Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет121/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   143
Кітап Тәрбие

(«Алматы ақшамы», 27 ақпан, 1997 жыл).


Ұстаз

Ұстаз – ұлы тұлға. «Ұстаз болып жаратылған» адам сирек кездеседі. Сол «сирек кездесетін» тұлға-менің ұстазым Мұхамеджан Қажасбайұлы Қаратаев еді. 1947-1949 жылдары Тараз қаласына жер аударылып келген Мұқаң, Абай атындағы педагогикалық училищеде тіл - әдебиет сабағынан дәріс берді. 1948 жылы менен қабылдау емтиханын алғанда Мұқан менімен жан-жақты әңгімелесіп:


- Сенің қабілетің, білімің жақсы екен, дарының бар. Қуат жігері мол жастарсыңдар ғой, еңбек етіңдер деді.
Бұйралау қара шашы, ойлы көздері, бидай өңді, нұры күлімдеп тұрған бет ажары маған нағыз ғұламаның келбетін көрсетті. Алғашқы кездесуде ол кісі бір ауыз сөзімен ақ мені баурап, үмітімнің шырағын жағып, арманымның ақ жолын ашып берді. Көреген педагог, байқағыш психолог мен педучилищеде оқып, оқуымды аяқтағанша, әр қадамымды қадағалап, қамқорлық жасап, кейін оқу орынын жақсы аяқтағаным үшін, ризалығын білдіріп:
- Әдібай, сенің ғалым болуға ыңғайың бар, оқуыңды жалықпай жалғастыра бер – деді.
Қазақ әдебиетін терең білетін, қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда ерекше шеберлігін көрсеткен, әмбебап, білімді, шешен, әдіскер, философ, психолог ұстазымның өнегесін өміріме өріп, Абай атындағы Қазақтың Педаогоикалық Институтында сырттай оқып (1949-1955) оны аяқтадым.
Аяулы ұстазым 18 жыл (1937-1955) қуғынға ұшырап, одан ақталып, 1955 жылдан бастап жоғары оқу орындарында ғылыми ұстаздық еңбектерін жалғастырды. Мұқаң адам тани білетін, көреген ұстаз еді. Ол кісі жазушы баспасының директоры болып тұрған кезде (1958 жылы) сәлем беру үшін,ауылдан Алматыға келдім. Бір қабатты зәулім ағаш үйдің кең бөлмесінде отырған ұстазыма еркін келіп кіргенімде, бөлменің төрінде отырған ай маңдайлы, кербез кескінді ұстазым күндей күлімдеп, алдымнан туған әкемдей қарсы алды:
- Әу, Әдібайсың ба? Кел, амансың ба? Келін бала шаға аман ба? – деп, Мұқаң мені қапсыра құшақтап, елжірей амандасып, алдына отырғызды.
- Мұқа, мынау орныңыз құтты болсын! Сіздің барлық жақсылығыңызға қуанып, сәлем берейін деп…
Мен ұяңдығыма басып, шешіліп сөйлей алмай тұр едім, - Мұқаң әңгімені жалғастырды:
- Иә, жағдайың қалай? Жоғары оқу орнын бітірген шығарсың… Не қызмет атқарып жүрсің? – деп, ол маған сеніммен, мейірлене қарады.
- КазПИ-ді сырттай оқып бітіргенмін, былтырдан бері ауылда мектеп директоры болып қызмет істеп жүрмін, - деп өзімнің ұялшақтығым жеңіп, қысқа жауап бердім.
- Сен жақсы ұстаз баласың. Келін де мұғалім шығар… Балалар бар ма?
- Келініңіз де мұғалім. Әзірге құдайға шүкір төрт баламыз бар...
- Міне, бұларың дұрыс екен. Өсіп өніңдер, өндіре жұмыс істеңдер. Ұстаздық- халыққа қызмет ететін ұлағатты жұмыс. Қиын да, қызық жұмысқа жауапкершілікпен қарасаңдар оның нәтижесін көресіңдер, жемісін тересіңдер, - деп Мұқаң ойлы көзімен маған сүйсіне қарады.
- Ұстаздық жұмыста өзіңіздің өнегеңізді орындап…
- Рахмет… Бұйымтайыңды айта отыр.
- Бұйымтайым сол, Сізге сәлем беру, оның үстіне осы сіз басқарып отырған баспада сізге дейін басуға дайындалған жинағым бар еді… 1956 жылдан бері жылда жоспарға ілінеді, ілінеді де түсіп қалады…
- Баспаға «ілініп», «түсіп қалатыны» қиянат екен, деп, Мұқаң қабағын шытып ойланып қалды. Жинағың қай редакцияда?
- Балалар әдебиетінің редакциясында.
Мұқан телефон тұтқасын алып.
- Алло! Өтеке, маған келіп кетіңіз, бір авторыңыз келіп отыр деп, хабарласты.
Бір сәтте баспа директорының бөлмесіне орта бойлы, қызыл шырайлы, көздері қысықтау, жасы елуден асқан кісі күлімдей амандасып, кіріп келді. Ол Өтебай Тұрманжанов екен.
- Өтеке, мына жігіт- менің шәкіртім, ауыл мұғалімі-Әдібай Табылдиев. Сіздің редакцияда балаларға арналған өлеңдер жинағы жатыр екен… Одан хабырыңыз бар ма? – деп, Мұқаң Өтекеңе ой тастай қарады.
- Білемін… Жинақ келесі жылдың жоспарында тұр, - деп Өтекең сенімді жауап берді.
- Онда жинақты автордың көзінше сараптап, басуға даярлаңыздар, - деп Мұқаң тапсырма берді.
- Мақұл, Мұқа! Мұғалімнің балаларға арналған шығармалары бізге өте қажет. Мен жинақты баспаға даярлап, өзіңізге хабарлаймын, - деп Өтекең маған сүйіспеншілікпен қарап, Мұқаңа сенім білдірді.
Өтекең биязы мінезді, сабырлы кісі екен, редакцияға келіп, мен бұрыннан танитын Әнуарбек Дүйсенбаевпен кездестірді. Кең маңдайлы, сом денелі, тана көздері жайнап тұрған жас жігіт-Әнуарбек менімен таныс екенін білдіріп, шұрқырай амандасты.
- Әбдібайдың жинағы сенде ме?-деді Өтекең.
- Ол жинақ Ілияс Есенберлинде. Ол кісі емханада...
Өтекең Ільяс отырған столдың тартпасын, бөлмедегі текшелерді түгел қарап, менің жинағымды таба алмады:
-Әдібай, сен енді Ілияс Есенбрлин жатқан емханаға барып, сұрастыр,-деді.
Ільяс Есенберлин емханада менімен жолыға алмай, хатыма жауап жазып, жинақтың қайда жатқанын айтты. Жинақты Әнуарбек Ілиястың столының «түкпірінен» тауып алып, сол күні редакциялап, баспаға даярлады. Сөйтіп, менің алғашқы жинағымның басылуына Мұқаң қадағалап, қамқорлық жасап, ақындық алғашқы арманыма жеткізді.
Ұлағатты ұстазымның «сенің ғалым болуға ыңғайың бар» деген сөзі менің үміт шырағымды жандырып, алға құлшындырып, 1963 жылы Алматыға келсем, ол кісі Қазақ ССР Ғылым Академиясының М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында қазақ совет әдебиеті бөлімінің менгерушісі болып, қызмет істеп отыр екен. Мені қуана қарсы алып,әңгіме барысында:
- Әдібай, сен ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданып жүрген шығарсың-деп, маған үмітпен қарады.
- Қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндерін зерттеп жүрмін,-деп, ұяңдана жауап бердім.
- Сен әдіскер ұстазсың. Өз мамандығыңа байланысты бір тақырыпты таңдап кел,-деді.
Келесі күні әдістемелік бір тақырыпты таңдағанымды айтып едім:
- Бұл тақырыпты жақсы ойлап тауыпсың,-деп, Мұқаң қуана құптады.
Мұқаң Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогика-ғылымдарын зерттеу институтының директоры І.Сембаевпен хабарласып, «ауыл мұғалімінің ғылым іздеп келгеніне» қуанғанын жеткізді.
Сол жылы,ұстазымның қамқорлығының арқасында, Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарын зерттеу институтының аспирантурасына (конкурста жеңіп) түстім.
Мен аспирантурада оқып жүріп, ұстазым Мұхамеджан Қожасбайұлымен қатар, Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарын зерттеу институтының бөлім меңгерушісі Әміржан Сыдықұлының да ғылымдық қамқорлығын көп көрдім. Көп жыл айдауда болса да қажымаған қарт ғалым билікті кісі еді. Ол кісі, әсіресе, Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбектерін жақсы біліп, жоғары бағалайтын:
- Ауылдан Ыбырайша талаптанып шыққан екенсің, арманыңа жет,-деп білімдарлығын биязы сөйлеп жеткізіп отырушы еді марқұм. Қысқа қыйылған ақшыл шаштары, ұқыппен қырқылған мұрты тіккірейіп жарасып, ғылыми әңгімені әсерлеп айтып «жетеме» жеткізетін ғалымды әкемдей жақсы көрдім.
«Ғылым-инемен құдық қазғандай». Сол ғылымды жасаушы адам төзімді, сезімді болумен қатар, өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын қадір-қасиеті мол тұлға болуы керек. Мен іс-тәртібімді қалыптастырып, ғылыми –зерттеу жұмыстарымды жүйелі түрде жүргізіп, жемістерін жете іріктеп отырдым, ғылыми жетекшіммен үзбей ақылдасып, алға даму әрекетінде ұлы ұстазыма әдепті шәкірт бола білдім.
Менің бір әдетім: әрбір істі жоспармен бастап, соны аяқтағанша тыншымаймын, кейде, басталған іс дер кезінде аяқталмай бара жатса, іс-тәртібімді қайтара ыңғайлап, істі уақтысында аяқтайтынмын. Әлі есімде, 1966 жылы жазында кандидаттық диссертациямды ғылыми жетекшіме өткізу мерзімі таяп қалғанда, Күні-түні 60 сағат тапжылмай отырып, талмай еңбек еттім де, диссертациялық жұмысымды аяқтадым. Еңбегімді Мұхаң екі күнде оқып, толық тексеріп:
- Әбдібай, мен ризамын, диссертацияңды жақсы жазыпсың-деді.
- Мұқа диссертацияны басып беретін машинашы болса,..
- Мен хатшы келіншекке айтып қоямын, ертең әкел...
Мен диссертацияны 3 дана етіп, бастырып, талқылауға ұсындым. Диссертациямды талқылау кезінде ғылыми зерттеу институтындағы басты ғалым Әміржан ағаймен қатар, Әнеш, Қазына тағы басқа келіншектер ғылыми пікірлерін айтып, өздерінің білгірлігімен, әділеттілігімен мені бір қуантты.
Кандидаттық диссертацияны кайда қорғау керек? Бұл мәселе бойынша Мұхаң көп ойланып кеңесе келе:
- Әдібай сен диссертацияңды Фрунзе қаласында қорға, Алматыда «кезекке тұру» бар, басқа да «нәрселер» бар, - деді.
Мұқанның кеңесі бойынша Фрунзе қаласына (қазіргі Бишкек) келіп, онда да кадрді білетін қамқоршыларды тауып, диссертация қорғадым.
Менің ғылыми диссертациямның тақырыбы эпостық шығармаларға байланысты болғандықтан, батырлық жырларды зерттеген, советтер одағының батыры Мәлік Ғабдуллин бірінші оппонентім болды.
Академиктер Мұхамеджан Қаратев, Мәлік Ғабдуллинді Қырғыстан ғалымдары құрметтеп қарсы алды. Мен қырғыз университетінің ғылыми кеңесі алдында диссертацияды абыроймен қорғап шықтым. Мұхаң әкемдей қуанды, Мәлік ағай «ер жігіт осындай болуы керек» деп, менің арқамнан қақты. Сол бір қуанышта сәт мәңгі есімде қалды. Біздің Жамбыл облысындағы Луговой ауданы бойынша (қазіргі Рысқұлов ауданы) ғылыми диссертация қорғаған ғалым сол кезде мен ғана екенмін. Ауданымыз ардақтап, ауылымыз той жасап менің ынта-жігерімді арттыра түсті.
1968 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының қасынан қазақ совет энцеклопедиясының Академиясының Бас редакциясы ашылып, Мұхамеджан Қожасбайұлы мені қызметке шақырды. Мен шақыруды қуана қабылдап,қызметке құлшына кірістім. Қазақ Совет Энцеклопедиясының педагогика саласынан сөздік түзіп, редакция кеңесін құрып, оның мүшелерін белгілеуге басшылық жасадым. Менің ұстазым ұйымдастыру жұмыстарымен зерттеу еңбектеріне риза болды. Мұқаң энцеклопедияны (ғылыми шежірені) қалай түзуді үйретіп, біздің ғылыми – зерттеу жұмыстарымызға жолбасшы болды. Басшының кісі танығыштық, ғылымдық, ұстаздық қабілеттеріне қайран қалдық. Мұқаң бас редакциядағы 128 қызметкерлердің өз әкесі болды. Тегінде, басшылық дарын өте сирек кездеседі. Ол үшін білім, мінез, шыдам, өнер керек.
Менің ұстазым еңбегімді ерекше қадағалап, шығармашылық дарынымды дамытуға бағыт бағдар беріп отырды. Арадағы «кикілжің», «өсек-аяң», «сыбыс сылтау» дегендерге даналықпен қарап, ол кісі мені туған баласындай сүйіп, қажымай қамқорлық жасап, тәрбиелеп отырды. Мені үймен, моральдық мүмкіндіктермен қамтамасыз еткен ұстазыма мен де беріле қызмет істедім. Сол үшін де 1972 жылдан бастап 1980 жылға дейін басшым маған ҚСЭ-дағы кәсіподақ ұйымын және тіл-әдебиет редакциясын басқартып қойды. Мұқаң ұлағатты ұстаз ретінде менің жетістігімді айтып көрсетіп, кемшілігімді кесіп айтатын. Ол кісі еңбегіме ықыласпен қарап, ыждағатты істерімді саралап, ынталандырып отыратын. Ұстазыма «ұқсап бағу» - менің шәкірттік парызым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет