуметтiк ортаның, тәрбиеленушiнiң айналасының әсер ететiнi айқын, бiрақ ол жеке адамның кiсiлiк, тұлғалық, адамдық бейнесiн қалыптастыруда шешушi рөл атқармайды.
Жеке адамның дамуына ерекше ықпал ететiн фактор (қозғаушы күш) тәрбие болып табылады. Тәрбие адамның дамуына ықпал ететiн iс-әрекеттер мен құбылыстарды талғай сараптап, оны түрлi әдiс-тәсiлдер арқылы iске асыруды көздейдi. Тәрбие жұмысында жеке тұлғаның даму заңдылықтары (тұқым қуалаушылық ықпалы, айналаның, жағрафиялық жағдайлардың әсерi т.б.) ескерiледi. Сөйтiп, тәрбие жеке тұлғаның бойына туа бiткен қасиеттердiң дамуына ыждағатты ықпал жасайды. Академик И.П.Павлов жанжүйе (нерв) қызметiнiң әртүрлi типтерiнiң негiзiнде жатқан әсерленгiштiктiң күшi, тепе-теңдiгi және жылжымалылығы тәрбиенiң ықпалымен едәуiр дәрежеде «өзгертуге» көнетiндiгiн дәлелдедi. Абай дана: «Егер закон қуаты қолымда болса, адам мiнезiн түзеп болмайды деген кiсiнiң тiлiн кесер едiм», - дейдi. Яғни жеке тұлғаның адамдық болмысын қалыптастыруда тәрбие шешушi рөл атқарады. Тәрбиеленушiнiң бойындағы бейiмдiлiктер мен дарын нышандарының бастау көрiнiстерiн көре бiлген тәрбиешi, оны дамытудың әдiс-тәсiлдерiн тиiмдi қолданып, тектiк және қоршаған ортадағы кедергiлерге қарсы iс-қимыл жасай алады, сөйтiп жеке тұлғаның өзгеше дамуына жол ашады.
Жеке тұлғаның iс-әрекетке ынталануы, ықыластануы, мамандықты талғап, таңдай бiлуi, белгiлi бiр кәсiптiң сырын-қырын терең бiлуге талпынуы үздiксiз, жүйелi тәрбиенiң арқасында айқын дамып, оның таңғажайып талантының бетi ашылуы мүмкiн. Талантты адам дегенiмiз – ерекше жұмыс қабiлетi қалыптасқан, мамандығы марқайған, өз iсiнiң шеберi болған адам.
Тәрбие жеке адамның дамуындағы шешугi қозғаушы күш ретiнде, әлеуметтiк ортамен өзара әрекеттестiк арқылы, әлеуметтiк-экономикалық қатынастардың сипатына сәйкес, мемклекеттiк және әлеуметтiк рухани құралдарды кеңiнен пайдалану арқылы, саяси-идеологиялық iс қолданыста өз нәтижелерiн бере алады.
5. Тәрбие iсiн «айнаға түсiрiлген бейне» (Ян Амос Коменский, ХVII ғ.), «таза тақтаға жазылған жазу» (Джон Локк, ХVIII ғ.) деп бейнелеген тарихтағы ұлы педагогтардың педагогикалық-психологиялық тұжырымдарын (ұқсату анықтамаларын) тарихта педагогтардың одан әрi дамыта түсуiн қажет етедi. Тәжiрибелi педагогтар жеке адамның дамуында тәрбиенiң шешушi және жетекшi рөлiн жоғары бағалады. Сөйтiп, тәрбиенiң ғылыми iс-әрекеттiк теориялары мен әдiстемесi (методикасы) жасалынды. Бiртұтас тәрбие тағылымдарының диалетикалық негiздерi жеке тұлғаның, әлеуметтiк (қоғамдық) құрылыстың даму заңдылықтарымен тiкелей байланысты.
6. Жеке адамның жан-жақты дамуының бiр нәтижелi негiзi – оның бiлiмi. Ал, жан-жақты бiлiм беру iсiн жүзеге асыру үшiн, қоғамда материалдық және техникалық база әлеуметтiк сұранысқа байланысты, жеткiлiктi және өркениеттi, демократиялық қолданыста болуға тиiс. Ақы төлеп оқу мен тегiн оқу жүйесiн мемлекеттiк тұрғыда ұйымдастыру саясатында, тегiн оқыту үшiн жеке адамнан бiлiмдiлiк пен бiлiктiлiк жүйелi түрде қатаң талап етiледi де, бiлiм алушының жауапкершiлiгi, тәртiптiлiгi, адамгершiлiк бейнесi оқу-тәрбие кезiнде барынша баянды қалыптасады. Өркениеттi елдiң адамы еңбек мәдениетiн жақсы игерiп, өндiрiс технологиясын жақсы бiлуге тиiс. Ғылыми-техникалық прогресс (алға даму) заңдылықтары, рухани байлық, мәдениеттiң қарқындап дамуы, бiлiм алуға құштарлықтың, ынта-жiгердiң артуы тәрбие тағылымдарын талғай таңдап, арқауын үзбей алға алып баруды қажет етедi.


Ұлттық тәрбие мақсаттарын жүзеге асырудағы заңдылықтар


1. Тәрбие iсiнiң қоғамдық өмiрге, жеке тұлғалардың бiтiмi мен психологиялық ерекшелiктерiне байланыстылығы оның негiзгi заңдылығы болып табылады. Тәрбие iсi адамдардың материалдық рухани жағдайларын қамтамасыз ететiн қарым-қатынастарға, қоғам игiлiгiн өндiрудiң тәсiлдерiне, қоғамдық саяси-идеологиялық жағдайға, рухани, мәдени жағдайларға байланысты құрылады да, жеке тұлғаны қоғамдық өмiрге бейiмдейдi, оның дүниетанымын қалыптастырады, жан-жақты дамуына әсерiн тигiзедi.
2. Халықтың материалдық және рухани байлығының дамуы, оның бiлiмдiлiгi, мәдениеттiлiгi, жеке адамдардың имандылық, қайырымдылық, iзгi қарым-қатынастары, саяси саналығы, өмiрге бейiмдiлiгi мен ынта-жiгерi бiртұтас тәрбиенiң маңызды мазмұндылығын көрсетедi.
3. Тәрбие мақсаты оның стратегиялық (түпкi мақсаттылық), тактикалық (iс-қимыл тәсiлiндiк) жағдайларына байланысты болады. Ол мақсаттар мен тәсiлдер әдiстемелiк жүйемен iске асырылады.
4. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы мен оны оқыту, тәрбиелеу iсiнiң бiртұтастылығы – тәрбие жүйесiнiң негiзгi бiр заңдылығын көрсетедi. Яғни жеке адамның дамуы мен оны тәрбиелеу iсiмен тiкелей байланысты. Бұл ретте бiр-бiрiнен бөлiнбейтiн педагогикалық және психологиялық iс-әрекеттердiң тұтастығы, педагогикалық, психологиялық бағдар (диагностика) зор рөл атқарады.
5. Тәрбие iсiнiң тағы да бiр педагогикалық заңдылығы: тәрбиеленушiнiң iс-әрекетi неғұрлым қоғамға пайдалы болатындай ұйымдастырылса оның қоғаммен байланысы да солғұрлым саналы қалыптасып, тәрбиенiң тиiмдiлiгi арта түседi. Бұдан келiп тәрбиешiлер мен тәрбиеленушiлердiң өзара және жалпы қоғаммен тығыз байланысы қалыптасады. Бұл қарым-қатынас (алтын арқау) – тәрбие iсiнiң нәтижелi болуының кепiлi.
Тәрбиешi мен тәрбиеленушiнiң арасындағы заңды, ыждағатты қарым-қатынастың қалыптасуы – тәрбиеленушiнiң iс-әрекетiне белсендiрек, ынта-ықылас туғызатын құбылыс. Бұл – жеке тұлғаның жан-жақты дамуының бiр өзегi болады. Жеке тұлғаның өмiрге құштарлығы, өзiн өмiрде бақытты деп санау сезiмдерi осындайдан туындайды.
6. Тәрбие iсiнiң қозғаушы күшi – қарама-қайшылық. Бұл педагогикалық-психологиялық құбылыстар әсерлi iс-әрекеттер арқылы тәрбие iсiнде өз нәтижелерiн бередi. Мысалы, қайғы-қуаныш, сенiм-күдiк, қанағаттану-қанағаттанбау, т.б. Тәрбиелеушi тәрбие iсiнде осы қарама-қайшылықтармен күрес тәсiлдерiн қолданады. Ескi мен жаңаның арасындағы қайшылықпен «күрес» кезiнде тәрбиешi «ескiнiң» жаңғырып, жаңаланып отыратынын, жойылған ескi жаңаның жаңадан туындауына себепшi болғанын дәлелдеудi ұмытпауға тиiс. Мысалы: қазақ халқының ұлттық тәрбиесiндегi (халық педагогикасындағы) ескi дәстүрлердiң жаңғырып жаңаруы, оның жалғасуы, тозғаны мен озғаны айқын баяндалып, қолданылмалы iс-әрекетте өз мәнiн табуға тиiс. Ұлттық этиканың қалыптасып, мәдениеттiң дамуы жағдайындағы қарама-қайшылықтар дамудың негiзi бар заңдылығы екендiгiн ескерген ғалым, жеке адамның рухани дамуына өзек болатын тұжырымдарды айқындайды. Мысалы: ұлттық мәдениеттегi имандылық дәстүрiнiң жаңғырып, дамып, жаңаша қалыптасуы үшiн, ескiден ерекше ел санасына енiп, салт-санаға айналған үрдiстер (iзгiлiк, қайырымдылық, мейiрiмдiлiк, инабаттылық) қоғамдық құрылыстағы келеңсiз жағдайларда (нарықтық үнем кезiндегi ұлттық психологияға әсер еткен рухани, экономикалық үрдiстер) қара бастың қамын ойлаушылық, ақшақұмарлық, пайдакүнемдiк белең алған кезде, тәрбие iсi орасан зор кедергiлерге, қайшылықтарға ұшырайды, сол қайшылықтармен тәсiлдi күрес жүргiзу арқылы тәрбиешiлер (ғалымдар, ұстаздар) жаңаша жаңғырту әрекетiнде өз жеңiстерiне жетедi де, даму заңдылықтарының ғылыми жетiстiктерiне ие болады.
7. Бiртұтас тәрбие мақсаттарын айқындап, оны жүзеге асыруда жеке тұлғаның тұлғалық, бiтiмдiк, психологиялық ерекшелiктерi, оған әсер ететiн қоғамдық, әлеуметтiк, тұрмыстық жағдайлар, тәрбие iсiндегi қарама-қайшылық заңдылықтары, тәрбиеленушi мен тәрбиешiнiң, жеке адам мен қоғамның арасындағы қарым-қатынастар, тәрбиенi түпкi (стратегиялық) мақсаттары мен тактикасы (iс-әрекеттегi тәсiлдерi) жалпы тәрбие тәжiрибелерi арқылы айқындалып, бұл заңдылықтар тәрбиелiк iс-әрекеттерде бүтiндей қолданылмалы тәсiлдермен iске асырылады.
Біз ұлттық тәрбиеде жаһандану үрдісінің тек өркениеттік құндылықтарын халық педагогикасымен сабақтастыра пайдаланамыз7


Ұлттық тәрбие тәжiрибелерi


Адамзат тарихында тәрбие тәжiрибелерi жеке адамның өзiн-өзi тәрбиелеуiне, отбасының тәрбиесiне, қоғамдық тәрбиеге, оқу мен тәрбиенiң байланысына сүйенедi. Тәрбие жұмыстары ұлттық тәрбиеге, саяси-әлеуметтiк тәрбиеге байланысты өз ерекшелiктерiн көрсетедi. Тәрбие тәжiрибелерiнiң негiзгi тiрегi – ұлттық тәрбие.
1. Жеке адамды тәрбиелеу тәжiрибелерi отбасы тәрбиесiнде жан-жақты жүргiзiледi. Жас баланың дүниетанымын, қиялын, тiлiн дамыту үшiн ата-ана және отбасының үйелмендерi тәрбие тәсiлдерiн жан-жақты қолданады: балаға сан үйрету, тiлiн ширату үшiн жаңылтпаштар үйретудiң әдiс-тәсiлдерi, жеке тұлғаны өмiрге бейiмдеу (өзiне өзi қызмет етудi, «тiршiлiк жасауды» үйрету жолдары т.б.) тәжiрибелерi халық педагогикасында сабақтасып, сапалы нәтижелерiн көрсетедi. Халық тәрбие тәжiрибелерiне сүйенiп «адам болар баланың адамменен iсi бар, адам болмас баланың адамменен несi бар», «сабыр түбi – сары алтын», «жақсылыққа жақсылық - әр кiсiнiң iсi, жамандыққа жақсылық – ер кiсiнiң iсi» деп тұжырымдайды. Халық тәрбие тәжiрибелерiне (ұлттық тәрбиеде) ауыз әдебиетiн, әдептiлiк негiздерiн, салт-дәстүрлердi, салт-сананы пайдаланады. Ол үшiн рәсiмдер жасайды, ырым-тыйымдар қолданады, рәмiздердi, жол-жоралғыларды пайдаланады. Тәрбие тәжiрибелерi балабақшамен, мектеп өмiрiмен сабақтастырылады.
2. Балабақшадағы тәрбие тәжiрибелерi жоспарлы түрде ғылыми-педагогикалық негiзде жүргiзiледi. Бөбектер мен балдырғандардың дүниетанымын, тiлiн, қиялын дамытып, мiнез-құлқына әсер ету үшiн, түрлi ойындар, эстетикалық әсер еткiш тәсiлдер қолданылады. Әрине тәжiрибе жаңаша жаңғырып (инновацияланып) отырады. Ол балабақшадағы әдiскер-тәрбиешi халықаралық, халықтық, педагогикалық тәжiрибелердi жан-жақты игерiп, өз iсiнде жаңаша (жаңғырту) iс-әрекеттерiн ұйымдастыра бiлуге тиiс. Балабақшадағы iс-тәжiрибелерi, көбiнесе, отбасымен тығыз байланыста болуға тиiс екендiгi белгiлi.
3. Педагогикалық және психологиялық тәрбие тәжiрибелерi мектепте оқыту iсiмен, оқу-тәрбие iсiнiң бiртұтастығымен байланысты жүргiзiледi.
Ұстаз тәрбие iсiнiң әрбiр жаңа бастамасында бұрынғы тәжiрибелерге сүйенiп, соны алға қарай дамытады, егер ескi тәжiрибе жаңаша өмiрге қолдануға сәйкес келмесе, оның негiзiнде тәжiрибеде жаңа қолданыстың негiзiн қалайды. Тәрбие тәжiрибесiнде қателесiп, кемшiлiк жiбермес үшiн тәрбиешi «пiкiрлесу», «пiкiрталас», «мақұлдасу», «сөзге тоқтау», «сөз сыйлау» тәсiлдерiн қолданады.
4. Тәрбиелеу тәжiрибесiнiң тағы бiр тиiмдi түрi - ­өзiн-өзi тәрбиелеу әрекеттерi. Бұл iстегi тәрбие тәжiрибесiне әдебиет, радио, теледидар, театр, кинофильмдер, компьютерлық көрсетiлiмдер сүйемел болады. Мұндай басшысыз жүргiзiлетiн тәрбие тәжiрибелерiнде көптеген кемшiлiктер мен қателiктер болуы мүмкiн. Ондай жағдайда, жеке тұлға (кiсi) тәжiрибелi тәрбиешiлермен кеңесiп, келiсiп отыруға тиiс.
5. Тәрбие тәжiрибесiнiң негiзгi бiр түрi – эксперимент (арнайы жасалынатын тәжiрибелер). Бұл тәжiрибеде теориялық (оқыған, естiген, тұжырымдаған) бiлiмдi iс-әрекетпен байланыстыру тәсiлдерi қолданылады (iс-қимылда байқау, лабораториялық тәжiрибе жасау т.б.). Яғни теорияны практикамен (iс-қимылмен) айқындау, дәлелдеу, қолдану жұмыстары жүргiзiледi.
6. Тәрбие тәжiрибесiнде үйретiлген iс-әрекеттi тәрбиеленушiлердiң орындауын талап ету, байқау, бақылау, бағалау жұмыстары ерекше жүйелi түрде жүргiзiлуге тиiс.
7. Тәрбие тәжiрибелерiнде сонымен қатар педагогикалық-психологиялық заңдылықтар ескерiледi (бiлмекке құштарлық, қабiлеттiлiк, дарын нышандары, мiнез-құлық ерекшелiктерi; қоғамдық, өндiрiстiк қарым-қатынастар, т.б).

Тәрбие теориялары және қазақ ұлттық тәрбие жүйесі


Тәрбие туралы ұғымдар жүйесiн, тәрбие заңдылықтарын тәрбие теориялары айқындайды. Педагогика тарихында авторитарлық (беделдiк), сенсорлық (сезiндiру), еркiн тәрбие, прагматизм (шақтап тәрбиелеу), неопозитивизм (саясатсыз тәрбиелеу), экзистенциализм (өзiндiк тәрбие), неотомизм (дiнге байланысты тәрбие), ұжым арқылы тәрбиелеу, гуманизм (адамгершiлiк негiзiнде тәрбиелеу), имандылық (кiсiлiк), демократизм (көпшiлдiк) теориялары белгiлi.
1. Тәрбиешiнiң беделiне негiзделген авторитарлық (беделдiк) тәрбие теориясы, көбiнесе, дiни тәрбиеде қолданылады. Дiн «Алланың ақ жолына» бейiмдеп, әрбiр адамның сөзсiз мойындайтын дiни тәрбие нұсқаларын тұжырымдап, белгiленген, адам өзiнiң адамгершiлiгiн, адамдық бейнесiн құрметтеп, сол белгiленген тәрбие мақсаттарын орындауға мiндеттi. Авторитарлық тәрбие теориясы тәрбиешiнiң қалыптасқан беделiне тәрбиеленушi тәнтi болып, оның тәрбиелiк талаптарын сөзсiз орындауға мiндеттi. Бұл теорияға педагогика ғылымы инновациялық (жаңғыру) үрдiстерiн сабақтастырып, гумандық (кiсiлiк), еркiндiк қағидаларды үйлестiрiп қолдануды қажет деп қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет