Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет55/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   143
Кітап Тәрбие

Мақтаншақтық мінезді тәрбиелеу
Дандайсудан, өркөкіректіктен, менмендіктен, асқындаудан, дарақылықтан, даңққұмарлықтан пайда болатын мақтаншақ мінез – ердің есалаңдығын көрсетеді.
Мактаншақтық, көбінесе, мақтаудан «семіріп», барғамастанып, дандайсудан пайда болады. «Екі көзің еліріп, құр қарайсың аспанға» деп, Абай дана мақтаншақтықтан «еліріп, ессізденіп» кететінін қатты сынайды. «Өзін-өзі мақтаған, өлімнің қара басы» дейді халық.
Өзін өр тұтып, өркөкіректеніп, басқаға «жол бермей», «менікі дұрыс» деп, кеуде қағып кеуіп кететін, мақтаншақты «қасиетсіз» деп жек көреді, «бөспе бөседі – күнәсі өседі» дейді ел.
«Мен!» деген менмендік сөзден басталатын мақтаншақтың, мағынасыз бөспе сөзі тек оның өзі үшін ғана «мақтаныш» болады да, басқалар үшін «балдыр-батпақ» болып естіледі, мағынасыз болады.
«Әрнәрсенің қалпын біл, әдепті елдің салтын біл» деп, халық әдептілікті бұзатын мақтаншақтық мінезді мінейді, «Мақтану - әдепті бұзу» дейді халық.
Дарақыланып, далақтап, екіленіп, есіріп кететін мақтаншақ мінезді адам ұнатпайды және одан аулақ болуды уағыздайды.
Мақтаншақ адам басқалар мақтасын деп, еліріп, естен танып, шала бүлінеді. Егер басшы мақтаншақ болса, қасындағылар оны құрғақ сөзбен қуантып, алдап-арбайды, жағымпаздары жанын жалдап, «жалған» жақсылайды. Сөйтіп, мақтаншақ адам бірте-бірте даңққұмарға айналады.
«Мақтаншақтың кеудесі қуыс» дейді де, халық бос мақтаннан аулақ болуды уағыздайды, мақтану – мақтаныш емес.
Мақтаншақ мінезді көрсету, дәлелдеу, мойындату, ықпал ету, сындау тәсілдері арқылы тәрбиелеу керек.
Мансапқорлық мінезді тәрбелеу
Шенқұмарлық, парақорлық, пәлеқорлық, қулық-сұмдық, даңғойлық, кеудемсоқтық, сыбайластық арқылы пайда болатын мансапқорлық мінез – халықтың қасіреті.
Шенқұмар адам өзінің шама-шарқына, біліміне, іскерлік ауқымына қарамай, шенге (атаққа, дәрежеге) құмар болып, сол жолға «барып-салып», «бағын жандырмақшы» болады. «Азат басың болсын құл: Қолдан келмес іске ұмтыл» деп, Абай дана мансапқор адамның қолдан келмес іске ұмтылып, азапқа түсетінін сипаттайды. Шенқұмарлық – шерменделік.
Мансапқор адам – парақор. Іспен, біліммен емес, парамен шенге жетіп, шекірейген шенеуліктің түбі қайырлы емес, ол опық жеп елді «еңіретіп», халыққа қасірет әкеледі. «…Бірақ секіріп шығам деп, - мертігеді де жатады, сөйтіп Құдай атады» деп, Абай дана мансапқордың мақұлықтығын шенейді.
Мансапқор адам мансапқа жету үшін, басқаның орнына таласып, пәле іздеп, қасірет қазады. «Сатып алған мансабың, қасіреті баршаның» дейді халық. Кәсібі мен нәсібін тауып жүрген адамның адалдығын жоққа шығарып, оққа жығатын мансапқорды халық та қарғайды.
Мансапқор надан мансапқа жету үшін неше түрлі қулық-сұмдықты ойлап, «аяқтан шалып, етектен тартып», жала жауып, жалпы жұртты дүрліктіреді. Даңғойлықпен даңқын шығармақшы болады, қараулықпен қағысады.
Мансапқор «маңғаз» кеудемсоқтықпен кез келген ізгіниетті адамнан өзінің «артық» екенін айтып, ардан безеді.
Сыбайластыққа «сыбана» кірісіп, сол солақай жолда амал-шарғыны, айлакерлікті, кесір әрекеттерді көп пайдаланып, ел ішін бүлдіреді, бірлік пен тірлікті бұзады.
Мансапқорлықты дәлелдеу, жазалау, әшкерелеу, масқаралау тәсілдерімен тәрбиелеу керек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет