Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы


Қазақ халық педагогикасының әдіснамалық негіздері



бет3/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143
Кітап Тәрбие

Қазақ халық педагогикасының әдіснамалық негіздері
Әдіснама (методология) - ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесі логикалық (қисындық) құрылымы, әдіс-тәсілдері, зерттеу негіздері жөніндегі ілім.
Қазақ этнопедагогикасының (қазақ халық педагогикасының) әдіснамалық негіздері ұлттық тәжірибелерді зерттеуден туындайды. "Баланы тәрбиелеуде біз халық тәжірибесіне сүйенеміз" дейді ертедегі грек философы Аристотель. Ал халықтың тәжірибелері оның арғы тегіне, халық болып қалыптасуына, тұрмыс-тіршілігінен бастау алады. Профессор С.Қалиев қазақтардың шығу тегіне байланысты тарихшы ғалым Л.Гумилевтің: "Қазақтар - түрік, монғол, үнді-иран тектес, Қазақстан территориясында тіршілік еткен Еуразия далаларының көшпелі үштігінен тараған сақ, ғұн, үйсін тайпаларының қосындысынан құралған ежелгі халық" деген тұжырымын мысалға келтіріп, "Қазақ халқы негізінен, республиканың қазіргі жерін мекендеген автохтонды (байырғы) тайпалардан қалыптасты және олардың этногенетикалық құбылыстарының түп тамырлары сонау қола дәуірінде, андронов мәдениеті деп аталатын көне кезеңге (б.з.б. XVIII-VIII ғ.ғ.) саяды" - дейді. (Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. -Алматы. 1998 ж. 16-бет.).
Міне, осындай тарихи түп негіздері анықталған қазақ халқының этнопедагогикалық негізі - ұлттық тәжірибелер екендігін немен дәлелдеуге болады? Білге хан мен Күлтегінге арналған ескерткіштен (тас жазуынан) басталатын қазақтың тарихи тегін зерттеу ғылыми тұжырымдары түрік тектес қазақ халқының тарихи, этнографиялық, этностық, тұрмыс-салттық белгілерін айқындап берді.
Қазақ халқының тарихи болмысы мал өсірумен, егіншілікпен, қолөнерімен, аң аулаумен, ел қорғаумен байланысты. Өмірдегі осы болмыстарына сәйкес халық тәлім-тәрбиелік тәжірибе жинады, ұлттық болмысы мен дәстүрін, салт-санасын қалыптастырды. Халық ұрпағын өз тәжірибелеріне сәйкес мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын, қолөнерін, аң аулауды, ел қорғау үшін ерлік жасауға тәрбиеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет