Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет134/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   143
Кітап Тәрбие

Жас ерекшелігі

Бала психологиясында, темпераменттерді топтап, холерик, сангвиник, плегматик, меланхолик деп, бөлеміз де, біз, ұстаздар, кейде кез келген оқушы баланы осы темпераменттердің біріне жатқыза саламыз. Әрине, белгілі бір жағдайда және тұрмысынан баланың бойында осы темпераменттердің бірі басым болатыны рас. Бірақ жас ерекшеліктеріне және тәрбиеге байлансты баланың психологиясы да өзгеріп отыратыны айдан анық емес пе? Әсіресе, жасөспірімнің 13-15 жастағы «өтпелі (толқымалы) кезең» деп аталатын кезіндегі мінезі «аумалы төкпелі» болмай ма? Соның бәрін ескере отырып, бала психологиясындағы өзгерістерді жақсылық жағына қарай бейімдеп отыру әрбір ата-ананың, ұстаздың, тәрбиешінің, оқытушының басты міндеті ғой.


Кейде бала мінезіндегі өзгеріс тосын құбылыс болып көрінеді де, бала мен тәрбиеші арасында «кездейсоқ» шиеленіс пайда болады.
Бейсен есімді бала – алтыншы сынып оқушысы. Ол үзілісте ең соңғы партада сыныптасымен әңгімелесіп отыр, қысыңқы көздерімен жолдасына сүзе қарап, жымың-жымың етеді. Жалпақ мұрны тершіп кетіпті. Жұмырда ғана әктелген сынып қабырғасына үйкеп, судай жаңа шалбарын былғап алғанын да байқамаған секілді:
- Бейсен-әй! Сені Орал шақырып тұр, - деп, оның Тортай деген досы сыныпқа ентіге енді.
Сол сол-ақ екен, Бейсен соңғы партаның үстіне секіріп шықты да, екі партаның үстінеен қарғып өтіп, үшінші партаны басып барып, ырғып түсті де, қапелімде кіріп келген кезекші мұғалімді қағып кете жаздап, тысқа беттеді.
- Тоқта! Мынауың не? Партаның үстінен неге жүресің? Бұл не қылған бейбастық?! – деді кезекші оқытушы оны тоқтатып.
Бейсен бір қызарып, бір бозарып, үнсіз тұр. Үлкен адамнан ескерту естісе болды, оның осылайша мелшиіп тұра қалатын әдеті. Бірақ ол сонша мелшигенмен, өзіне ескертпе айтқан адамның сөзінің байыбына барып жатпады. Қазір онда бір-ақ ой бар: «Көп қазбаламай, тысқа жіберсе екен»...
Бірақ оқытушы оны «жібере» қойған жоқ. Бұл кісі Бейсенді үш жыл бойы бастауыш сыныпта оқытқан ұстазы еді. Өзі инабатты, биязы мінезді, жақсы оқитын оқушының бесінші, алтыншы сыныпқа барғанда, мінезінің тіптен өзгеріп, тәртіпсіздігі көбейе бастағанын көзімен көрген оқытушы сабыр сақтай алмай, оған ұрса сөйледі.
- Мұның қалай? Сен мүлдем бұзылыпсың. Мені тіпті адам ғұрлы көрмей, қағып кетпек ойың бар. Үлгерімің де нашар, жаман бала болыпсың...
Ұстаз сөзінің жаны бар. Соңғы кезде ол оқытушылар тарапынан «тәртіпсіз» деген сөзді жиі еститін еді. Мұның бәрі оған әділетсіздік көрінді де, ол достарына да, ұстаздарына да ашына түсіп, сәл нәрсеге шиеленісе кететінді шығарды.
Ол қолын бір-ақ сілтеп, жүгіре басып, сыныптан шыға жөнелді. Бұл әдепсіздікке бұрынғы ұстазы да қатты жәбірленді.
Мен сынып жетекшісіне: «Баланы мезі қылып, оған құрғақ ақыл айта беруден гөрі, бүкіл сынып болып, онымен достық әңгіме өткізген оңды болар» дедім.
Мұнан кейін сыныпта «Достық дегеніміз не?» деген тақырыпта пікірлесу тәрбие сабағы өтті. Пікірсайыстың көп сұрақтарына Бейсеннің өзі жауап беруін талап етті. Ол сынып сағатының соңында өз мінезіндегі пайда болған «оғаштықтарды» санамалап, оны түзету жолдарын айтты, оның жауабын достары толықтырды.
Көп ұзамай Бейсенді мектептегі көркем сөз үйірмесіне қатыстырдық. Кейін ол ең алдыңғы қатарлы оқушылардың бірі болды...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет