Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет129/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   143
Кітап Тәрбие

Ұжымдық сезім

«Адамның күні адаммен» деген мақал бар. Жеке адам тек ұжымда ғана өзін ұжымның бір мүшесі ретінде сезініп, адамдық қасиетін тереңірек тани түседі. Жақсы ұжымда жеке адам көпшілдік сезімін оятып, өскелең ортада өзін бақытты сезінеді.


Бірде бірінші сынып оқушысы Бақытгүл мектепке бара алмай қалды. Оның жәудіреген көздерінің аясы ұлғая түсіп, екі жағы ісіңкіреп тұр. Кеше, демалыс күні, ол көшеде көбірек ойнады, оның үстіне күн суық, шытырым аяз еді,терлеп-тепшіп, үйге келген бойда суық су ішті де, қайтадан көшеге шығып, құмары қанғанша ойнады. Оған «суық тиіпті». Ол түнімен сандырақтады, ал әжесі ол қозғалған сайын, «жанын шүберекке түйіп», ұйқы бетін көрген жоқ.
Бірінші сыныптың оқытушысы Раушан апай Бақыткүлдің не себептен сабаққа келмей қалғанын сұрап еді, достары оның оқудан қалу себебін білмейтін болып шықты.
Матай деген тығыршықтай ақ құба бала кеңседе отырған Бақытгүлдің әкесіне келді.
-Сәлеметсыз ба?
-Аман ба, Матай?
-Бақытгүл неге сабаққа келмей қалды?..
-Ол ауырып қалды, балам...
Матай сыныбына жеткенше асықты. Ол ентіге басып, көзі шадырайып, есіктен кірер-кірместен:
-Раушан апай, Бақытгүл ауырып қалыпты, -деді. Оның бет жүзінен аяныш, кейіс белгілері білініп-ақ тұр.
-Солай ма? Балалар, Бақытгүлдің көңілін сұрап, көмек көрсету керек,-деді оқытушы.
Сабақ өтіп жатыр. Бақытгүлдің досы Маржан қаншама тырысса да, сабақты жөнді тыңдай алмады. «Бақытгүлдің халі қандай болды екен?-деп, ойлаумен болды ол.
Сабақтан соң Маржан досының жазу дәптерін алып, ентіге жүгіріп,оның үйіне келді. Бақытгүлдің үйі мектептің қасында болатын, сондықтан оған Маржаннан соң басқа да достары түгелдей топырлап жетіп келді. Бастапқыда олар ұялшақтап, үйге ене алмай, есік сыртында бөгеліп қалды. Бақытгүл терезеден Маржанды көріп қалып, жүгіріп барып, қуана есік ашты.
-Аман ба? Саулығың қалай? Мә, дәптеріңді әкелдім. «5» алыпсың.
-Рақмет, Маржан. Денаулығым жақсы. Ертең мектепке барамын.
Лап қойып, үйге достары кіріп келгенде, Бақытгүлдің әжесінің қуанышы қойнына сыймай, елжірей елпектеп, жас балаларды мейірлене қарсы алды. Бақытгүлдің жай-күйін көріп, достары қуанып кетті, барлығы да жадырап, күлімдеп тұр. Олар шетінен досының қолын қысып, көңілді қоштасты:
-Ертең мектепке кел...
Бақытгүл ерекшке бір қуанышқа бөленіп, өзінің сырқаттығын ұмытып кетті.Үйге оның оқытушысы Раушан апай келгенде,ол әрі ұялып, әрі аяныш сезіммен, әрі ризалықпен төбесі көкке жеткендей қуанды, ал оның әжесінің қуанышында шек жоқ. «Амансың ба, айналайын»деп, оқытушыға күлімдеп қарайды.
Оқытушы Бақытгүлдің қал-күйін көріп, өз білгенінше дәрігерлік кеңестерін айтты, оқушысының сабаққа дайындалуға шамасы келетінін көріп,оған үйғе берілген тапсырмаларды түсіндірді. «Егер денсаулығың көтермесе, қиналма, мектепке толық сауығып кел» деп, сыпайы қоштасты ол. Әжесі дастарқан жайып, «айналайынын» айтқыштап жатыр.
Оқушы қыз осылайша өзін ұжымның бір мүшесі ретінде сезініп, мәз-мәйрам болды. Ол қамқорлық, достық дегеннің не екенін түсінді, терезенің әйнегінен әсем әлемге шабыттана қарап, шат-шадыман күйге бөленді...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет