Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет15/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   143
Кітап Тәрбие

Жан мен тәннің тазалығы – рухани тазалық, ой тазалығы, ниет тазалығы, сөз тазалығы. Іс-әрекеттегі тазалық... бәрі - әдептілік (мәдениеттілік), ол ұлттық тәрбие арқылы қалыптасады.
«Әдеппен сөйлеп әдеттен» деп, халық әрбір тұлғадан сөйлеу мәдениетін талап етеді. «Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала» деп, халық әдепсіздікті қатаң мінейді. «Көп сөйлеп созбайын, әдептен озбайын » деп, Абай дана көп сөйлеудің өзі әдепсіз екенін ашық айтады.
Мінез-құлық әдебі, жүріс-тұрыс әдебі, өнер әдебі, шығармашылық әдебі, қарым-қатынас әдебі ұлттық тұлғаның ішкі және сыртқы мәдениетінің дәрежесін көрсетеді.
Жалпы ұлттық әдеп – ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени құндылық болып табылады. Әдепті болу, яғни мәдениетті болу - әрбір тұлғаның адами және ұлттық борышы. Әрбір ұлттың әдептілік ерекшеліктері бар.
Әдептілік – іс-қимылдағы, сөйлеудегі, еңбектегі, мінездегі адами мәдениеттіліктің көркем көрінісі, ерен ерекшелігі.
Іс-қимылда ізеттілік, инабаттылық, сыйластық белгілері арқылы әрбір тұлға өзінің әдептілігін көрсетеді. Әдептілік (мәдениеттілік) ым- ишараттан және үн-ишараттан да айқын көрінеді.
Сөйлеу мәдениетінің (қысқа сөйлеу, әсерлі сөйлеу, дауыс ырғағын мәнерлей білу, әрбір сөздің өз әуезін әрлеп, байыптап сөйлеу, тыныс белгілерін өз мағынасында пайдалана білу т.б.) әдептілік мәні мен маңызы зор. Өз ырғағымен, өз мәнерімен, өз мағынасымен айтылмаған сөйлем – сөйлеушінің мәдени кемістігін көрсетеді.
Еңбектегі әдептілік (тазалық, ұқыптылық, тындырымдылық, іс ретін таба білу, іс тәртібін сақтау, уақытты пайдалана білу, бірлік т.б.) жеке тұлғаның мәдени ерекшеліктерін көрсетеді, еңбек өнімін арттырып, қуанышқа, шаттыққа жеткізеді.
Мінездегі әдептілік жеке тұлғаның ұлттық мәдениетті бойына сіңіре білгенін көрсетеді:
Бірлігі дәстүрге айналған,
Тірлігі бақытқа сайланған,
Сыйлауды, әдепті үйреткен
Иманды халқымнан айналам!
Психологиялық жағынан алып қарасақ, әдеп ұлттық тұлғада, ұлттық әлеуметте ішкі ләззат, сыртқы ләззат, әлеуметтік пәззат арқылы ( әр дәрежеде) қалыптасады.
Имандылық әдебі
Имандылық – ұлттық тұлға бойындағы құдіретті өмір заңдылықтарын жан жүрекпен қадірлеп, сол тәлімнаманың қағидаларын бұлжытпай орындаудың іс-әрекеттік көркем көрінісі.
Тек жақсылық ойлау, адам баласына, айналасына, табиғатқа тек жақсылық жасау, жақсылыққа сену – имандылықтың иланарлық белгілері болып табылады.
Ашуланбау, өсек айтпау, артық сөз сөйлемеу, тек пайдалы іс-әрекет жасап, пайдалы сөз сөйлеу, иманды адамның, өз ерекшеліктері ретінде айналасына айдан анық көрініп тұрады.
Жан және тән тазалығын сақтай білу иманды адамның қадірлі қасиеті. Ой, сөз, іс-әрекет, киім–кешек, жатын орын, бөлме, жұмыс орнының тазалығы бәрі иманды адамның имандылық салтанатын көрсетеді.
Тіршілікте тынымсыз пайдалы еңбек ету – тіршілік иесінің имандылық қасиетін көрсетеді. Еңбектегі ұқыптылық, жауапкершілік, ынтымақтылық, ықыластылық, тазалық, ұжымшылдық, бірлік... бәрі имандылықтың саналық сапасын көрсетеді.
Иманды болу ұлттық мәдениеттің айқын көрінісі. Қазақ халқы ұрпағын имандылыққа тәрбиелеп, заңдылықтарды, заңдарды, міндеттерді, парызды мүлтіксіз орындаға баулиды. Имандылық – адамгершіліктің көркем көрінісі.
Иман араб тілінде «сенім» деген мағынаны білдіреді. Өмір заңдылықтарына, оның тылсымдық құдіретіне сеніп, сенім қағидаларын өмірде көрсете білу – имандылықтың іс–жүзіндегі бейнелі–бейімді қасиеттері. Иманды болу тәлім – тәрбиенің айқын көрінісі. Қазақ халқының ұлттық кредосы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет