Қызғаншақтық мінезді тәрбиелеу
Қимастық, көреалмастық, қастекілік, қаскүнемдік, қараниеттілік, қаныпезерлік, іштарлық арқылы пайда болатын бұл мінез жеке тұлғаның жан жүйесін бұзып, адамдығын жоғалтады.
Қызғаншақтық адам ешкімге жақсылық қимайды, тіпті, жақын бауырларына, асып кетсе, ата – анасына, жұбайына жақсылық қимай, жаны бұзылады. Сөйтіп, ол (қызғаншақ) адамдық қасиетін жойып алып «жойқын төбе» болады.
Қызғаншақтық, көбінесе, көреалмастықтан пайда болып, қытымыр адамжақсының жақсысын «жаман» деп, жаны қиналып, жарық дүниеге симай кетеді де, әділетсіз, әдепсіз қылықтар жасайды. «Сенің байлығың – қызғаншақ үшін қайғы - мұң» деп, халық қызғаншақтықтың қырсығын қиып айтады.
Қызғаншақ адам қадірлігі қастекілік жасап, етегінен тартып, «аяғынан шалып», адамның алға басуына кесірлі кедергі жасайды. «Мақтаншақ сызданады, қызғаншақ қызғанады деп, халық қастекілік жасаған қызғаншақтыққа лағнет айтады.
Қызғаншақтық мінезді адам қатардан озған адамға қаскүнемдік әрекетті «білдірмей» жасау үшін, неше түрлі айлашарғы қолданады. «Қызғаншақтың көңілі қош болмайды, ол ешкіммен дос болмайды» дейді халық. «Күліп отырады, текеметіңді тіліп отырады» деп, оның (қызғаншақтың) иттігін інге тығады.
Қараниеттілігімен халыққа белгілі болған қызғаншақты «Ісің болса жүйелі, қызғаншақтың іші күйеді» деп, жек көреді.
Қаныпезер қызғаншақ қандасын да, қарындасын да аямайды. Оларды сыбағасынан құр қалдырып, «сынап - мінеп», «қарсы болып», «қарайып», әдептен жұрдай болады.
Іштарлық (ақыл тарлық, ақымақтық, қимай қиқылдап т.б.) әрбір тұлғаның тұғырлығын бұзады. Іштарлықтың кейбір нышандары – барлық адамға тән.
Бұл дүниені бүлдіретін мінезде дәлелдеу, мойындату, көрсету, талап ету тәсілдерімен тәрбиеллеу керек.
Қанағатсыздық мінезді тәрбиелеу
Тойымсыздықтан, көзтоймастықтан, дүниеқұмарлықтан, бағасыздықтан, атаққұмарлықтан, бейберекеттіктен, нәпсіқұмарлықтан пайда болатын қанағатсыздық мінез ақылды аздырады.
Қанағатсыз адам «ала берсем», «жей берсем» дейді, бірақ тоймайды. Ол ала берсем деп, парақорлыққа барады, басқадан ақысын жей береді, алудың амалын ойлайды, тоймайды.
«Кедей бай болсам дейді, бай құдай болсам дейді» деп, халық қанағатсыздықты қатты сынайды. «Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыз жалғыз атын сойғызар» деп, халық қанағатсыздықтың кейде кедейлікке де апарытын апаты болатынын айтады.
Көзтоймастық, дүниеқұмарлық қанағатсыздықты қалыптастырады. Бар затқа көзі тоймай, бардың бағасын білмей, дүниеқұмарлық санасын билеп, дүниеқоңыз болған адам адамдық қасиетін жойып, ақша үшін арын сатып, дүние үшін қан төгіп, қылмыстыққа барып, қиылады.
Қанағатсыз адам дүниені бағалай білмейді, парықсыздық, нарықсыздық, үнемсіздік ондай адамның берекетін кетіріп, беделін жояды.
Атаққұмарлық қанағатсыздықты тудырып, мансапқорлық, билікке таласу, шенқұмарлық шермендігі пайда болып, елге зиянын тигізеді. Ақылы жоқ болса да, атағы бар нақ ұрыс халықтың қасы, адамзаттың азғыны.
Қанағатсыз адам берекет дегенді білмейді, дүниесі көп болса, орынсыз шашады, нәпсіқұмар болып, ар – ұятты жойып, отбасын, Отанын бұзады.
Қаскүнем мінезді мойындату, жазалау арқылы тәрбиелеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |