Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет124/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   143
Кітап Тәрбие

Ана мейірімі

Бала тәрбиесінің бастауы-анада. Туған ана, өгей ана, әже - баланың бақыты. Ұлы жазушы М.Горький: «Ардақтайық та ананы! Дүние күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған!» деп бекер айтпаған. Аналық сезім, аналық махаббат, аналық мейірім тілмен айтып жеткізе алмайтын құдіретті құбылыстар. Ана қасиетінің деңгейі әрбір анада әртүрлі болады. Бірақ сезім құдіреті сәл-пәл бәсеңдесе болды, ана деген асыл қасиет жоғары мәнін кеміте бастайды. Аналық қасиетін сақтай алмағандарды бүкіл қоғам аластап, ондайларды ана деп есептемейді. Ана - ең қасиетті сөз. Күн ана, Жер ана, Отан ана, - ең құдіретті құбылыстарды да біз ана деп қастерлеп, табынамыз. Отан ана, ел ана деп, сол үшін жан қиюға дайын тұрамыз. Жер ананы апаттан сақтап қалу үшін жаумен де келісеміз...


Ана тәрбиесі - баланың болашақ өмірі. Біздің Каменка селосында немерелерін ерекшелеп тәрбиелеген Ажар деген әжей болды. Елжірек жүрегі, биязы мінезі үшін оны бәріміз де жақсы көретінбіз.
Ажар әжейдің немересі Алмас , бірде, мектеп директорынан құжат сұрай келді. Мектеп директорлы қажырлы, қайратты, қарапайым, қызыл шырайлы кішіпейіл Иван Никитиевич Алмасқа елжірей қарады:
- Сен қайда барып оқисың?
- Станцияға. Луговой станциясына барып... – деді. Алмас имене жауап беріп.
- Алмас, сен әжеңмен бірге тұрушы едің ғой?
Әжем қайтыс болды, - деді Алмас көзі жасаурап, талдырмаш денесі дір-дір етіп.
Біз, Иван Никитиевич екеуміз, мынау суық хабарды естігеніміз үшін, қысылып қалдық. Алмастың көзінен ыстық жас тамып-тамып кетті. Ертелі кеш маңдайынан сипап айналып, үйріліп отырған ізгі ананың қазасы немеренің жүрегіне қасірет болып, қатты батып тұр. Осы Алмасты, екі ағасы Ермек пен Есейді де тәрбиелеп, сол бір бүкір белді, ашаң жүзді қарт ана еді. Үлкен ұлы Арман армия қатарында жүргенде кішіпейілді момын келіні ауырып, кенеттен қайтыс болды да, үш немере әженің қамқорлығында қалды. Қарт та болса қадірлі ана өз еңбегімен өрендерін өсіре білді.
Арман армиядан келгендегі әжейдің қуанышында шек жоқ. Арман бір жылдан соң үйленді. Оның келіншегі не болса, соны есептейтін пәлеқор, сараң адам болып шықты. «Мынандай үлкен отбасында тұрғым келмейді», «әжең мені жек көреді, өзі бір зымиян қақпас екен», «менімен бірге тұрғың келсе, басқа жаққа көшіп кетейік» деген сөзді жиі айтып, ол бала тәрбиесіне қарамақ түгіл, балаларды маңына жолатпай, сыртқа тепті. Арман шешесімен келісіп, өлерше қастасқан өгей шешені балалардан бөліп алып, басқа жаққа көшіп кетті. Қарт әже уайымнан шөгіп, қартайып кетті. Жас балалар өсіп, бір-біріне қамқорлық жасап, еңбекке араласа бастады. Ермек пен Есей армияға алынып, немерелердің ең кішісі Алмас әжесімен бірге еді. Міне енді... амалсыз әкесінің қолына барып, өгей шешенің өктемдігіне тап болмақ. Қудалау, қорлау, ұрсу, ұру... Өгей шешеде аналық қасиет болмаса... Ол не істемейді? Ал Алмастың өгей шешеге барғандағы халі қандай болмақ? Ал, бірақ өгейлік сезім басқа өнегелі аналарда болмайды. Ананың аты – қашанда ана. Ол кез келген адам баласына тек жақсылық жасайды. Аналарды өмір құдіреті өгейлік кесірден сақтасын!


Сынақ

Бала психологиясы - қызық. Қандай бала болса да, жаңа келген ұстазды өзінше «сынақтан өткізеді: тосын мінез, өрескел қимыл көрсетіп, оқытушының шыдамдылығын байқайды, «қиын» сұрақтар қойып, оның білімін сынайды, киім киінуі мен бет әлпетіне, сөзіне қарап ұстаздың мәдениетін, әдептілігін бағалайды. Егер осы үш «сынақтан» жақсы өтсе, шәкірттер жаңа келген ұстазды сыйлап, оның сабағын ықыласпен тыңдайды. Егер оқытушының білімі, адамдығы өз дәрежесінде болмаса, ол қарама-қайшылық азабын шегеді. Ұстаз өз кемшілігін тез сезіп, «тер төге» әрекет жасап, қасиетті жұмыстың қадіріне жетсе, «қос жүре түзеледі» дегендей, өз жұмысын игеріп кетуі мүмкін, бірақ жойылған беделді қайта тауып, орнына келтіру оңай емес.


Тағы бір ғажабы ұстазды өзі оқытпайтын «сыныптан тыс» балалар да сынаққа алады. Оған бір мысал: Мен оқу ісінің меңгерушісі болып барған Каменка сегіз жылдық мектебі әуелгі кезде бір қабатты жаппа үйде болатын. Күздің алғашқы айы. Күгім кіріп, электр шамы жағылды. Мен сабақ өткізіп тұрмын. Аласа терезенің арғы жағынан үш-төрт жасөспірім көрінді. Олар терезенің әйнегіне тақалып келді, тіпті біреуі терезенің әйнегін қатты-қатты соғып жіберді. Мен «бір де бір оқушы алаңдамасын, терезеге қарамаңдар» деп ақарын ишаратпен оқушыларға талап қойдым. Оқушылар менің сөзімді зейін қоя, ықыласпен тыңдап отыр. Тағы да әйнектің соғылғанын, айғайды естідім. Мен оспадар қулыққа төзе шыдап, сабақтың қызығын бұзбай, жүйелі ісімді жүргізе бердім. Тағы біреуі темекі тартып, теңселіп тұр, - оқушылар оларға назар аударған жоқ... Бір кезде мен көз қырын салып, олар «әрі кетіңдер» деген ишарат білдірдім. Сабақ арасында бір оқушы қолын көтерді:
- Ия, Сәбит, не айтайын деп едің? – дедім оған жақындап, бәсең үнмен.
- Бұлар осында шоферлық курста оқиды. Ағай, бұлар әбден тәртіпсіз балалар, - деді ол сыбырлай сөйлеп.
Олай болса, тәртіпсіздікке назар аудармаңдар, - деп мен сабақ жүйесін жалғастыра бердім.
Менің шыдамдылығым мен табандылығымды он бес минут сөлекет қимылмен, содыр мінезбен сынап, байқап, енді сабырлық салмағына көзі жеткен жасөспірімдер, біріне-бірі «ақыл» айтып, өз жөніне кетті. Егер мен оларға жеңілдік көрсетсем, жеңіліске ұшырайтын едім.
Байсалдылықтың байыбын түсінген оқушылар сабаққа зейін қойып, тым-тырыс отыр. Сабақ сәтті аяқталды. «Сабыр түбі - сары алтын, сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа» деген халықтық педагогика қағидасын құлқыма құбыланама етіп жүрмесем, ұлағатты ұстаз бола алам ба? Бала сынағы – бағалы сынақ. Ол сынақтан өте білу – қажырлы қасиет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет