Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет127/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   143
Кітап Тәрбие

Ұлттық тәрбие - ұлағатты іс


Адам тәрбиесі отбасынан басталады. Отбасы – белгілі бір ұлт өкілдерінің ошағы. Ондағы тәрбие сол ұлттың қалыптасқан қастерлі игі іс -әрекеттері арқылы әдет-ғұрыпқа (ғұрып -қолданыс) айналып, әдеп болып негізделеді. Әдеп (әдептілік негізі) ұлттық қолданысқа айналса, халық оны салт (заң), ұлттық санаға сіңсе, оны салт- сана дейді де, ұлттық мәдениеттің сәулеті ретінде, ұлттық болмыстың өлшемі ретінде өмір қолданысына айналдырды. Мысалы қазақ халқының меймандостық салты ұлттық санаға сіңіп, «меймандос халық» болдық.


Ұлттық салт – сананың үрдүстері рәсім, рәміз, кәде, жөн – жоралғы, ырым, тиым т.б. өмір қолданыстары арқылы іске асырылады да, ұлттық болмыс пен ұлттық мәртебенің мәдени – рухани деңгейі өмірден көрініс табады. Ұлттық тәрбие осылай - өз нәтижесін береді.
Егеменді ел болып, тілімізді, ділімізді, дінімізді иелендік. Тәуелсіздік тәрбие еркіндігін берді. Біз ұлттық тәрбиенің негіздерін айқындап, ғылыми теориялық жаратылысын жан-жақты зерттеп, тәрбие жұмыстарының ұлттық ерекшеліктерін анық көрсетіп, бағдарламалар түзіп, оқу құралдарын жаздық.
1998жылға дейін балабақшаларда, мектептерде ұлттық тәрбие мәселе ретінде қолға алынып, жақсы іс-әрекет жауапкершілікпен жүргізіліп келді деуге болады. Мектептерде «Әдептану негіздері» пәніне арнайы сағат бөлінбесе де, кейбір мектеп басшылары пән ретінде сағат бөліп (мысалы, Алматы қаласындағы № 138 мектепте) сабақ кестесін құрды, көптеген мектептер бұл пәнді қосымша сабақ ретінде өткізіп жүрді.
1998-2002 жылдардың аралығында оқу министрлігінде бірнеше қызмет ауыстырып, аумалы - төкпелі жағдай пайда болғанда, осы бір кезеңді пайдаланған ұлттық тәрбиенің республикалық деңгейде өркендеуіне қолдан жасалған кедергілер пайда болды; біріншіден, ұлттық тәрбие мынау жүзден астам ұлты бар елде, тек қазақ ұлтын қамтитын үрдіс деп, теріс түсінушілер жоғары орындарда отырып алып, ұлттық тәрбиенің құнын түсіріп, игі жұмысқа бағытталған іс-әректтерді елеусіз қалдыруға тырысты, оның орнына «валеология», «ғаламдастыру», «адамдық тұлға» деген терминдерді мемлекеттік стандарттағы тәрбие ісіне ұсынушылар пайда болды. Біздің пікірімізше, «валеологияның» тәрбие ісіне зияндық жақтары көп болғанымен, пайдалы жақтары да бар. Оның денсаулық, жансаулық, гигиенаға байланысты кейбір тұстары құптарлық. Десек те, педагогика ғылымы негіздеген барлық тәрбие жұмысын қамтитын ұлттық тәрбиеде «дене тәрбиесі», «әдептілік-әдемілік», «сымбат тәрбиесі» т.б тақырыптар «валеологияның» қойған мақсаттарын қамтиды, сондықтан «әдептілік негіздері» пәнін алып тастап, оның орнына «валеологияны» оқыту керек деп ұсыныс жасаудың орнына министрліктегі «білгіштер» валеологияның тәрбиелік негіздерін ұлттық тәрбиемен байланыстырып қолданудың ұтымды болатындығына ой жеткізу керек еді. Сөйтіп, бұл «әрекет» біздің мемлекеттік ұлттық тәрбиемізге көлеңкелі көзқарас туғызды.
«Өзіңді өзің таны» тақырыбы ұлттық тәрбиенің барлық арқауына негізгі мәселе ретінде өзекті өрнегін тапқан. Мысалы, «кісілік дәстүрі» деген тақырыпта «Кісі деп кімді айтамыз?», «Сенің кісілігің қандай?», т.б мәселелер көтеріліп, тәрбиелік, тәлімімдік мақсаттарды орындайды.
Сонау шет жақтан келіп, жалпы жұрттың басын қатырып жүрген «ғаламдастыру» ұғымы жалпы техникалық стандартқа сәйкес келер, ал адам болмысы стандарт емес. Тек ұлттық өзгешелік қана қана емес, әлемдегі 6 миллиардтан астам адамның әр қайсысының (әр түлғаның) өз өзгешілігі бар. Сондықтан, ұлттық тәрбиені ғаламдастыру, яғни бір стандартқа салу мүмкін емес, ол қиянат, әрі қылмыс болар еді.
Біздіңше, «ғаламдастыру» емес, «өркениеттік» деген терминнің қисыны бар. Біз ұлттық тәрбиеде бүкіл адамзаттың өркениеттік (цивилизациялық) жетістіктерін қосымша пайдаланамыз. Мысалы, «кісілік» дәстүрі қай елде қандай дәрежеде, сол дәрежеден асыра кісілік жасауды ұрпаққа үйретеміз. Мұның бәрін ұлттық тәрбие бағдарламасымен үйлестіріп, жүйелі түрде, ғылыми негізде ұйымдастыруға болады.
Тәуелсіз ел болып, тәлім-тәрбиемізді ұлттық (мемлекеттік) дәрежеде ұлағатты ұстаздардың іс-тәжірибелеріне сүйеніп, жақсы ұйымдастыра бастаған едік, сол игілікті істі қожыратпай алға жылжыта беру міндеттері тұр.
Ұлттық тәрбие – ұлағатты іс. Бұл тек қазақ ұлты үшін емес, республикадағы барлық ұлттар үшін қажет. Олар қазақтың халық педагогикасын үлгі ретінде, мемлекеттік басалқалық үрдіс ретінде пайдалануы тиіс. Ұлттық тәрбиенің отбасында, балабақшада, мектепте, ауыл шаруашылық, өндіріс орындарында жан-жақты жүргізілуіне оқу министрлігі басшылық ете алатынына біздің көзіміз жетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет