Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет8/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   143
Кітап Тәрбие

Қайырымдылық, мейірімділік қасиеті бар халық (қазақ ұлты) басқа халықтармен (ұлттармен) ақжарқын достасып, бірлікті, достықты, ынтымақты, тыныштықты сақтай білуді өзінің адами парызы деп есептейді. Қазақ Республикасында тұратын жүзден аса ұлттардың достығы мен бірлігі, ынтымағы осы тұжырымның айқын дәлелі болады.
Қазақ халқы (ұлты) басқа ұлттардың бәрін де бауырына тартып, оларға қамқорлық жасап келеді. Мысалы, XX ғасырда қазақ даласына жер аударылып келген кәріс, неміс, шешен т.б. ұлт өкілдері қазақ халқының қамқорлығына ие болып, елмен сіңісіп, бауырласып, жаны жақындасып, қаны араласып кетті.
Қазақ этнопедагогикасының методологиясында (әдіснамасында) осы үрдістерді ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір өзегі ретінде қарастырамыз. Өйткені әрбір ұлттың (этностың) тәрбиелік (этнопедагогикалық) үрдістеріндегі ерекше әсері тиетін, тәрбиелік қағидаларын айқындайтын құбылыс - сол ұлттың өзіндік (ұлттық) ерекшеліктері болып табылады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері - біз жоғарыда мысалға келтірген: имандылық, қонақжайлылық, батырлық, ақындық, әдептілік (мәдениеттілік), мейірімділік, өнерпаздық - қазақ этнопедагогикасының алтын өзекті арқауы.
Қазақ халық педагогикасындағы ұлттық тәрбие жүйесі
Қазақ этнопедагогикасы (қазақ халқының ұлттық педагогикасы) XX ғ. 20 - 30 жылдарынан бастап ғылыми бастауларымен көрінеді. Яғни ұлттық тәрбие туралы Ахмет Байтұрсыновтың, Сәкен Сейфуллиннің, Мыржақып Дулатовтың, Мағжан Жұмабаевтің, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мұхтар Әуезовтың пікірлері жарық көріп, ұлттық әдебиеттің тәрбиелік мәні ашыла бастады.
Егеменді ел болғалы (1991 жылдан бастап) ұлттық тәрбиеге ерекше мән беріліп, сол ұлттық тәрбие туралы ғылымды жүйелеу міндеттері алға қойылды. Қазақ халқының педагог-ғалымдары әдебиет пен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін зерттеп, халық педагогикасының ғылыми жүйесін жасай бастады. (Мысалы: Елікбаев Н. "Ұлттық психология". 1992; Наурызбаев Ж. "Қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие атауларының түсіндірме сөздігі", Жарықбаев Қ., Қалиев С. "Қазақтың халық педагогикасының тарихынан" 1992; Жарықбаев Қ., Табылдиев Ә. "Әдеп және жантану" 1994 т.б.).
Халық педагогикасын жан-жақты зерттеген ғалымдар ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылымның жүйесін жасап, ол ғылымның атауын айқындау үшін, орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинскийдің халық педагогикасы туралы тұжырымдарын, Г.Виноградовтың "Народная педагогика" ("Халық педагогикасы" 1926), Чуваш педагогі Г.Н.Волковтың "Чувашская народная педагогика", "Этнопедагогика" (1974) деген еңбектерін саралап қарап, "Қазақ этнопедагогикасы" ғылымының атауын айқындады да, оның құрылымын дәлелдеп белгіледі.
"Қазақ этнопедагогикасы" - ғасырлар бойы халық қалыптастырып, өмірге қолданып келген ұлттық ғылым. Бұл ғылымды біз жүйелеп, құрылымын айқындадық. Яғни "Қазақ этнопедагогикасы" ғылымының құрылымы: халық педагогикасы және ұлттық педагогикалық ойлар тарихы сияқты екі бөлімнен түрады.
Ал, халық педагогикасы деген бірінші бөлім екі салаға бөлінеді. Ол: қазақ халқының ұлттық әдебиеті (көбінесе ауыз әдебиеті) және ұлттық салт-дәстүрлер. Ауыз әдебиетінің (жалпы ұлттық әдебиеттің) жанрлық түрлері: шілдехана жыры, бесік жыры, тұсау кесер жыры, санамақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мазақтамалар, мақал-мәтелдер, тақпақтар, жырлардың басқа да түрлері (батырлық жырлар, ғашықтық жырлар, тұрмыс-салт жырлары, дастандар т.б.), айтыс өлеңдер, өтірік өлеңдер, ойын өлеңдері, термелер, өнеге сөздер, ертегілер, аңыз әңгімелер, әзіл-оспақтар.
Қазақ халқының халық педагогикасының екінші бір, негізгі, саласы халықтың (ұлттың) салт-дәстүрлері болып табылады. Қазақ ұлтының салт-дәстүрлерінің өз ерекшеліктері бар. Ғылыми жүйемен айқындасақ ұлттық салт-дәстүрлері: игі әдет, әдет-ғұрып, әдеп болып қалыптасқан жүйе ұлттың рухани (мәдени) іргенегізі болады. Мысалы: қайырымдылық сияқты игі әдет әуелі жеке тұлғаның игі әдеті болса, ол көпшіліктің қолданысында әдет-ғұрыпқа, яғни рулық, топтық қолданысқа айналған, ол бүкіл ұлттық қолданыста өз көрінісін тапқанда оны ұлттық әдеп дейміз. (Әдеп - мәдениет деген ұғымды білдіреді) ал "әдептілік" - "мәдениеттілік" деген ұғымды білдіреді.
Әдептің бүкіл ұлттық қолданысқа айналуы (мысалы, халықтың қайырымдылығы) дәстүр деп аталады да оның сөзсіз орындалуы салт (заң) деп аталады. (Мысалы, қайырымдылық қазақ халқының сөзсіз орындайтын заңы) Ал сол заң ұлттық санаға сіңіп, біржола орындалу дәрежесіне жетсе, оны салт-сана (яғни ұлттың санасына сіңген заң) болып қалыптасады. Этнопедагогика ғылымында дәстүр, салт, салт-сана мәдени рухани сәулет деп аталады.
Қазақ халқының әдебі, дәстүрі, салты, салт-санасы түрлі рәсімдер мен рәміздер арқылы іске асырылады. Мысалы: үйлену тойын жасау дәстүрінің рәсімдері: құда түсу, ұрын бару; бет ашар, тойбастар өлеңдерін айту т.б. рәсімдер одан басқа сол рәсімдердің: ала арқаннан аттамау, отқа май кұю, қол ұстатар, шаш сипатар т.б. кәделері болады, сақинаны салу белгісі (рәмізі) сол кәделердің орындалуына сәйкес қолданылады.
Бұдан басқа да салт-дәстүрлердің жөн-жоралғы, ырым, тыйым рәсімдері (салт-дәстүрді орындау іс-әрекеттері) дала мәдениетінің заңды құбылыстары болып қалыптасқан. Олардың этнопедагогикалық өз мәндері мен мағыналары бар.
"Қазақ этнопедагогикасы" ғылымының екінші саласы этнопедагогикалық ойлар деп аталынады. Бұл сала бойынша біз ұлттық тәрбиеге әсер етіп, ұлттық мәдениетті дамытудың негізі болған этнопедагогикалық ойларын тасқа қашап жазып, қағаз бетіне түсірген ұлы ғұламалар мен дала даналарының ойларын зерлеп көрсетеміз.
Мысалы: Күлтегін тас жазуы ерлікке, бірлікке тәрбиелейді, Қорқыт ата кітабы елдікке, адамгершілікке тәрбиелейді, әл - Фарабиұлы ұстаз, ғұлама ғалым ретінде ұрпақты ғылым үйренуге, адами ақылдылыққа тәрбиелейді, Жүсіп Баласағұни ұлттық парасатқа жетуді уағыздайды, Махмұд Қашқари ұлттық жетілуді, Мұхаммед Хайдар Дулати ел басқарушының өнегелерін уағыздайды. Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов халық ағарту ісін, ғылым үйренуді жоғары қояды, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мыржақып Дулатов, Мұхтар Әуезов қазақ халқының ұлттық дәрежесін айқындап, ұлт мәдениетін дамытып, елдің елдігін қалыптастыруды мақсат етіп, этнопедагогикалық еңбектерімен ұлтына қызмет етіп, ұлағатты ұстаздық еңбектерін қалдырды.
Қазақ этнопедагогикасы (қазақтың халықтық педагогикасы) - жалпы педагогика ғылымының бір саласы (алдыңғы арқауы) ретінде, ғылыми жүйеде қалыптасқан ұлттық ерекшелігімен айқындалған ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет