Әдебиеттер
1. Бейсенов К.Ш. Философия тарихы. Шымкент. 1992. – 87 б.
2. Бегалинова К. Проблема человека и мира в казахской философии. Ал-
маты, 2000. – 59 б.
3. Қараңыз: Абу Али Ибн Сина. Избранные произведения. Душанбе, 1980.
Т.1. 58 б.
4. Уайтхед А.И. Избранные работы по философии. М., 1990. 200, 204 б.
5. Аль-Фараби. Философские трактаты. Алма-Ата, 1970. 44 б.
6. Сол жерде. 45 б.
7. Аль-Фараби. Историко-философские трактаты. Алма-Ата, 1985. 392 б.
8. Гадамер Г.-Г. Актуальность прекрасного. М., 1991. 12 б.
9. Әл-Фараби әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы, 1975. 153-154 бет-
тер.
2. 5. Махмұт Қашқаридың дүниетанымдық айшықтары
«Өткен өшкен жоқ,
ол тіптен өткен де жоқ»
У.Фолкнер
Адамзат өмірінің барлық кезеңдерінде тарихи мұраға, өткенге көзқарас
үнемі бірқалыпты, бір ұдай болған жоқ. Ол қоғам дамуымен бірге өзгеріп
отырды. Бұл өзгерістер күні бүгінге дейін жүріп жатыр. Бүгінде мәдениеттегі
әрбір құбылысты бастапқы даму жолы дайындаған белгілі бір сара кезең деген
жайдақ эволюционистік көзқарас өткенде қалғандай. Біз мәдени өткеніміздің
102
бізбен бірге, қатар әрбір адамзат болмысының қажетті бөлігі ретінде өмір сүріп
отырғанын түсінеміз. Бұл – Р.М. Рильке айтқандай, бүкіл бұрын-соңды
өткеннің барлығының мәнінің өзі, өткеннің өлі жүк болып қалмауы, бірақ, бізге
терең ұласа келе ғажайып бейнеде қайтып оралуы. Адамның мәдениболмысы
өзі туып-өскен, тәрбиеленген мәдениеттің болмысына байланысты толысады.
Ата-бабаларымыздың бізге қалдырған мұралары тек қана жетістіктерден
тұрмайды, жеңілістер де болады: оқиғалар алмасуында жоғары шарықтаулар
мен құлдыраулар болғаны да байқалады («Мен – қазақпын, мың өліп, мың
тірілген» Ж.Молдағалиев). Қоғамның даму диалектикасы осылай болмақ. Біздің
де әлеуметтік өміріміз бен рухани өмірімізде үздіксіз қозғалыс бар.
Қиыншылық кездерінде біз ойланамыз, толғанамыз, келесі дамуға
қайратымызды жиямыз. Бүгін Бостандық пен Тәуелсіздіктің арқасында
өткенімізді меңгеріп, қабылдап, түсініп, өзіміздің тарихи, рухани, мәдени
байлықтарымызды, оның берік ірге тасына сүйене отырып игеретін, бүкіл
әлемдік өркениетте лайықты орнымызды алатын сәт туды.
Жалпы адамзаттың өркениет қазынасына өз үлестерін қосқан халықтардың
мәдени және ғылыми мұраларын зерттеу – ғасырлар тереңінде өздерінің ізгі
ойларын ұсынған ұлы адамдарың есімдерін ғана емес, әр ұлттың өзіне тән бай
мәдениетін де көрсетеді. Басқа әлем халықтары сияқты қазақтар да бай,
дамыған мәдени-ғылыми философиялық ойлары бар халық. Мұндай халық
әлемдік мәдениеттен көп уақыт тыс қалуы мүмкін емес. Тәуелсіздігіміз ор-
наған, бекитін осындай қиын уақытта біздің мақтануға тұрарлық өткеніміз бар.
Қазақ халқының (түркі тілдес халықтардың бәрінің де) қоғамдық пікірінде
ерекше көзге түсетін тұлға – Махмұт Қашқари.
Махмұт Қашқаридың өмірі мен шығармашылығы (шамамен 1030-1126 ж.)
ІХ-ХІІІ ғасыр шамасындағы «шағылысты ренессанс» (Н.Конрад) атты керемет
уақытқа сай келді. Бұл дәуірдің мәдени шығармашылыққа жолы болуы, әрине,
ең бірінші араб халифатының пайда болуына байланысты. Махмұт Қашқари
дүниеге келген Қарахан Мемлекеттік бірлестігі араб халифатының гүлденген
дәуірі өткеннен соң пайда болған. М.Қашқари Қарахандықтар династиясына
жататын тайпадан шыққан. Оның әкесі – Хусаин ибн Мухаммед Барысхан
билеушісі болған. М.Қашқари туып-өскен және шығармашылықпен
шұғылданған қоғам қандай болған еді? Этникалық жағынан бірнеше түркі
тайпаларынан құралған Қарахандықтар мемлекеті Х ғасырдың басында пайда
болып, үш ғасырдай өмір сүрді. Қағанаттың әлеуметтік-экономикалық негізі
көшпелі өмір мен отырықшы шаруашылықтың бірігуі арқылы пайда болды.
Қарахан мемлекетінің идеологиялық негізі – мұсылман діні болды /1/.
Қарахандықтар билік құрған кез оның ұлан-байтақ империясындағы барлық
халық үшін экономикалық, әлеуметтік және мәдени даму кезеңі болды. (Қа-
рахандықтар өздрінің тарихи өмірлерінде, сөз жоқ, әр жақтың мәдени ықпа-
лында болды, бірінші шығыстан – қытайдың, ұйғырдың және, мүмкін,
соғдылардың, ал Мауараннахрды жаулап алған соң – парсы мәдениеті мен
жергілікті дәстүрдің қатты ықпалына ұшырады» /2/.
Қарахандықтар дәуіріндегі әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдай
түркі тайпаларынан көптеген қайталанбас дара тұлғалар – патриоттық бағыт-
103
тағы ақын-ойшылдардың, философтардың, тарихшылардың географтардың
шығуына мүмкіндік жасады. Әл-Фараби, Әл-Кинди, Ибн-Сина, Бируни сияқты
ұлы ойшылдар шығармашылығы орта ғасырлық «шағылысты ренессанс»
дәуіріне кірген Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу біліг» («Құтты білік»), Махмұт
Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы»), Ахмет
Иүгінекидің «Хибат-ул Хақаиқ» («Ақиқат сыйы»), Ахмет Иассауидің «Диуани
Хикмет» («Ақыл кітабы») тәрізді мәдени ескерткіштерінің қалуына
ықпалдарын тигізді. Түркі халықтарының ойшылдары араб, парсы ойшылда-
рымен бірге мұсылмандық Шығыстың рухани және мәдени дамуына ат салы-
сты. Олардың өз халықтарының, жалпы мұсылман қауымының, бүкіл өркениеті
әлем мәдениетіне қосқан үлестері көп. Бұл жерде сәл шегініс жасайық.
Жоғарыда айтылған мәдени-экономикалық серпіліс түркі халықтарының
өмірінде сәл кейінірек болды.
Қарахан мемлекеті жергілікті тайпалардың араб жаулап алушыларына қарсы
табан тірескен қарсылығы арқасында пайда болды. Кіндік Азиядағы Халифат
құрамына кірген халықтардың этникалық, әсіресе, тілдік және мәдени
процестері өте күрделі, әрі әр текті болды. Мұсылмандандыру процесінің
әсерінен мемлекеттік тіл – араб тілі болды да, көптеген этникалық топтар
«арабтанып кетті». Олар (арабтар) жергілікті халықтың санғасырлық тарихы
бар рухани қазынасын – ежелден қалыптасқан наным-сенімін, әдет-ғұрпын,
салт-санасын, тілін, жазуын, мәдениетін, әдебиетін жойып жіберуге барынша
әрекет жасады. «Түркістанның түпкілікті мәдени аймақтарында, – деп жазады
академик В.В.Бартольд – моңғол дәуіріне дейін түрік тіліндегі (яғни түркі
тілінде – Қ. Ә.) әдебиет жасайық деген талпыныс байқалмайды» /3/.
«Түріктерді араб-парсы мәдениетіне толық бағындыру ешқашан болған
емес; және түріктер өз тілдерін ешқашан жоғалтқан да емес; бірақ, араб-парсы
мәдениетінің әсері күшті болғандығы соншалықты, түрік тілі ешуақытта
мәдени және мемлекеттік тіл болған емес» /4/.
Сонымен, М.Қашқаридың еңбегі исламның, араб грамматикасы, хұқықтану,
шариат ілімдерінің билік құрып тұрған дәуіріне сәкес келеді. Ана тіліне деген
сүйіспеншілік, түркі тілдерінің ешбір тілден кем емес екендігін дәлелдесем
деген ниет, патриотизм – Махмұт Қашқариды туған жерді тастап (өйткені,
дәуір талаптары мен бар жағдай үнемі өзінің туған Қашқарында іс істеуге
мүмкіндік бере бермейтін) лингвистикалық, тарихи, жағрафиялық және басқа
да салада білім жию үшін түркі жерлеріне саяхатқа шығуға мәжбүр етті.
Дегенмен де, алдын ала берілген шартты жүйенің ауқымында-ақ ол өз ойларын
орнықтыра келе, түрік тілі мен оның құрылысын дербес, ең өзекті үлкен бір
мәдениеттің айнымас айнасы екенін саралап көрсете білді. М.Қашқари ұлттық
тілдің
«ішкі
пішін»
(грамматикалық,
семаникалық
құрылымдары)
ерекшеліктері арқылы «ұлыс (халық) рухын» қайта анықтап, жаңғырту
мәселесін қарастырады. Өзінің мақсатына жету үшін ол тыңнан жол салды,
оның айғағы – «Диуани лұғат ат-түрктің» әлі күнге дейін құнын жоймағандығы.
Жүсіп Баласағұни «Құтадғу біліг» («Құтты білік») атты еңбегін жазу үстінде
«қоғамдағы жағымсыз жәйттерді бұзатын, жаңа моральдық-этикалық негіз
керек екенін түсінгеніндей» /5/, Махмұт Қашқари да тіл халықтың рухани
104
дамуында үлкен қызмет атқаратынын сезіп, оған өзінің өмірін арнады. Мұндай
пайымдаулар төрт ғасыр өткен соң Әлішер Науаиға да өзінің «Екі тілдің
айтысы» деген трактатын жазуға мәжбүр етті. Ол дәуірде бар жағдайды есепке
алсақ, түсінбестік туғызатын мына бір жәйт – М.Қашқаридың араб пен түрік
тілдерін теңдестіріп, оларды жарысқа түскен екі арғымаққа балауы. Бұл
тұжырымдар бізге қоғамымыздың орыстанып кеткен кезеңінде қаза тілінің
гүлденуі жайлы айтып жатқандай елес береді.
Міне, тағы да тарих қайталанды. Біз де отаршылардың табанының астына
түсіп, әбден жаншылып қалған қазақ тілінің мәртебесін көтеруге ат салысып,
сол жолда күресіп келеміз (бұл тұрғыдан М.Қашқари бізге ерекше үлгі бола
алады). Бұндай жағдайды өмір төріне шығарған себеп – халықтың тарихи
жадының оянуы мен патриоттық сезімінің сұранысы деп білу керек.
Ең алдымен, М.Қашқари еңбегі тіл мәдениеті тұрғысынан бағалы, теңдессіз
ескерткіш ретінде бағаланады. Кітаптың «Диуани лұғат ат-түрк» деп аталуынан
белгілі боп тұрғанындай, ол – ХІ ғасырға дейінгі жалпы түркі тілдерінің толық
жинағы болып табылады. Дегенмен, ітаптың мазмұны еңбектің атынан
әлдеқайда кеңірек. Мен бұл кітапты алфавит тәртібімен құрастырдым деп
жазады М. Қашқари парасатты-ғибрат сөздермен, ұйқасты ақ өлеңмен, мақал-
мәтелдермен, өлеңдер мен қара сөзбен (прозамен) безендірдім. Мен қиынды
оңайлаттым, түсініксіз жайды түсіндірдім, жылдар бойы еңбектендім,
ақырында іздеуші сөзді өзінің қатарынан таба алуы үшін әр сөзді өз орнына
қойып, сөз тәртібін анықтадым. «Түрік, түрікмен, оғыз, жігіл, яғма,
қырғыздардың сөздері мен сөйлеу мәнерлерін зерттеп, қажеттісін пайдаландым.
Әрқайсысының тілі мен салты санама әбден қалыптасты. Соларды мұқият
зерттеп, арнайы әліппелік тәртіпке келтірдім. Мәңгілік ескерткіш, әрі
таусылмас әдеби мұра болып қалсын деген ниетпен түркі елдерінің сөздігін
жасап, кітапқа «Түркі сөздерінің жинағы» деп ат қойдым» /6/.
«Диуани лұғат ат-түрк» таза филологиялық еңбек қана емес, солай болған
күннің өзінде де бұл еңбек біздің Тіліміздің негізі, қайнар көзі болғандығымен
де маңызы арта түседі. М. Қашқаридың еңбегі – көне түркі халқының тілдік
және этникалық сана-сезімінің жарқын көрінісі ретінде бағалы, әдеби және
мәдени дәстүрлердің өркендеуіне, кемелденуіне ықпал еткен, араб халифаты
дәуірінде халықтың өзін рухани танытуына үлкен мүмкіндіктер туғызған
бірегей тілдік ескерткіш. Жалпы «тілдер – дерексіз емес, нақты, өмірлік
тәжірибеден ажырамайтын, әлеуметтік бағалау жүйесімен байланысты
дүниетаным…» /7/.
Әл-Фарабидің ғылымдарды жүйелегенде логика мен грамматика арасын-
дағы ұқсастыққа назар аудара келіп, бірінші орынға тіл туралы ғылымды қоюы
кездейсоқ емес. Сөз тарихы халықтың (сол тілді қолданушылар) тарихымен
ғана емес, оның ой, сана тарихымен де бйланысты. «Ойдың тікелей шындығы»
ретіндегі тіл – ғасырлар бойғы адамның тану, ұғыну, қоршаған ортаны
бағындыру сияқты талпынысы жөнінде қызғылықты әңгімені өн бойында
сақтайды. Тіл халықтың және оның мәдениетінің өзін-өзі көрсетуінің мәнді
тәсілі. Әрбір тіл өз қалпында бағалы, себебі, ол әлемді, дүниені тек өзіне ғана
тән қайталанбас тәсілдермен атайды. Жеке адам мен халық тағдыры, олардың
105
адамдық қасиеті туған тіл тағдырынан тыс емес, сонымен тікелей байланысты.
Міне, сол себепті Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари, Ә.Науаи, Абай,
Ахмет Байтұрсыновтар ана тілінің болашағы үшін, тілдің шұбарлануына қарсы
аянбай күресті. Олар тілге қатысты жасанды көзқарас, тағы басқа қателіктерді
ашып көрсетумен қатар, тілдің шынайы эстетикалық бағасын арттыруға ат
салысты.
М.Қашқари энциклопедиялық жан-жақты терең білімді кісі болған. Оның
«Диуани лұғат ат-түрк» атты еңбегі түркі тілдес халықтардың ойлау логикасы
мен өмір сүру дағдысының, тұрмысының, тарихының өзіндік философиясы.
Жалпы ол – мәдени-әлеуметтік, адамгершілік және діни қарым-қатынастарды
қамтыған туынды деуге боларлық. Махмұт Қашқари еңбегінің эн-
циклопедиялық мән-мағынасы жайында айта келіп, белгілі түрколог
А.Н.Кононов былай деп жазды: «Мұнда ХІ ғасырдағы түріктердің өмірі туралы:
олардың материалдық мәдениетінің бұйымдары, тұрмыс жайлары туралы…,
этнонимдері мен топонимдері туралы, түркі қызмет адамдарының титулдары
мен аттары, тағам-сусындардың аттары туралы, үй жануарлары мен жабайы
жануарлар және құстар, мал шаруашылығы терминдері туралы, өсімдіктер мен
дәнді дақылдары туралы, астрономиялық терминдер, халықтық календарь,
айлардың және аптадағы күндердің аттары туралы, қалалар туралы, аурулар
мен дәрілердің аттары, антомиялық терминология туралы, географиялық
терминология мен номенклатура туралы, металдар мен минералдар туралы,
әскери, спорт және әкімшілік терминологиясы туралы, түрлі тарихи және
мифтік қаһармандардың есімдері туралы, діни және этикалық терминология
туралы, балалардың ойындары мен ермектері және тағы басқалар туралы көп
жағдайда бірден-бір деректеме болып табылады» /8/.
Бұл мәліметтерден ХІ ғасырдағы ғана емес, одан да ертеректегі кезеңдердегі
түркілердің мәдениетінің сипаты жөнінен түсінік қалыптастыра аламыз.
Оның шығармашылығын зерттеушілер ІХ-ХІ ғасырларда өмір сүрген түркі
тілдес халықтардың дүниетанымы, жүріп-тұру қағидалары мен философиялық
этикалық құндылықтары жөнінен мағлұмат беретін бұл еңбектің әдеби, тарихи,
мәдени тұрғыдан алатын орны ерекше екенін талай атап өтсе де, осы күнге
дейін М.Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегін көбінесе тек тарихи-
филологиялық жағынан қарастырып келгеніміз баршаға аян. Сондықтан ол әрі
қарай жан-жақты және терең зерттеуді қажет етеді.
Қоғамдық-философиялық ойдың тұтас та бүтін тарихын жасау үшін
алғышарттың бірі – талдау барысында анық философиялық жазбалармен қатар
дүниетанымдық тұрғыдан алғанда айшықты көркем өнер туындыларын да
қарастыру. Белгілі философ В.Горский былай деп жазады: «Нақты тарихи-
философиялық зерттеулер көрсетіп отырғанындай, «философиялық емес» –
қоғамдық-саяси, нақты ғылыми, көркем және басқа да текстерді тарихи-фи-
лософиялық талдау нысанасына алып қарастыруға болады. Біріншіден, олар
қоғамдық орта мен контекстің негізгі нышандарын тану көзі болып табылады.
Әлемдік көркем әдебиеттің озық үлгілері қандай да бір философиялық ұғым
бере алады» /9/. Шындығында да, жалпы философиялық негіздерден тыс
көркем мәдениетті тарихи зерттеу мүмкін емес.
106
Қашқаридың дүниетанымдық көзқарасы әдеби-тілдік зерттеулерге арқау
болған номад түркілерінің далалық лирикасында, түркі тілдес халықтардың
классикалық поэзиясында, халық даналығының бай інжу-маржандарында,
ежелгі түркілердің ауыз әдебиеті нұсқаларында, мақал-мәтелдері мен
бәйіттерінде көрініс тапқан түркі мәдени дәстүрінен негіз алады. Бұл тұрғыдан
ол былай дейді: «Түркі халықтарының атамзаманнан көрген-білгендерін
баяндайтын бәйіт-жырлары мен қайғылы және қуанышты күндерінде айтатын
терең мағыналы мақал-мәтелдерінен мысалдар келтірдім. Бұл кітапты
пайдаланғандар кейінгілерге, олар өздерінен кейінгілерге жеткізсін деген ни-
етпен тағы біраз табылмайтын тіркестерді пайдаландым. Сөйтіп, бұл кітап
ұрпақтан ұрпаққа халықтық мұраны қаз-қалпында жеткіз мақсатымен қиянға
қанат қағып, әсемдік әлем – мәңгілік өмірге біржолата жолдама алды» /10/.
Күрделі шиеленісте М.Қашқари шығармашылығына өз ықпалдарын тигізген
әр текті дәстүрлер мен ағым-бастаулардың ішінде сырт көзге бірден түсетіні –
ол, әрине, ислам. Сол кездегі саяси және идеологиялық жағдайды есепке алсақ,
бұл өз-өзінен түсінікті. Алланы, пайғамбарды мадақтаусыз ешбір ойшыл өз
шығармасын бастай алмаған. «Құтадғу біліг» философиялық поэмасының
авторы секілді М.Қашқари да өзінің еңбегін Алла мен пайғамбардан жұмысына
табыс беруін тілеуден бастайды, тек сонан соң ғана шығармасын жазуға
кіріседі. «Мейлінше жасампаз, әрі шебер құдайды – Алланы құрметтейік,
ардақтайық. Ол Жебірейіл арқылы Мұхаммедке Құранда шын мен өтіріктің не
екенін анық баяндауды бұйырған. Ол нағыз сау адамның өзі ауру, ең тілге
жүйрік шешеннің өзі мылқау қалған уақытта Мұхаммедке құдіретті күш береді.
Мұхаммедті және барлық даңқты киелілерді қолдап, құрметтейік» /11/.
Бірақ, оның шығармашылығын талдап көргенде ислам қағидаларымен то-
лық сәйкесе бермейтінін байқаймыз. Дегенмен, Махмұд өз дәуірінің бел баласы
екені де рас. Біздің ойымызша, М.Қашқаридың дүниетанымында көне түріктік
сенім-наным мен сопылық түсініктер біршама орын алатын іспеттес. Оның
«Алла» деген ұғымның орнына әрдайым «Тәңір» (аспан, көк) ұғымын қолдануы
жайдан-жай емес. Бір-ақ мысл келтірейік: «Тәңірім аспанды кең жаратыпты,
жұлдыз бар онда ғажап, дара тіпті. Асылды ауаменен оратыпты, адамды
болмысымен таңырқатып» /12/.
«Диуани лұғат ат-түрк» еңбегімен таныс болмаған Ш.Уәлиханов, қазақ-
тардың арғы тегі – түркілер ислам идеологиясын үстірт қабылдаған және
мұсылман қағидалары мен пұтқа табыну кірігіп кеткен деп санайды. Халық
арасында Күн мен Айды осы кезге дейін қадірлеп, қастерлейді, оларға табы-
нудың кейбір сарқыншақтары сақталған /13/.
Аспан шырақтары, Күн мен Ай түркілердің түсінігінде «координаттар
жүйесіндегі» уақыт пен кеңістіктің өзгеше орталығы болып саналады. Күн мен
Ай, күн мен түн, жаз бен қыс, жарық пен қараңғы, жақсылық пен жамандық,
бақыт пен қайғы жер бетінде үстемдік ету үшін «таласады». Түркі ха-
лықтарының көптеген жазбаларында осы дәстүрлі сюжет желісі бар. Мысалы,
М.Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түркіндегі» жаз бен қыстың айтысы: «Жаз
бен қыс қарсыласты. Олардың әрқайсысы өз артықшылықтарын көрсете
бстады. Олар бір-біріне оқ ататындай әсер жинап айқасты» /14/.
107
Бұл жерде ажырамайтын бейнелі жұп аллегория ғана емес, дүниені түсіну
тәсілі ретінде де (қарама-қарсы екі күштің күресі) көрінеді, автордың дүние-
танымы мен өз көксеулерін де білдіреді. Дүниені, әлемді үздіксіз күрес ретінде
қабылдасақ та, оның түрлерінің бірлігін, ұдайы қозғалыс пен ұзақтықтың
біртұтастығын ұғамыз. Түркілер кеңістік пен уақыт әлемінде күнге, айға және
жұлдыздарға үлкен мән бергенімен, Көк-Тәңірі жаратылыстың ең жоғарғы
анықтаушысы болып қала берді. М.Қашқариды оқиық: «Әмірімен Тәңірімнің
кең әлем бұл байланған, оның бәрі жұлдыз-аспан, күндіз-түн боп байланған»
/15/.
Мұхаммед секілді Христосты да құдайға сенушілер ғажайып адам ретінде,
ал, Көк Тәңіріні объективті өмір сүретін табиғат ретінде қабылдайды. Осы жәйт
Ш.Уәлихановтың төмендегідей тұжырымына негіз болды:
«Бір жағынан шамандық – табиғатты жалпы алғанда және жеке қадірлеу.
Адам табиғат әсерімен өмір сүреді және әрекет жасайды» /16/.
Егер бүгінгі күн тұрғысынан ойласақ, Көк Тәңіріне табыну – адамның өз
табиғи мәніне оралу. Адамзат баласының экологиялық апат алдында қалу се-
бебі – қоршаған ортадан, өзінің кісілік табиғатынан бөлінуі. Осы тұрғыдан
қарағанда, пұтқа табынуды шынайы «жоғары цивилизация» деп есептеуге
болады. Себебі ол табиғат пен адам арасындағы сәйкесті, табиғи ортаны
құрметтеу дегенді білдіреді. Жер бетіндегі өмірді, өзі өмр сүретін ортаны
сақтау үшін адамзат пұтқа табыну философиясына (басқаша аталуы мүмкін)
қайтып та оралар.
Егер Жер жойылатын болса, жаратылыс сәйкестігі бұзылады, дүние
түгелдей өзгереді.
М. Қашқари көзқарасының қалыпасуына ХІ ғасырда Орта Азия мен Иранда
кең тараған, мәдени өміріне әсер еткен сопылықтың діни-философиялық ілімі
ықпал етпей қоймады. Осы уақытта түркі тілдес әдебиеттің көпшілгінде
сопылық ілім басты сипат алды. Кейін түркі халықтарының ішінде сопылық
ілімнің классикалық өкілі Қ. Иассауи болды (ХІІ ғ.). Сопылық дүниеге көзқарас
«Құтадғу білікте» біршама анық көрсетілген. Ал, Қашқари Баласағұни
шығармашылығымен таныс болуы мүмкін деп есептей аламыз. Біріншіден,
олар бір уақытта, бір мемлекетте қатар өмір сүрді. Екіншіден, олардың
шығармаларының текстерін салыстырмалы талдау- біздің осы пікірімізді
дәлелдей түседі. Академик В.В.Бартольд атап көрсеткендей, М.Қашқари өзінің
тілдік еңбегіне кірісерден екі жыл бұрын жазылған Ж.Баласағұнидың
шығармасымен таныс болды ма, әлде таныс болмады ма белгісіз.
М.Қашқаридың сөзіне қарағанда, алдында ізашар ешкім болмаған. Дегенмен,
М.Қашқари кітабында келтірілген халық даналығы үлгілеріндегідей «Құтағу
білікте» де белгілі бір мағына дәл сол сөздермен қайталанып отыратын
жекелеген өлең шумақтары кездеседі. «Құтағу білікте» оқыған, онымен жете
таныс әрбір адам М.Қашқари келтірген «Ерен ерлік тілде туады», яғни адам
сөзінде деген мақал Баласағұниды еске салады /17/. Ж.Баласағұни мен
М.Қашқари еңбектері сабақтастығын зерттеуге айрықша үлес қосқан ғалым
И.В.Стеблева. Сол кісінің жұмысынан бір-екі мысал келтірейік: «Егер сен
даналықтың кемеріне жетіп меңгерсең, енді оны еңбектене іске асыр»
108
(Ж.Баласағұни). М.Қашқари ойы да осы төркіндес. «Білікті кісіге кезіксең, сөзін
тыңда, кісілікті үйрен, үйренгеніңді жұмысыңда қолдан».
«Құтағу білігте» айтылады:
«Кім-кімді сараңдық кедей қылса, осы дүниедегі бар байлық оны бай ете
алмас».
«Диуани лұғат ат-түркте» осы ойды сәл басқаша берген:
«Егер кімнің көкірегі қараңғы (кедей) болса, онда оны күштеп бай да, тоқ та
ете алмайсың».
Мына өлең жолдары да бір-біріне үндес:
Мемлекет құрып, халықты байытты,
Қой мен қасқыр қатар жайылды,
Жақтастары қуана қарсы алып,
Жаулары оның алдында басын иді (Ж.Б.).
Санасыздар қалтырасын,
Ел менен заң тұрақтасын
Қой мен қасқыр бірге жүрсін
Қайғы-мұң бізден алыстасын (М.Қ.) /18/.
М. Қашқари шығармашылығындағы сопылық реңк, ерекшелік, өтпелі өмір,
жылдам жылжитын уақыт туралы ойдан көрінеді: «Әлемдегі күн мен түн кезбе
секілді. Жолында кездескендерді күшінен айырады»; тақуалыққа, кедейлікке
үндеу: «Адамның дүние-мүліктері – оның дұшпаны, жауы… Байлық жинасаң,
ойлан, яғни судың таудың тасын домалатып түсіретіні секілді, дүние де иесін
төмен тарта жөнелер»; адамдардың пендешілігіне наразылық: «барлық адам
затқа бола бұзылады, мүлікті көріп, жемтігіне ұмтылған күшігіндей соған
ұмтылады. Олар мүлігін жауып ұстап, сараңдықтан жыланып, алтын жиып
өздері пайдаланбайды. Дүние-мүлікке бола құдайын ұмытқан олар ұлдары мен
туыстарын асып ұстайды»; өздігінен жетілуге үндеу: «ізгілікке талпын, оған
жетіп, өркөкірек болма» /19/.
Абай, Шәкерім, Кердері т.б. ойшылдардың шығармашылығынан көрініс
тапқан сопылық мораль біздің ғасырымыздың басына дейін өмір сүрді.
Көшпелі дала өміріне біршама жақын Мұхаммед ілімінің сопылық түсіндіруі
«тарикат» таңдау (жол) мен мистикалық ашылу тәсілімен құдайға тартуды
ұйғарады. Біздің пікірімізше, сопылық атқарылуды діни-мистикалық деп үзілді-
кесілді шешу дұрыс емес. Оларда дүниеге рухани қатынастың жинақтау
тәжірибесі, қағидаға айналдырылған құдайға ұмтылушылықтан басқа өзін-өзі
және дүниені танудың жеке тәжірибесі, қағидаға айналдырылған құдайға
ұмтылушылықтан басқа өзін-өзі және дүниені танудың жеке тәжірибесі
жинақталған. Сопылық ілімнің даналығы макро және микрокосмос, сенім мен
күдік, танымның сезім мен түйсік түрлері (олардың бір-бірін толықтыратыны
есепке алынады), Құдай мен Ақиқат оппозициясы болмайтыны біртұтас
дүниеге көзқарас үлгісін көрсетеді.
«Орта ғасырлардағы адамның табиғатқа қатынасы субъектінің объектіге
қатынасы емес, сыртқы әлемде өзін-өзі таьуы, космосты субъект ретінде қа-
былдау. Адам ғаламда өзінде бар қасиеттерді көреді. Жеке адам мен әлемді
109
бөлетін нақты шекара жоқ; әлемде өзінің жалғасын тауып, сонымен қатар
әлемді өзінде ашады. Олар бір-бірінде көрінгендей болады» /20/.
Нақты болмыс құбылыстары мен заттарын киелі қасиетке бөлеп, адам және
табиғат қатынастарын үйлестіріп, адам космостық, тұтас, құдай берген тамаша
тіршілік иесінің қасиеттерін алады. Егер ежелгі адам болмысының бастапқы
табиғилығы «ұғынылмаған тұтастықта» болуға мүмкіндік берсе, онда адамның,
әлеуметтік және заттық қатынастарының әрі қарай «дамуы» Ақиқат жолын табу
үшін көбірек рухани талпынысты керек етеді. Түркі дәстүріндегі «жол» (йол)
сөзінің семантикасы, мағынасы назар аударарлық. Физикалық мінездемеден
басқа, белгілі бір тәртіп принципі мен зерттеу қағидасы деген мағынаны да
білдіреді. Сондай-ақ, таңдау мәселесі пайда болады. Таңдаудың дұрыстығы
«жолға түсу», өмірлік принциптерді іздеп табумен тепе-тең, ал, қателесу
«жолдан шығу, шегіну» дүниеге көзқарастан айырылумен сипатталады.
Түркілер үшін (жол) адам өмірінің бәріне қанық айқындайтын бастау Көк-
Тәңірі жіберген тағдыр есебінде.
Бақыт-дәулет берсе Тәңір қолына,
Сәтті күндер туады оның жолына.
Атымен Тәңірімнің білім жидым,
Өмірдің көңіліме сырын түйдім.
Гүліме таудың таза суын құйдым,
Мәртебем сонан менің биіктетті.
Тәңір жолын берген артық ойлана,
Шек келтіріп, оныменен ойнама /21/.
М.Қашқаридың дүниеге көзқарасында фольклор маңызды орын алады.
Халық шығармашылығы қоғам санасының түрлі формасы мен деңгейінің алға
шарттары мен негізін құрайтын халық санасының көп қырлы мазмұнын
білдіреді. Фольклордан туындайтын дүниеге көзқарас ерекшелігін әлдебір
теоретиктер әдейі, саналы түрде жасамайды, ол практикалық ойлау негізінде
өздігінен қалыптасады. Кез-келген халықтың, соның ішінде қазақ халқының да
халық шығармашылығымен ғасырлар бойы талай ойшылдардың қоғамдық-
философиялық көзқарастары құнарланып келеді.
М. Қашқари еңбегі түркі тілдес тайпалар ішінен ғалым жинаған өткір мақал-
мәтелдерге өте бай. Ежелгі түркілердің, сол сияқты қазақтардың әлеуметтік-
экономикалық, мәдени, саяси қатынастары көрінетін халық даналығы
жинақталған. Қоршаған орта жағдайы туралы, олардың көзқарастары
логикасымен, ойлау ерекшелігімен танысуға мүмкіндік береді.
Өзінің практикалық қызметінде дүниенің мәңгілігін, материалдығын және
объективтілігін дұрыс түсінуге қол жеткізеді. Әлем мәңгі жасайды, ал ондағы
нақты құбылыстардың басы мен аяғы болады, олар өткінші, деп санайды.
Дүние ешқандай сыртқы күштерге бағынбайтын нақты шындық жиынтығы
ретінде көрінеді.
«Адамдар мәңгілікке туылмаған,
Күн, жұлдыз аспанда ол суылмаған» /22/.
Адам өмірін мазасыз, үнемі өзгеретін процесс ретінде қарайтын халық
шығармашылығы дүниедегі барлық құбылыстар мен заттарға осы пікір, оындай
110
көзқарасты қолданады: «Әрбір дамудың құлдырауы, әр қуаныштың артында
қайғысы болады, тәтті мен ащы ауысады», «…Аспан үнемі қозғалыста болады,
…Түнді күн ауыстырады» /23/.
Өзгерісті объективті, бағытталған және қайталанбас процесс ретінде қара-
стыру кездеседі: «Адам мәңгі жасамас, көрге кірсе кері қайтпас» /24/. Сан мен
сапа және өлшем категорияларының диалектикалық түсінік нобайы байқалады:
Бір-бірлеп мың болар,
Тама-там көл болар /25/.
Адам еңбек ету процесінде табиғаттың белгілі бір құбылыстары басқа да
табиғат құбылыстарымен байланысты болатынын, заттар арасындағы заңды
байланыстарды түсінді. Олардың тәсілі мен әдісін ескере отырып, өз жұмысын
солармен сәйкестікте құрды.
Ағашыңды ұзын кес,
Теміріңді қысқа кес.
Күздің келуі жазда білінер.
Бір қарғамен қыс келмес.
Табиғат құбылыстарының себеп-салдар жүйесінде байланысты екенін мына
мақалдардан көруге болады:
Қураған ағаш иілмес,
Қураған шыбық түйілмес.
От түтінсіз болмас,
Жігіт жазықсыз болмас.
Халық даналығы көрініп тұрған құбылыстардың жалпы қасиеттерін
көрсетумен шектелмей, қайта оларды жан-жақты зерттеп, мән-мағынасын жете
білуге шақырады.
М.Қашқари бақыттылықтың басты нышанын таным жолында деп білді
(«Бақыттың белгісі – білім»). Ол үшін білімді игеру ынта мен жасампаздықты
керек ететін ұзақ процесс.
«Парасатпен жалықпастан үйренсең зор білімді,
Көрсетесің дандайсымай сынақта асыл сырыңды
Білімдінің қасына бар күнде, балам, ерінбей:
Төмен тұрып үйрен толық тәкаппар боп көрінбей»
Шынайы рақатқа бөлейтін білім көкжиегіне жету туралы:
Махаббаттың мейіріне нәзік жаның иеді,
Оның ыстық теңізіне бойың балқып күйеді.
Білім деген мәуелі ағаш өз жемісін береді /26/.
«Білім іздеді, ғалымдардың соңынан ерді. Адамдардан шеттеді. Осы үшін
қасқа атын да аямады» /27/.
М.Қашқари ғалымдардың тұрмыс жағдайына ықпал жасамай, кесірін тигізіп
отырған, сонымен қатар білімнің дамуына, өркен жолына кедергі келтіріп
отырған өзі өмір сүріп жатқан қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтарды көрсетуге
тырысты:
Ғалымдардың жағдайы төмендеді,
Уақыт оларды тәлкек етті.
Олардың денесінен сасық иіс шығады,
111
Әлсіздіктен әрең қозғалып жүр /28/.
(аударма біздікі – Қ.Ә.)
Үкімет басшылары байлық пен билікті бөліп алу жолында үнемі бір-бірімен
таласып жатқанда ғылымды өркендету ешкімнің ойында жоқ. (Екі қошқардың
басы бір қазанда піспес (қайнамас) /29/.
Білімге ұмтылу, оның күшіне сену М.Қашқари көзқарасының мықты жағы.
Ғалымның білімі, еңбегінің ғылыми құндылығы оның патриоттық сезімімен
тікелей байланысты.
Басқалар секілді оған да Отанға деген сүйіспеншілік сезімі, оның дәстүрлері
мен тіліне, мәдениетіне қызмет ету ең жоғары асыл сезім тән. Кез-келген түркі
бар қымбаттысын, өзін-өзі Отан үшін, ғылым үшін құрбан етуге дайын.
Халық, тайпа Көк Тәңірінің жердегі көлеңкесі боп есептелген. «Халық
айтса, қалт айтпайды», «халық құдайдан бір жас кіші» деген сөздер осыны
дәлелдейді. Көк Тәңірі жерге ашық нұр кейпінде, түркілер ұғымында ең қа-
сиетті боп саналатын махаббат түнінде түсіп, жұртқа береке таратады. Қай
жерде болса да түркі өз халқын, ата-баба моласы жатқан өз туған жерін
ұмытпаған.
Түркілер ұғымындағы отан – дәстүр мен ұлттық мәдениеттен тұрады.
«Отаннан күдер үзу болғанмен, дәстүр-салтты аттап кетуге жол жоқ», – деп М.
Қашқари сөздігінен үн қосатын мақал басқа емес, дәл осы ұлттық дәстүр
менұлттық мәдениетті құрметтеу деңгейін көрсетеді.
Фольклорлық шығармаларда («Таңғұттармен соғыс», «Ұйғырлармен
шайқас», «Иабақыларға қарсы күрес») бейнеленген М.Қашқари шығармашы-
лығы тек мәдени патриотизмді ғана қамтымайды, сонымен қатарерлік үлгісін
жасауда басты материал болған ата-бабаларымыздың жанқиярлық ерлік істерін,
тәуелсіздік жолындағы халық күресін, батырлардың күш-қуатын, соғыс өнеріне
жетік екендігін, қан майдандағы шайқастарын көрсетеді. Бір-екі мысал келтіре
кетейік:
Жау қамалы алынды,
Қызыл байрақ қағылды,
Дұшпан шөптей шабылды,
Құтылмайды қашса да,
Талқандадым ерлерін,
Қансыратты шеңгелім,
Алтындардан теңдедім,
Бізден өтер жау бар ма? /30/
Жау жеңіліс тапқанда, оларды қырып-жоймай, мейірімділік көрсетіп,
азаттық береді:
Қаласам жауды шабар ем,
Әскерін қойдай қамар ем,
Қылышпен басын қағар ем,
Жалынып бірақ бас ұрды.
Аяғыма келіп жығылды,
Сұрады жлғыз ғұмырды,
Ұяттан өліп бүгілді.
112
Тоқтатты мені осылай.
Қайғыға ауды батырдым,
Кешірдім ісін жат ұлдың.
Ұятыңды жу деп ақырдым
Шешті өзі сонда теңдерін /31/.
Жалпы түркі тарихында (кейбірін есепке алмағанда) бейбітшілікті қолдаған
дәстүр болды. Тіпті, ислам дәуірінде түркі үкіметі басшылары жаулап алып,
бағындырған барлық халықтарға діни еріктілікті ұстанды. Әрқашан бейбітшілікті
жақтаушылар және бейбіт өмірді жасаушылар сапында болды. «ил» – «ел»
(М.Қашқари) сөзі бейбітшілік деген ұғымды білдіруі де кездейсоқ емес. Елшілерді
«бейбітшілік әкелуші», ал, ел басқарған кісіні «илхан» – «бейбіт өмір қағаны»
немесе «бейбітшілік қағаны» деп атады. «Елдестірмек елшіден, жауластырмақ
жаушыдан» деген сөз де бар.
Ерлік, қаһармандық болған жерде ел бірлігі, азамат тірлігі сөз болмайқал-
майды. Сондай-ақ азамат ердің естен шығармайтын міндеті, парызы бар. Ол
туған елінің жерін, тәуелсіздігін қорғау, бейқам болмай, дұшпандарға, жау
жаққа сақ болу. Бейбіт өмірді баянды етуге күш салу: «Жау жағыңа жіті қара,
қанжарың тұрсын қайраулы»,
Қан майданға қасқайып кір, жігітім,
Елдің сақта саған артқан үмітін /32/.
Түркі тарихында әрқашан қуаттылық, амандық-саулық, бірлік және тәу-
елсіздік идеясы болған және М. Қашқари заманында да, ХХ ғасыр аяғында да
ескірген жоқ. Күлтегін құрметіне жазылған Иолығ-тегін замандастары мен
Достарыңызбен бөлісу: |