Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы


Жоғары оқу орындарында студенттерге



бет122/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   143
Кітап Тәрбие

Жоғары оқу орындарында студенттерге


этнопедагогикалық білім беру мәселесі


Мағжан - педагог

Ұлағатты ұстаздық ісін қастерлей біліп, педагогика ғылымын терең зерттеген Мағжан, Абайдан кейін асыл сөздің аспанын биіктетумен қатар, қазақ халқының ұлттық педагогикасының ғылыми іргетасын қалап, 1922 жылы «Педагогика» оқулығын жарыққа шығарған болатын.


Педагогика ғылымын халық педагогикасымен ұштастыра отырып, Мағжан ұлттық тәрбиенің ғылыми негізін жасады. Ол: «Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың балаға тәрбие қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесін баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті», - дейді. Сөйтіп, ол педагогика ғылымының негіздерін халық педагогикасымен байланыстырып, баланы тәрбиелеудің, оған дүние танытудың жолдарын талдап көрсетіп берді.
Педагогика ғылымының бөлімдері туралы (жалпы педагогика, дидактика, әдістеме, мектепті басқару, педаогогика тарихы) айта келіп, Мағжан соның ішінен «жалпы педагогиканы», яғни «адамның дене һәм жан күштерін тәрбие қылу жолдарын» жан-жақты талдап, елдің елдігін сақтап, көсегесін көгертіп ұлтжанды, жігерлі, білімді ұрпақты қалай тәрбиелеп, өсірудің жолдарын үйретті.
Педагог Мағжан тәрбиені дене тәрбиесі және жан тәрбиесі деп екі салаға бөледі. Ең әуелі дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оны физиологиямен, математикамен, эстетикамен, бала психологиясымен ғылыми байланыстырып, талдау жасау арқылы, халық педагогикасын пайдалана отырып, бұл тәрбиені іске асырудың жолдарын көрсетіп берді.
«Дене – жанның қабы. Дені саудың жаны сау», сондықтан баланың дені сау болуына ата-ана қамқорлық жасап, нәрестенің ең әуелі денесінің өсуіне жағдай жасау керек дейді. Ол үшін баланың салмағын өлшеп, денесінің белгілі кезеңдерде дұрыс өсуін қадағалап отыруды ұсынады. Балаға керекті жылылық, оның демі, тамыр соғуы, жатын орны, ішетін тамағы қандай болу керек екендігі жөнінде педагог дәрігерлік, ұстаздық кеңестер айтты.
Баланың тамағы, оны қолдан асырау, емізік беру, аралас тамақтандыру тәртібінің тәрбиелік мәнін талдап, ол «балаға беретін сүт – ешкі сүті болуы керек, сүттің жылылығы адам денесінің жылылығыдай болуы керек... Құр емізікті сорғызып қойып, ауыл қыдырып, өсек аңду анаға лайық іс емес... Нан шайнап беретін ана – ананың нағыз оңбағаны. Балаға тамақ тәртіппен беру оның дұрыс өсуіне, ауырулы болмауына хатта мінезінің дұрыс болуына да көп пайдасы бар» дейді. Баланы дұрыс бөлеудің гигиеналық мәнін, қазақ бесігінің аса ұсталықпен жасалғанын, бесік жырының тәрбиелік әсерін, бесіктегі баланы емізуде де тәрбиелік әрекет бар екенін педагог ұлттық өмірден қызық мысалдар келтіру арқылы дәлелдейді. Баланың ұйқысы, оның отыра бастауы, еңбектеуі, жүруі, ойнауы, серуендеуі, тістеуі, ол құбылыстарға лайықты халық педагогикасының үрдістері туралы педагог құнды кеңестер айтып, ғылыми тұжырымдарын ұсынды.
Оқулықта жан тәрбиесіне (сезу, әсерлену, еске түсіру, салыстыру, елестету, ұғыну, қиялдау, ой қорыту, сөйлеу) жан жақты терең талдау жасалынып, ғылыми тұжырымдар айтылған. «Жан тұрмысын жарыққа шығаратын, жан мен дене арасында тіл хатшы болатын құрал, жан мен денені бір-біріне байлайтын байлам нируа системасы(жан жүйесі) деп айтылады» дейді педагог ақын. Ол үшін «нерв системасының саулығын сақтау» керек екенін айтады. «Ми - жанның тұғыры. Ол жұмыссыздықтан қажыған сықылды, жұмыстан да қажиды, миды іскер қылып үйрету керек, оны тынықтыра да білу керек» деп, ұстаздық ой түйіндерін баян етті.
Мағжан жан көріністерін үш топқа бөледі: сезу, білу, қайрат. Ол «жан тұрмысында бұл үш талаптың арасында берік байлам бар» деп көрсетті.
«Сол ақыл, ішкі сезім, қайрат үшеуін бірдей, тең тәрбие қылу – тәрбиешінің міндеті. Бір адамның осы үш тап көріністері тең болмай, біреуі таразыны басып, билеп кетсе, ол адам бақытты болмақ емес». Бұл пікірін ақын Абайдың жыр жолдарымен айқындады:
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі жақсы демек.»
Педагог ақын ақыл көріністері әсерленуден пайда болады, әсерленудің күшті болуы, жалғасып дамуы ұғымның дұрыс болуының кепілі деп көрсетеді. Әсердің нақтылай түрі перцепция (есте сақтау) және апперцепция (бұрынғы әсерді еске түсіру) иллюзия (елестік жаңылыс) сияқты түрлері болатыны тәрбиеші жақсы біліп, баланы оқыту, тәрбиелеу кезінде әсерленудің дұрыс та тиімді болуына жағдай жасап отыру керек деп түйді.
Көру, есту, сипау, иіскеу, бұлшық ет сезімдері арқылы әдепке, әдемілікке, сымбаттылыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу ләзім. Сол тәрбиелер арқылы абай (зейін) қалыптасады, оқу тәрбие ісінде абайдың ерікті, еріксіз, табанды, табансыз, ішкі, сыртқы түрлері болатынын ескеріп, баланың абайы ересек адамдарға қарағанда төмен, көп нашар екеніне байланысты тәрбиелік іс-әрекетте тәлімді тәсіл қолдана білу керек екенін түсіндіреді ұстаз. «Абай-жан тұрмысының негізі» сондықтан түсіндіретін нәрсе көрнекті, шын ынтамен көріп тыңдайтындай, жаңа, өмірмен байланысты, назар аударатындай болсын» дейді. Абай болудың нашарлауы шаршауға, ықылассыздыққа байланысты екенін дәлелдеді.
«Суреттеулер ассоциясы» (ұғымдық байланыстар) туралы ғылыми түсініктер беріп, ғалым балаға не түсіндірсең де көрсетіп түсіндіру керектігі, бір уақытта бір неше ұғымдардың бірін-бірі тудыратыны, ұғымдар жалғасытығы осы ассоцияциялық заңдылықтарға байланысты, сондықтан, бұл заңдылықтарды оқу-тәрбие ісінде тиімді пайдаланып отыру керек деп, дәлелдер келтірді.
Ес туралы психологиялық тұжырымдарды талдай келе, ұстаз оқытудың жүйелілік мақсатын, пысықтау (қайталау) әдістерін уағыздайды. «Естің аса күшті болатын кезі 7 мен 15 жас арасы... Бұл жасында баланың міндеті ой жүгіртіп, білімді іске асыру ғана емес, білімді молайта беру, даярлай беру, бар нәрсені еске ала беру» дейді педагог.
Мағжан бала тәрбиесінде қиялдың алатын орны зор екенін дәлелдеп: «Фантазия-өмірдің гүлді, көрікті болуының түпкі діңгегі. Фанитазиясыз (қиялсыз) адам тұсаулы есек. Фантазия ақылды кеңейтеді» дейді. «Бала санасы қиялмен оянады, бала ертегінің бәрі шын деп ұғады, баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады» деп, ұстаз бала қиялын ұшқырлайтын қызықты ертегілерді, ойындарды, ойыншықтарды тәрбие ісіне пайдаланудың жолдарын көрсетеді. Баланың ой - қиялы оның ұғымына байланысты, сондықтан жалпы, дербес, ұғым, зат, заттың сыны, саны, іс-әрекет турлы ұғымдарды түсіндіру, ұғымдарын байланыстарын (хұкім), ой қорыту, ой саралау (индукция, дедукция), ой салыстыру (силлотизм) арқылы ақиқатқа жету туралы ғылыми талдау жасап, ұстаз ойлауды өркендетудің жолдары ыждаһат қылу, жүйелеп үйрету, ой байланыстары мен себептерін түсіндіру, ақыл есті бірте-бірте басқыштап өркендету деп көрсетті.
Ұлтжанды ұлағатты ұстаз, қайсар ақын: «жан көріністерінің ең қымбаты-ой. Ой тілі-сөз... Тіл әрбір адамға, қымбат болса әрине ұлт үшін де қымбат... Тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихи, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі бәрі де көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай. Осы күні түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ. Түрік тілімен сөйлеймін деген түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші, қазақ тілін қолданбақшы. Күндерде бір күн түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік елінің келешек тарихында қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы. Келешектің осындай болуына біздің иманымыз берік» деп, оптимист ақын тілдің тәрбиелік мәнін бәрінен жоғары қояды. Бұл жерде ол қазақ тілінің түрік тілдері ішіндегі ерекшеліктерін айтып, баланы ана тілін ардақтауға үйрете білу әрбір ұстаздың ұлттық борышы екенін мойындатты.
Педагог сұлулыққа тәрбиелеудің ұлттық тәрбиелік ерекшеліктеріне тоқталып, қазақ өміріндегі жексұрын дене мен былапыт жүріс-тұрысты сөз етіп, тәрбиешілерде осындай кесірмен күресуге шақырады. Мінез құлықты тәрбиелеуде ізгілік тілеу мен елін сүю сезімдерін баланың жүрегіне сіңіру керек деп, Мыржақып Дулатовтың отансүйгіштік өлеңін өнеге етті:
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен – сенікі:
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш.
Баланы елін сүюге, имандылыққа, әдептілікке, қайраттылыққа тәрбиелеу үшін, үлгі өнегелі ананың мінез-құлық темпераменттерінің, бала табиғатының мәні зор екенін ғылыми дәлелдеп, ұстаз тәрбиенің сендіру, іс-әрекетті қалыптастыру, мінез-құлықты қалыптастыру әдістерін ұсынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет