Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы


Еркiн тәрбие теориясы баланы тәрбиелеуде оның еркiне нұқсан келтiрмеудi



бет12/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   143
Кітап Тәрбие

2. Еркiн тәрбие теориясы баланы тәрбиелеуде оның еркiне нұқсан келтiрмеудi көздейдi. Педагогика тарихында бұл теорияны Жан-Жак Руссо, И.Песталоцци т.б., ұлы педагогтар қолдаған болатын. Педагогика ғылымы тәрбиенiң еркiндiгiн көздегенмен, тәрбие жүйесiндегi «Фарабилық орта» (тәрбиеленушiге аса жұмсақ болмау) керек екенiн дәлелдейдi. Қазақтың халық педагогикасында баланы «еркелетiп есiртпей», «қызға қырық үйден тыйым салу» дәстүрiн тәрбиенiң тәрбиелiк негiзi деп есептейдi.
3. Тәрбие теориясында көбiрек қолданылған, әсерлендiру теориясы – баланың сезiмiн билеп, сезiндiрiп, әсерлендiре тәрбиелеу сенсорлық тәрбие деп аталады. Бұл теорияны ертеде Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци қолдаған болатын. «Адамның адамдығы оның көркемдiктi сезiнуде» (Н.Г.Достоевский). Яғни тәрбиеде баланы көркемдiктi сезiндiре тәрбиелеу – басты мәселе. «Құлақтан кiрiп, бойды алар, жақсы ән мен тәттi күй», - деп Абай айтқандай, сезiндiре тәрбиелейтiн сенсорлық тәрбие теориясында баланың тәрбиесiне психологиялық және педагогикалық бiртұтастық, эстетикалық тәрбиенiң негiзi жатқандығын көремiз.
4. Прагматизм (шақтап тәрбиелеу) теориясын американдық педагог-прагматист Джон Дьюи (ХIХ-ХХ ғғ.) мәлiмдеп, балаға шақтап бiлiм берудi, еңбекшi баласына тәрбиенi де шақтап жүргiзудi ұсынды. Педагогика ғылымы тәрбиенiң бұл теориясы адами өмiрге, прогрестiк өсуге, тарихи болашаққа сәйкеспейдi деп есептейдi. «Ер жiгiтке елу өнер де аз» дейтiн халық педагогикасы, мұндай «шақтау» теориясының жеке тұлғаның дамуына керi әсерiн тигiзетiнiн дәлелдейдi.
5. Неопозитивизм (саясатсыздық) теориясы балаға бiлiм бергенде, оны тәрбиелегенде «таза бiлiм», «таза тәрбие» ешбiр саясатсыз, идеологиясыз болсын деген пiкiрдi көздейдi. Педагогика ғылымы тәрбие қоғамдық, әлеуметтiк құбылыс болғандықтан, оны және ғылымды саяси-әлеуметтiк жағдайдан бөлiп қарауға болмайды деп есептейдi. Әрбiр адам – мемлекеттiң бiр мүшесi. Ал мемлекет саясаты демократиялық болса, сол саясатты тәрбие iсiне пайдалану – тәрбиеде өз нәтижелерiн берерi хақ.
6. Тәрбиенiң экзистенциализм теориясы ғылыми тұжырымдарға қарсы әрбiр жеке тұлғаның «өзiндiк дүниесi» болады деп есептейдi. Сөйтiп, жеке адамның өзiн-өзi тәрбиелеуiн ұжымдық тәрбиеге қарсы қояды. Педагогика ғылымы жеке адамды әлеуметтен, ұжымнан бөлiп қарау, тәрбиеге зор кедергi келтiредi деп қарайды, бұл теорияның тәрбиеге зиян екенiн дәлелдейдi.
7. Дүние жүзi халықтарында кеңiнен қолданылып келе жатқан тәрбиенiң «неотомизм» (дiнге байланысты тәрбиелеу) теориясы өзiнiң тәрбиелiк мәнiн жоғары қояды. Бiрақ бұл теория ғылымды дiнге қарсы қояды. Педагогика ғылымы тәрбие мен ғылымның бiртұтастығын дәлелдеп, дiнге байланысты тәрбиенi жалпы тәрбиемен сабақтастыруды көздейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет