Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы


Мемлекеттік тіліміздің қажеттіліктерін іске асыру үшін, ең әуелі ана тілінде жүргізілетін



бет118/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   143
Кітап Тәрбие

Мемлекеттік тіліміздің қажеттіліктерін іске асыру үшін, ең әуелі ана тілінде жүргізілетін тәрбие жұмыстарын (кейбір оқу орындарында ұлттық тәрбиеге көңіл бөлінбейді) жоспарлы түрде жан-жақты жүргізіліп, баспада жарияланған және жарияланатын оқу құралдары мен бағдарламаларын (білім министрлігі арқылы) жан-жақты пайдалануымыз керек. Оған қажетті нәрсе-жабылып қалған кітапханаларды қайта ашып, оқу құралдарын мемлекеттік сұраныспен қайта шығарып, мемлекеттік тілде жазылған оқулықтармен, көркем әдебиетпен оқушыларды қамтамасыз ету қажеттілігін өтеу мүмкіндіктерін пайдалану керек. «Қаражат қатшылығын» себеп қылудың орнына , сол «қатшылықты» жеңу жолдарын іздеп, бұл жолдағы күресте жеңіп шығу – елдік намысқа байланысты.
Қазақ тілінің (мемлкеттік тілдің) бағы жанатын жағдайларға жетуі үшін, ең әуелі сол тілде жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жауапкершілікпен қолға алатын болсақ, біздің ұлттық-мәдениетіміздің де өркені өседі. Өнерпаз, меймандос, иманды, дана халқымыздың әдеп-ғұрпы, әдебі, дәстүрі, салты тек ана тілінде ғана салтанатты дәрежеде ұрпағымыздың ұлттық мәдениетін қалыптастыруға зор себін тигізіп келеді. Оған ешбір «ғаламдастырудың» қажеті жоқ. Өркендеген халқымыз ғаламдағы өркениетті өрнектерді өнеге тұта қабылдап, өз мәдениетін (ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетін) жаңаша (инновациялық) тұрғыда көркейте алады. Сырттан мәдениетті «күштеп» ендіре алмайсыз. Біз дүние жүзілік мәдениеттің өркениеттік өрнектерін таңдай біліп, өз тілімізде оны ұлттық мәдениетімізге сәйкес қолдана дамытып қабылдаймыз.


Әдебиетті оқыту туралы бірер сөз

КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ тәрбие мен білімнің қуатты құралы болғандықтан ғана емес, оқу-тәрбиенің өзек-арқауы болғандықтан, ол пәнді оқыту меселесіндегі олқылықтарды дер кезінде түзеуге педагогтар қауымы барынша атсалысуы керек.


Ең әуелі, әдебиет сабақтарының сапасын арттыру үшін, мұғалімнің көркем мәтінмен жұмыс істей білу шеберлігі – оқушылардың әдебиетке ынталылығын арттыратын, көркем әдебиеттің оқу-тәрбиелік құнын өтейтін құбылыс. Көркем текспен нәтижелі жұмыс жүргізу үшін оқушыларды әдеби тексті өздерінше оқып, талдай білуіне дағдыландыру керек. Ол жұмыс сабақ үстінде басталады.
Мұғалім кіріспе сабақтан бастап-ақ, әңгімелеу әдісін дұрыс пайдалана отырып, көркем шығарманы оқушыларға талдату жолын қарастырады. Оқушылар көркем шығарманы мұғалімнің баяндауымен ғана ұғынуға тиіс емес. Мұғалім сол көркем шығарманың көркемдігін, тәрбиелік, білімдік мәнін оқушыларға терең талдап, жете түсіндіруші ғана. Ол міндетті атқару үшін, мұғалім оқушылардың көркем шығарманы оқып-талдауына алдын-ала жол-жоба, жоспар–нұсқа беріп, талдауға дайындық жұмыстарын ұйымдастырып отырады.
Әдебиет сабағында да синтез-анализ-синтез әдісі сақталады. Ол үшін көркем шығарманы ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдай білуге әуелі мұғалімнің өзі машықтанып алуға тиіс. Мұғалім оқушыларға тек қана барды баяндап, олардың өз бетінше ойланып, толғауына, көркем шығарманы талдап, пікір қозғауына іс-әрекет жасамаса, оқушылардың әдебиет сабағына деген ынта-ықыласы кемиді де, білімі төмендейді, көркем шығарманың әдеби-текстологиялық құдіретті құны көлегейленеді: білім, тәрбие, эстетикалық әсер алу, тіл үйрену, ой дамыту сияқты көркем әдебиеттік мақсаттар толық орындалмай қалады. Ол үшін шығарма мәтінін оқушыларға оқытып, талдата білудің мәні зор екендігінде дау жоқ.
Көркем тексті V-VII сыныптарда, көбінесе, класта оқып талдауға мүмкіншілік бар. Ал көлемді тексті түсініп оқып, талдау үшін, мұғалім кіріспе жұмыстарын жүргізіп, оқушыларға, мүмкіндігінше, талдауға арнап жазбаша нұсқаулар беріп отыруға тиіс (ондай тапсырмалар Ш.Кәрібаев қарастырған VII сыныптың 1954 жылғы оқулығында жақсы берілген еді).
VIII-Х сыныптардағы көркем шығармалардың көлемі, көбінесе сыныпта оқып талдауға сиыспайды. Сондықтан ондай көлемді мәтіндерді үйде оқытып, сыныпта бірлесіп талдау жұмыстарын ұйымдастыра білуіміз керек. Алдымен оқып, талдаудың жөн-жобасы оқушыларға күні бұрын нұсқап отыруға қажет болады. Мысалы біз Х-сыныпта өтілетін «Абай жолы» романын оқуды оқушыларға оқу жылының басында тапсырдық та, романның мазмұнын, идеясын, мазхмұнын талдау кезінде оқушылардың өз пікірін пайдаландық, эпопеяның әрбір бөліміндегі композициялық, текстологиялық ерекшеліктерді оқушылардың өздері аңғаруын қадағаладық. Бұл жөнінде баяндау әдісінен гөрі талдау-қорыту әдісінің тиімді екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Әрине, шығарманың мәтінімен жұмыс істеу әдістемелік үлкен мәселе: тақырыпты талдау, шығарманың идеясын ашу, тіл ерекшеліктерін айқындау, композициясы мен сюжетін пайдалану т.б. жұмыстардың әдіс-тәсілдері – күрделі жұмыстар. . Соның бәрі де талдау, қорыту әдісімен оқу- тәрбиелік мақсаттарды өтейді. Әсіресе, сыныптан тыс оқудың шығарма мазмұнын талдап оқуға үлкен себі бар.
Көркем мәтінмен тыңғылықты жұмыс істеу үшін, бағдарлама мен оқулықта әдеби шығармалардың қайсысы жалпы шолуға (баяндауға) қайсысы толық талдауға берілгендігі айқан көрсетілуге тиіс.Бағдарламада көрсетілген нұсқа оқулықта да бірізділіпен беттеліп берілу керек. Әдебиетті оқыту бағдарламаларында жеке жазушылардың аттары айтылып, жалпы сағат санымен бірнеше шығармалардың аты аталып, мұғалімдер жалпы шолуға (баяндауға) мәтінді талдауға сол шығармалардың ішінен «Өз білгенінше» білгілеп жүр. Мұның өзі «баяндау әдісінен» әуестенушілерді көбейтіп, әсерлі пәннің атқаратын міндетін әлсіретеді…
Бастан кешіріп жүрген тәжірибелерімізге байланысты айтатын бір пікір: оқушылар әдебиет пәнін оқуда көбінесе оқулыққа сүйенеді де, көркем мәінді талдап, оқып шығуға салғырт қарайды. Өйткені, тиісті көркем шығармалар көбіне ІХ-Х сынып оқулықтарында терең талданып, ғылыми түсіндірмелер берілген. Сөйтіп «дайын асқа» тап болған, оқушылар көркем әдебиетті көп оқуға ынтасыз болады. Осыған орай, мүмкіндігінше, көркем шығармалар мен ол шығармалар туралы ғылыми түсініктер бір кітапта беріліп, талдау жолдары көрсетіліп, ал мұғалімге көмекші құрал ретінде жазылған ғылыми, әдістемелік талдаулар мен монографиялар өз алдына берілсе жақсы болар еді.
Оқулықтар мен хрестоматиялардың бірлестігін қарастырғанда, біз әрбір сыныпқа берілетін көркем текстердің көлемі мен тақырыбын сол сыныптағы оқушылардың білімі мен жас ерекшеліктеріне, тіпті күнделікті уақытты пайдалану мүмкіншіліктеріне дейін ескеруіміз керек. Көркем шығармаларды үйге беруден үйлесімді ешнәрсе шықпайды.
Көркем мәтіннің эмоциялық,тәрбиелік, білімдік қасиеттерін іске асыру үшін, сол көркем мәтінмен жұмысты қалай жүргізудің жолдары оқулықтан көрініп тұрса, ол оқулық түзушілердің педагогикалық міндеттерді толық атқаруға жауапкершілікпен қарағандығы болып табылады. Оқулық түзу бағдарламалық материалдарды тіркестіре салу емес, ол – педагогтық іс, методикалық ғылыми тәжірибелерді іске асыратын жұмыс. Сондықтан оқулық пен хрестоматияның, әдістемелік және әдебиеттік бірлігі болмаса, әдебиет пәнін оқытудың көп мақсаттарына нұқсан келтіреді.
Қысқасы, әдебиетті оқыту дегеніміз – көркем мәтінді оқыту деген сөз. Егер көркем мәтінді оқушылардың өздері оқып, мұғалімнің басшылығымен талдай білсін десек, жұмыс жүйесін, әдістемені, бағдарлама мен оқулық, жүйесін соған лайықтаған жөн болар.
(«Қазақстан мұғалімі», 29.09.1968)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет