Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет16/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   143
Кітап Тәрбие

Ізеттілік - әдеп
Жеке тұлғаның адам баласымен тек сыйласымдық әдеппен (мәдениеттілікпен) қатынас жасай білудің өнегелі үлгісін ізеттілік дейміз. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» дейді қазақ халқы.
Үлкенге құрмет көрсету - әдеп. Құрмет көрсету бас иіп, оң қолын жүрек тұсына қойып, жылы жүзді, ықыласты, инабатты бейнемен беріле амандасу – ізеттіліктің әдеппен толысқан көрінісі. Жалпы көпшілікке құрмет көрсетудің көркем көріністері ізетті қимылдан, әдепті сөзден, нұрлы бетқимылдан айқын көрінеді. «Күндей күлімдеп, жаздай жадырап», әдепті, әсерлі, сыйласымды сөздермен елжірей нұрланып көрсетілген ізеттілік ұлттық тұлғаның ұлағатты бейнесін көрсетеді де, құрметтелушінің жүрегін елжіретеді.
Көпшілікті, бауырластарды, руды, елді, ұлтты жалпы адам баласын қадірлеп, ізеттілікпен құрмет көрсету – ұлттық тұлғаның елеулі ерекшеліктері болып табылады. «Адам да құдірет: Әманда құрметте» дейді ақын. Әрбір адам – ұлы (саналы) тұлға, оған ізет көрсету - мәдени, рухани, әдепті көрініс болып табылады.
Әрқашанда әдептілік іс-әрекетпен, әдеп сақтаумен көпшіліктің көңілінен шығу – ұлттық тұлғаның қазақи қасиеті болуға тиіс. Әрбір адамның өз мінезі: сөйлеу мәнері, іс–қимылы, сыпайылық сыры болады. Ал ізеттілік көрсетуші тұлға тек жақсылық ниетпен жадырай назар аударып, тәккапарлық пен надандықты, асқандық пен тасқындықты жарқын нұрымен жеңіп отыру керек.
Ізеттілік қайырымды, нұрлы, мейірімді, мархабатты қарым – қатынастан туындайды. Ізеттілікті үйретпейді, ізеттілікті үйренеді. Ата – ана, айналадағы ақылгөй адамдар ізеттілік көрсетіп, ұлттық тұлғаның әдебін қалыптастырады.
Қайырымдылық әдеп
Қайырымдылық – адам баласына, табиғатқа жақсылық, жаңашырлық жасаудың белгісі. Ол отбасынан басталады.
Кемтарларға, кембалаларға қайырымдылық жасау үшін қайырымды тұлға оларға тікелей көмек көрсетеді, тұрмыстық хал – ахуалына қаржылай қамқорлық жасайды. Әрине мұның бәрі қамқоршылық өз халіне, тұрмыстық – қаражаттық мүмкіндіктеріне байланысты болады.
Жетім – жесірлерге, тұрмыстан қысылғандарға қайырымдылық жасау - әрбір ұлттық тұлғаның адамгершілік парызы болып, қалыптасқан. «Жетім көрсең, жебей жүр» дейді, халық. Жеке тұлғадан бастап, ұлттық, мемлекеттік дәрежеге дейін салт – сана болып қалыптасқан халықтық дәстүр жалпы адам баласының қағидасына айналды. Бұл қағида бұлжымай орындалмаса, әлеуметтік заңдылықтар бұзылады. Бұл салтты бұзу (бұрмаламау) жеке ұлттық тұлғаның жетесіздігін, тексіздігін, сараңдығын, санасыздығын көрсетеді.
Халық қажетіне демеуші болу да қайырымдылықтың халықтың дәстүрі. Бұл дәстүрді орындау тұрмысты, ауқатты тұлғаның қолынан келеді. «Елім десең, ерінбе сен» деп, халық елге қызмет ету – қамқорлықтың қадірін арттыратын құбылыс екенін ашық айтады. «Елге қайырымдылық – ерге сын» дейді халық.
Табиғатқа қайырымдылық жасау барлық адамзаттық ардақты борышы. «Судың да сұрауы бар», «Аққан тердің, күткен жердің жемісі» - сол табиғатқа жасаған қамқорлық пен қайырымдылық арқасы.
Қайырым жасау - әдептіліктің негізі. Қазақ халқы – қайырымды халық. Қай ырымды халықтың ұрпағы ата салтын арыңдай сақтап, абыройлы болуға міндетті. Қайырымдылық – ұлттық парыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет