Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет52/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   143
Кітап Тәрбие

Кесірлі мінезді тәрбиелеу
Әдепсіздіктен, әумесерліктен, анайылық, кесепаттық, кесірлік, ысырапшылдықтан пайда болатын меніз жеке тұлғаның бақытсыздыққа ұшыратады.
Кесірлі адам әдепсіз болады. Ұлттың ұлағатты әдептілік дәстүрлерін бойына сіңірмей өскен бейбақ әдепсіз болады да, кесірленеді. «Әдепсіз боп есірме, жолығасың кесірге» дейді халық. Әдепсіздік – ұлттық тәлімге жат қылық, адами қасиеттерді жояды, жекедайды жеккөрінішті етеді.
Әумесерлік, әсіреңкілік әрекет кесірленуден пайда болады да, жеке тұлғаның жетесіздігін көрсетеді. «Асты қорлама, құстырады, адамды қорлама, састырады» дейді халық. Әсіреңкілікпен әдепті бұзып, дөрекілікпен дөңқайса болу – сорлылық.
Бейпілауыз, бейәдеп сөздерді тоғытып, тоғышарлық пен топасытығын көрсетеді, пайдасыз, қисынсыз, өзінің қадір – қасиетін жояды.
Арнайы сөйлеп, арнайы қимылдап, ақымақтығын көрсеткен кесірлі адам, ұлттық және жалпы адами мәдениетті білмейді де, өзінің мәдениетсіздігін көрсетіп, айналасының абыройын төгеді. Ол көпшілік орнында тәртіп сақтауды білмей, көпті кейітіп, кесір келтіреді.
«Тамағы тойса, тойған нас, келешегін ойламас» деп, халық кесірлігінің кесепаттық әрекетін қатты сынайды. «Кештік өмірің болса, түстік мал жи» деп ел азаматтың еңбекшіл болуын уағыздайды.
Кесірлі адам ысырапсыз болады. Ол әр нәрсенің қалпын қадірлемейді, «артық» деп төге салады, «тозды» деп сөге салады, яғни әр заттың, әрекеттің өз қалпын білмейді, білгісі де келмейді. Ысырапқойлық кедейлендіреді, кесірін тигізетінін түсінбейді.
Кесірлі мінезді дәлелдеу, мойындату, мәжбүр ету тәсілдері арқылы тәрбиелеу керек.
Күйгелектік мінезді тәрбиелеу
Шыдамсыздықтан, сабырсыздықтан, қазымырлықтан, қараниет-тіліктен, теріс ойлаудан, абыржудан, ашуланшақтықтан пайда болатын бұл мінез жеке тұлғаның қадірін кетіреді.
Оңай өмір жоқ. Өмірдің кез келген қиындығына шыдай алмай «қиқылдап», күйіп – пісіп, «маңдай сорым қайнады» деп, өзінің берекесін кетіреді.
Күйгелек адамда сабыр болмайды. «Күйгелектің күлі шашылады, арты ашылады» деп халық, «сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа», «сабыр түбі – сары алтын» деп, оны сабырлы болуға үндейді. Ал ол өткізіп алып, өкінеді.
Қазымырлықпен пәле қуып, одан ашу шығарып, күйіп кететін тұлға, секем алып, себеп тауып, ақылынан адасады. Кемшіліксіз тірлік аз. Сол кешілікті кесірлене тауып, одан у тауып, от қойып, күйгелек адам өзін де, басқаларын күйдіреді.
Күйгелектік, көбінесе, қараниеттіліктен пайда болады. Басқаға жамандық ойлап, «қызғаныштың қызық итін» үргізіп, ызалана, ызбарланып күйгелек күн көрсетпеуге тырысады, өзінің де, өзгенің де берекесін кетіреді.
Күйгелек адам өмірдегі жақсы, жаман құбылыстардың тек «жаманын» көріп, «жаны» қиналады. Тепе–тең тірлікті теріс ойлайды. «Ас беріп, ағайынға жақпайсың» деп халық теріс ойлап, теріс қарайтын адамдардың ақымақтығына күйінеді. «Отырсаң опақ, тұрсаң - сопақ» деп, күйгелек «күйкі тіршілікте» ешнәрсені ұнатпайды.
Үнемі абыржып, ашуланып жүретін күйгелек адам – отбасының «ойраны», өзбасының өлімі. «Сабыр сақта», «қабағың ашық болсын», «ашу - дұшпан» деп, халық күйгелек адамды үнемі үзбей тәрбиелейді.
Күйгелек мінезді сабырлы ақылмен, әдепті, өнегелі іс-әрекетпен, қамқорлықпен, қажырлы талаппен тәрбиелеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет