Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. Қазақ философиясының


Рабғузи қисса-сүл-әнбийя-й. Адам-Атадан Мұхаммед ғалайһи-



Pdf көрінісі
бет24/57
Дата28.03.2024
өлшемі2.98 Mb.
#496759
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57
annotation23044

2. Рабғузи қисса-сүл-әнбийя-й. Адам-Атадан Мұхаммед ғалайһи-
уәссәләмға дейін. Қазақ тіліне аударған Роза Мұқанова. Алматы: Санат, 
2001. – 248 б. 
3. Құтып// Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы: Ана тілі, 1991. 212 бет. 
4. Даналардан 
шыққан сөз: Нақылдар жинағы. /Жинап құраст., 
ауд.Ұ.Асылов. Алматы: Мектеп, 1987.- 383б /314/. 
5. Хорезми //Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы: Ана тілі, 1991 (225 бет). 
6. «Оғыз-наме», «Мұхаббат-наме». Алматы: Ғылым, 1986. 208 б. 


174 
7. Хорезми. Мухаббат-наме/Издание текста, транскрипции, перевод и 
сследование Э.Н.Наджипа. М., 1961 г. 
8. Колчигин С.Ю., Капышев А.Б. Человек и мир: начало новой онтологии // 
Казахстанская философия в канун ХХІ века. Алматы: Ақыл кітабы, 1998. – /26 
б./. 
9. Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік-философия-
лық талдау. Алматы, ҚР БҒМ Философия және саясаттану Институты, 
2000.-180б /59 б./. 
10. 
Хұсам Кәтиб // Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, Ана тілі, 1991.-280б 
/243/. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3. ХV-ХІХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ 
ИДЕЯЛАРЫ 
3. 1. Асан Қайғы мен Қазтуғанның дүниетанымдық бағдарлары 
 
«Бұ Дүние – жайлы ма, 
О Дүние – жайлы ма?» 
Деген оймен айналып 
Барам «Асан Қайғыға!» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Иран-Ғайып 
 
ХХI ғасыр басындағы адамзат тарихындағы елеулi оқиғалардың қатарына 
үлкен қиындықтармен дүниеге қадам басып, керегесiн бекiтiп, шаңырағын 
көтерiп жатқан тәуелсiз, демократиялық Қазақия мемлекетiнiң тағдыры жа-
тады. Бүл процестер мен үрдiстер өзiнiң бастауын тарих тереңiнен сыздықтап 
тартқан тамырлардан алады, талай азап пен қиындықтарды басынан өткерген 
ғұлама – кейiпкерлердiң iс-әрекеттерiмен, мұрат-мақсаттарымен астасып жа-
тады. 
Өткен тарихымыздың қиын да, қызық беттерiн өз өмiрлерiмен өрнектеген 
керемет тұлғалардың қатарына аты аңызға айналған Асан Қайғы мен өткiр 
сөздерiмен алты алашқа белгiлi болған Қазтуған жырау болды. 
Көшпелiлер философы (Ш.Уәлиханов), алты алаштың қамқор атасы атанған 
Асан Қайғы тарихта болған тұлға. Шамамен алғанда 1361-1473 жылдары өмiр 
сүрген Хасан Сәбитұлы Асан атаның тарихи түптұлғасы. Алтын Орда ханы 


175 
Ұлығ Мұхаммедтiң ықпалды билерiнiң бiрi болды. Жалпы шыққан тегi ноғай 
тайпаларынан екенi де кейбiр аңыздарда айтылады. Белгiлi Құдабай ақынмен 
1871 жылы Абылай хан кезiгiп қалып: «Асан Қайғы кiм, оның сөздерiнен 
есiңiзде қалғаны бар ма?» – деп сұрағанда, ол кiсi мынандай өлеңдермен жауап 
берiптi: 
Асанның асыл түбi ноғай деймiн, 
Үлкендердiң айтуы солай деймiн. 
Бұл сөзге анық-қанық емес едiм, 
Естiгенiм тақсыр-ау былай деймiн. 
Тегiнде ноғай-қазақ түбiмiз бiр, 
Алтай, Ертiс, Оралды еткен дүбiр. 
Өр Мәмбетхан ордадан шыққан күнде 
Асан Ата қайғырып айтыпты жыр /1/. 
Кейiн Қазақ Ордасы өзiндiк егемендiгiн ала бастаған кезде, бөлек хандығын 
құра бастаған уақытта Керей, Әз-Жәнiбек сұлтандар жетекшi рөлдер атқарды. 
Ал Асан Қайғыны сол тарихи дәуiрдiң ғұламасы ретiнде қазақ халқының 
бiрiгуiне, жас мемлекеттiң өмiр салтын, аймағын зерттеп бiлуге үлес қосқан 
тұлға деп тануға болады. 
Асан Қайғының атын бiлмейтiн қазақ тайпасы мен руы болған емес, өйткенi 
қазақтар өмiр сүрген әрбiр өңiрдiң сипаты Асан туралы аңыздарда кездеседi. Ал 
қазақ үшiн «атамекен», «туған жер» деген ұғымдар жалпы дүниетанымның 
дiңгегi, мәйегi болып келедi. Сондықтан Асан айтпай кеткен жерлердi қазақтар 
өздерi-ақ аңызға қосып отырған, өлеңмен өрнектеген. 
Хасан Сәбитұлы не себептен «Асан Қайғы» – деп аталып кеткен? Әрине бұл 
сұраққа әр түрлi варианттармен жауаптар да берiлдi. Оның қай-қайсысының 
жаны бар болуы мүмкiн. Дегенменде, шындыққа жақынырақ пiкiрдi қазақтың 
белгiлi ғалымы, тарихшы-этнограф Әлкей Марғұлан айтқан деген ойдамыз. Ол 
былай сипаттайды: «Халық шежiресi бойынша, Асан ата Майқы бидiң 
алтыншы әулетi едi деседi. Ол өзi Қорқыт сияқты жұрт қамын жеп өткен дана, 
батагөй, кемеңгер кiсi. Өзiнiң ұзақ жасында халықтың қамын көп ойлап, уайым 
жеп өткендiктен «Асан Қайғың атанған» /2/. Осыған ұқсас пiкiр белгiлi 
тарихшы Құрбанғали Халидұлының еңбектерiнде де кездеседi /3/. Мiне бұл 
тұжырымдардан Асан Атаның қайғысы жеке бастың уайымы емес, халық үшiн 
туған ердiң үлкен жүрегiнен шыққан ұмтылыстар мен терең иiрiмдер көрiнiсi 
екенiн байқаймыз. 
Бүгiнгi егемендi елге жетуге дейiн, бiздiң халық не көрмеген, жер бетiнде 
қаншама азап-қайғы болса, соның бәрiнiң ащы дәмiн татқан. Мың өлiп, мың 
тiрiлген (Ж.Молдағалиев). Халық қамын ойлап күңiренген Асан Атаның, ке-
лешек заманның көрсетер құқайын көрегендiкпен болжағандығына күмән 
келтiре алмаймыз. 
Мұнан соң қилы-қилы заман болар, 
Заман азып, заң тозып жаман болар. 
Қарағайдың басына шортан шығып, 
Балалардың дәуренi тамам болар, - 


176 
деп бiр тоқтаса, мұнымен қоймай, ел арасының азып-тозып, бiр-бiрiне 
жақындығы, достығы, береке-бiрлiгiнiң болмайтындығын толғаған: 
Ол күнде қарындастан қайыр кетер, 
Ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер. 
Ұлың, қызың орысқа бодан болып, 
Қайран ел, есiл жұртым сонда не етер, - 
деп ұлы жырау қалай дәл, терең айтқан. 
Асан Атадан бұрын да (Қорқыт Ата, М.Қашқари, Аталық, Сыпыра-жырау), 
одан кейiн де халықтың тағдыры не болмақ деп ойлаған, толғанған қанша 
ақылман абыздар өткен десеңiзшi?! 
Алаң да алаң, алаң жұрт 
Қазтуған (ХV ғ.) 
Аспанды бұлт құрсайды, 
Күн жауарға ұқсайды... 
Шалкиiз (ХVI ғ.) 
Қол-аяғым бұғауда, 
Тарылды байтақ кең жерiм... 
Жиембет (ХVII ғ.) 
Ай, заман-ай, заман-ай, 
Түстi мынау тұман-ай, 
Iстiң бәрi күмән-ай... 
Бұқар жырау (ХVIII ғ.) 
Мұнар да, мұнар, мұнар күн, 
Бұлттан шыққан шұбар күн... 
Махамбет (ХIХ ғ.) 
Ал ендi бiзге келген заман қандай, 
Заманға қарсы тұрар шамаң қандай? 
Мұжықтың көк желке боп тепкiсiнде 
Талайсыз надан болдың, аһ, сормаңдай! 
Сұлтанмахмұт (ХХ ғ.) 
Асан Қайғы тек қазақ, ноғай тайпалары үшiн ғана емес, сонымен қатар 
көршiлес жатқан барлық түркi тiлдес (татар, башқұрт, түркiмен, өзбек және т.б.) 
этникалық қауымдастықтарға белгiлi болған. Кейбiр жағдайларда ортақ 
этникалық кейiпкер болғаны белгiлi. Әсiресе қырғыз халқы үшiн үлкен беделi 
бар Тұлға болғандығын Ш.Уәлиханов өз еңбектерiнде айтып кеткен /4/. Әрине 
тiлi ұқсас халықтар бiр-бiрiне мәдениеттiк тұрғыдан алғанда көп ықпал жасап, 
өзара қарым-қатынаста болған. Сондықтан Асан Қайғының этнокеңiстiк ортаны 
тани бiлу, саралай бiлу шеберлiгiне басқа жұртшылық та тәнтi болған iспеттi. 
Әсiресе, қазақ жерiн игеруге ниет қылған ағылшын капиталистерi ХIХ ғасырда 
қазақтардың жер байлығына, түп-сипатына ат қойғыштығына таң қалған (Қазақ 
жерiндегi географиялық атауларға назар салып қарасаңыз, сонда көзiңiз жетедi) 
/5/. 
Асан Қайғының өмiр сүрген дәуiрi ХIV ғасырдың аяғы мен ХV ғасырдың 
екiншi жартысына дейiн, яғни Алтын Орданың ыдырап, қазақ хандығының 
ендi-ендi қалыптаса бастаған шағы. Қай халық болса да өзiнiң қоғам қайрат-


177 
керлерiн, көрнектi ақын-жырауларын, дана-ғұламаларын қастерлеп, құрметтеп, 
қадiрлейтiнi белгiлi. Ал Асан Қайғы тұлғасының өзгешелiгi неде? Оның әлi 
күнге дейiн халық жүрегiнде, ұлттың санасында мәнiн жоғалтпай, дiлiнде берiк 
орын алуы кездейсоқ нәрсе емес. Себебi қазақ халқының ғасырлар бойы 
қалыптасқан дәстүрлiк, әдет-ғұрыптық және дүниетанымдық айшықтарының 
қайнар көздерi осы Асан Қайғы сияқты iрi саңлақтардың шығармашылығымен, 
iс-қимылдарымен тығыз байланысты және солардан нәр алып сусындайды. 
Мiне сондықтан үнемi Асан Қайғыға оралып отыруымыз бiздiң ұрпақтың 
парызы, әлеуметтiк-гуманитарлық сала үшiн ғылыми қажеттiлiк. Өткен 
тарихпен сабақтастықтың жоғалмаған жағдайында бiртұтас рухани дүние 
қалыптасады. 
Асан Қайғымен бiрге Орта ғасырлық талай тарландарды әдебиет тұрғы-
сынан зерттеген М.Мағауиннiң еңбегi зор. Әрбiр iрi Тұлғаның тарих сахна-
сында кездейсоқ пайда болмайтынын (кезiнде Ф.Энгельс айтып кеткендей), 
әрбiр дәуiр ерекше Тұлғаны қажет ететiнiн, сондықтан олар (Тұлғалар) дүниеге 
келетiнiне меңзейдi. «Өз заманының ой-санасына әсер еткен биiкте, асқарда 
тұрған жандар жайындағы жартылай шын, жартылай лақапқа құрылған 
әңгiмелер өз кейiпкерлерiнiң тiрi кезiнде-ақ бой көрсете бастады. Мұндай 
әңгiмелер уақыт өткен сайын түрленiп, бара-бара аңызға айналып кетпек. 
Тиянағы – тарихи адам неғұрлым соқталы тұлға болса, аңыздар да соғұрлым 
көп, әрi мазмұнды болуға тиiс» /6/. 
Аңыздардың қалыптасу жолы әр түрлi факторлармен байланысты. Солар-
дың iшiнен Асан Қайғыға байланысты екi құбылыстың ерекше орны бар деуге 
болады. Алдымен өзiнiң жерi ендi-ендi айқындалып, басы бiрiгiп, ел болмақшы 
болған халық – кең байтақ әлемдi алып жатқан аумағын географиялық 
тұрғысынан тануға тиiс едi. Екiншiден, ежелден ауыз әдебиетiне жақын 
халыққа Желмая мiнген Асан Қайғының жырлары дiлiне, көркемдiк санасына 
сай келiп отырды, сондықтан әрi қарай жалғастырып, толықтырумен болды. 
Мiне, сөйтiп рухани өмiрдегi екi миссияны қатар атқарған Асан Ата туралы 
аңыздар – халық мәдениетiнiң iнжу-маржандарының қатарында, мәңгi ұмы-
тылмайтын мұра. 
Асан Атаның негiзгi арманы – адамның өмiрiн жақсарту, оның табиғаттың 
бiр мүшесi бола отырып, басқалардан айырмасы ақылы мен парасаты барлығы 
және өмiрдi сол қасиеттер арқылы ұйымдастыру қажет екенiн ескерiп отырды. 
Мiне, сондықтан қоғамдағы әлеуметтiк және басқа да өзгерiстердiң нәтижелi 
болуы негiзiнен жеке адам мен жалпы әлеуметтiк дүниенiң рухани 
жаңғыруымен, тазаруымен тiкелей байланысты. Бiздiң ойымызша, дала 
ақылманының әркiмге айтар өсиет сөзi халық даналығының iнжу-маржанда-
рына жетелейдi, кiмге болса да халық этикасының iргелi мәселелерiмен танысу 
қажет екендiгiне меңзейдi. Оның шығармашылығы адамгершiлiк пен 
гуманистiктiң алтын қорымен әрленген. Әз-Жәнiбектiң Асан Қайғыны өте 
құрметтеп, көкке көтеруi, оны өзiнiң рухани атасы ретiнде санауы кездейсоқ 
жағдай емес. Қадiрлейтiн Тұлға болғандықтан халық оның атын аңызға ай-
налдырып отырған. 


178 
Жалпы қазақтың философиялық ой-пiкiрi, мәдениетi этикалық негiздерге 
толы, қоғамдағы, табиғаттағы адам орнын анықтауды арқау еткен этикалық 
мәселелерге аударатын қасиеттерi бар. Бұл қазақ этникалық менталитетiнiң 
терең қатпарларына тән ерекшелiктер мен тұғырлар. 
Осындай жалпылама қазаққа сәйкес келетiн сипаттаманы Асан Қайғы мен 
Қазтуған дүниетаным айшықтарынан байқаймыз. Сан-салалы құбылыстар 
айрығынан этикалық мәселелердi жеке-дара тұрғыға көтеруi, айрықшалануы 
өте айқын көрiнiс берiп отырған. Бұл жағдай сол замандағы қазақ қоғамының 
әлеуметтiк-саяси, мәдени, тарихи ахуалының рухымен астасып жатады. 
Бұл жерде айта кететiн бiр жәйт, жыраудың қайталанбас шығармашылық 
келбетiн сомдағанда екi түрлi бастау бар екенiн ескере отырып, олар бiр-бiрiне 
қайшы келетiн құбылыстар ретiнде түсiнушiлiк те кездесiп отырады. Ол жеке 
дарындылық пен әлеуметтiк жағдайдың арасынан жiк iздеу, құбылысты 
бiреумен байланыстырып қана тұжырым жасау. Мұндай сыңаржақ көзқарас 
дүниетанымның екi жолмен, бiр-бiрiн толықтыра отырып қалыптасатын 
қасиетiнiң бар екенiн түсiнбеушiлiктен туындайды. Бiр жағынан объективтi 
дүниенiң жалпы бейнесiн жасауға ұмтылсақ, екiншi жағынан әрбiр Тұлға өзiнiң 
iшкi дүниесiнiң жетiлуi, дамуы арқылы қалыптасады. 
Сөйтiп, этикалық iлiмдердiң өмiрге, әлеуметтiк дүниеге ықпалы, тиiмдi әсерi 
сол ортада қалыптасқан әр түрлi сұраныстар мен мүдделердiң бағыт-
бағдарымен байланысты және соның iшiнде экономикалық қатынастардың 
атқаратын рөлi зор. 
Екiншi жағынан, моральдық iлiмдерден бұқара халық практикалық өмiрдiң 
iргелi мәселелерiн түсiндiрiп, орнықтылап отыруын күтедi. Мiне, осы 
практикалық сұранысқа сай, далалық өмiр салтын айшықтайтын, дүниетаны-
мын жүйелейтiн практикалық философиялық (этикалық формадағы) көзқара-
стар туындаған. Олардың негiзгi субъектiлерi болып қазақтың ойшыл-жы-
раулары мен ақындары, билерi мен шешендерi аталады. 
Асан Қайғы мен Қазтуған жыраудың шығармашылық келбеттерiне талдау 
жасай отырып, бiр ескере кететiн мәселемiз – олар философиялық ойларын 
поэтикалық рухта ғана бейнелеуге тырысқан. Сондықтан бұл ойшылдардың 
дәстүрлi (Батыс мақамындағы) философтардан өзгешелiгi бар, олардың фи-
лософиялық-этикалық көзқарастары өнердiң бiр шырағындай. 
Өмiр даналығынан сусындаған бұл ғұламаларды философиялық мәселелер-дi 
жүйелей алмады деуге бола ма екен? Шын тереңдеп түсiнген адамға әрбiр сөздiң 
астарында тұнып жатқан ойлар бар, адамды жаңа белестерге жетелейтiн 
логикалық қисындар жатыр. Әрбiр ұғымға логико-философиялық анықтамалар 
берiлмегенiмен, оларды көркемдеп образ түрiнде жеткiзе бiлуге, әрбiр 
құбылыстың мәнiн шынайылықпен аша бiлуге деген талпыныс – далалық ой-
лаудың жаңа көкжиегiмен таныстырып отырған жоқ па?! 
Жырау шығармасының басы мен аяғы тұжырылған жүйеленген, логикалық 
сатылардан тұратын ғылыми жұмыс ретiнде баға берiлетiн дүние болмаса да, 
халықтың iшкi дүниесiн аша түсетiн, ойшылдың (өз заманына сай) Әлемге, 
Адамға, Өмiрге, Халық тағдырына және Өзiне деген толғаныстары болып 
табылады. Мiне, олардың еңбектерiнiң құндылығы да осында. Өйткенi ХХ 


179 
ғасыр тұғыршамасына берiлетiн баға бiр басқа да, әр дәуiрге сай өз за-
мандасының көзқарасы басқа. 
Сонымен, жоғарыдағы ойшылдардың философиялық көзқарастары жүйе-
ленбеуiнiң негiзi бар, өйткенi олар ақын-философтар. Ал кез келген халықтың 
өмiрдi бейнелеу ерекшелiгi мен пайымдау формалары бар. Қазақтың бұл 
тұрғыдағы өзiндiк пiшiнi поэзия арқылы сараланған. Поэзияның қазақ үшiн 
артықшылығы әрбiр құбылысты нақты да, көркем образдарды өрнектеумен 
байланысты болды. Ал, әлемдi танудың басқа iргелi формалары (философия, 
ғылым) қазақ даласында кең қанат жайып кете алмағандығы да бiр жағынан 
себеп болуы мүмкiн. Ал қарапайым тiршiлiктiң қарапайым болмысы поэтикалық 
өрнектiң көркем тiлiмен бейнеленiп отырылды. Гегель айтқандай, үкi болса 
«қараңғы түсiп, iңiр үйiрiлгенде ғана ұша бастайды» – дегендей, философия 
тарих сахнасындағы құбылыстарға бiрнеше уақыттық кезең өткен соң ғана нақты 
тұжырымдарын бере алады, тиiстi тұрғыда саралай алады. Ал далалық өмiрдiң 
болмысы ондай жайбарақаттылықты көтермейдi, ылғи қозғалыста болатын 
көшпелi өмiрге сай қоғамдық таным қажет болатын. Мiне, сол форма – ақын-
жыраулар iс-әрекетi болып табылады. 
Француздың ұлы философы Рене Декарттың ойынша, «философтарға қа-
рағанда ақындардың еңбектерiнде небiр ұлы ойлар жиi кездесетiнiне таңқал-
масқа шара жоқ. Мұның өзi ақындардың шын шабыттанған шақта, қыран қа-
натты қиялынан уытты ойлар туатынынан болар. Оттың шақпақ тастан 
шығатыны сияқты, ойдың түп негiзi де бiлiмде жатыр емес пе? Философтар 
ақылға арқа сүйесе, ақындар ой-қиялдарымен жүректi жалынға орайды, сон-
дықтан да ақын жырлары жаныңды ңбаурап, тез жалындап жана бастайды 
ғой...». 
Даланың ақыны жәй ғана ақын емес. Поэзия жәй ғана Поэзия емес. Олар 
домбыраның күмбiрлеген үнiне сүйене отырып, Батыстағы философтардан 
бiрде-бiр кем емес философиялық ой-дестелерiн өлең-жыр жолдарымен 
өрнектей бiлдi. Ал олардың тiлi жалпы бұқара халық үшiн түсiнiктiрек едi. 
Сондықтан аты өз заманында әйгiлiрек болған жыр сүлейлерiн халық шеберлiк 
деңгейлерiне сай құрметтей бiлген. Дипломатия, тарих, философия, мораль, 
теология – мiне, жырау мен ақындардың өз мойындарына алған тiзiмi толық 
емес мiндеттерi мен мақсаттары. 
Қорқыт, Баласағұн, Иасауи сияқты үш ұлы ойшылдың дәстүрiн жалға-
стырушы ретiнде Асан Қайғы қазақ жерiндегi сан салалы мәселелердi поэзия 
арқылы жырлаушы рөлiн атқарады. Ол өз шығармашылығында этикалық 
мәселелердi талқылауда философ, этнограф, тарихшы келбетiнде көрiнiс берiп, 
өмiрдi барынша шеберлiкпен түсiндiрушi ғұламаға айналды. Әрине, Асан 
Қайғы өз көзқарастарын гносеология, онтология, социология мәселелерiне 
жiктемейдi, оның саяси және құқықтық идеялары бiр-бiрiмен астасып, өзара 
байланысып жатады және олар бiртұтас дүние ретiнде сомдалады, бiр ортақ 
ойды жеткiзедi. 
Асан Қайғы дүниетанымы мен этико-философиялық көзқарастарының өзегiн 
адам мәселесi құрайды. Адамның адамгершiлiгi, оның сезiм әлемi, мұраттары, 
жалпы үйлесiмдiлiкке жетелейтiн жолдары, жамандықтан аулақ болуға деген 


180 
талпыныстары көркем образдардың мәнiн құрайды. Асан Қайғының пiкiрiнше, 
тек жақсылықтар мен қуаныштардың салтанатынан құралмаған, яғни тарихтың 
кейбiр кезеңдерiнде жамандықтардан құрылған үрдiстер басымдық танытады. Ал 
бұл процестердiң осындай бағыт-бағдарлармен дамуына iргетас болатын негiз – 
адамдар арасындағы этикалық қажеттiлiктiң, қатынас-дағдылардың өзара 
сыйластық тұрғысынан алғандағы күйзелiстерге, қиыншылықтарға ұшырауы. 
Әлеуметтiк дүниеде тиiмдi шешiмiн таба алмаған мәселелердi Асан Қайғы 
адамның жетiлуiмен байланыстыру қажеттiлiгiне меңзеп отырады. Әрине, 
адамның әлеуметтiк ортадағы орны және оның табиғатпен арадағы қарым-
қатынасын үйлесiмдендiру мәселесi қоғамдық сананың жаңа бiр деңгейге 
көтерiлуiне ықпал еттi, ежелгi дисгармониялық, дiлдiк астарларды вербальдi (сөз 
арқылы) түрде жеткiзе бiлген. 
Асан Қайғы моралiнiң iргетасы «жан ашу», «махаббат»

деген ұғымдардан 
қаланған. Ұлы ойшыл бұл екi құбылысты бiр-бiрiне тең келетiн пара-пар 
мағынасы бар ұғымдар деп қарастырады. Бұл екi нәрсе бiр-бiрiне жақын 
сезiмдер және олар адамдар үшiн ғана құндылығы бар объектiлер емес, со-
нымен қатар жер бетiндегi тiршiлiк иелерiнiң бәрi үшiн құндылығын жоғал-
тпайды. Мiне, сондықтан өмiрдiң әр түрлi, әр қырлы көрiнiстерiн қолдай 
түссек, оларды ең жоғары дамыған үйлесiмдiлiкке дейiн көтерсек – жақсылық 
атаулы одан сайын молая түсерiне күмән жоқ, ал әлеуметтiк дүние одан сайын 
жаңғырары хақ. Тамырын жаңа жая бастаған тiршiлiк салаларын шектеп 
отырсақ, еркiндiктi тұсаулап, адамды қыспақта ұстасақ, жамандық атаулыға 
жол ашылады. Ал өмiр өзiнiң заңдылығын толық аша түсу үшiн сол тiршiлiктi 
жасаушы, өзгертушi, дамытушы субъектiлердiң мүмкiндiгiн кеңiте түсу керек. 
Бiздiң ойымызша, Асан Қайғының тiршiлiк атаулының бәрiне деген көзқарасы 
негiзiнен гуманистiк принциптерге арқа сүйеген. Әлемнiң әрбiр мүшесiн 
қорғап, мәпелеп отыру адамның азаматтық мiндетi. Мiне, осы қатынастардан 
адамдардың бiр-бiрiне деген қарым-қатынастарының негiзгi қағидалары 
туындайды. Асан Қайғының сөздерiне терең назар аударған адам осындай 
астарларды байқайды. 
Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтып күн көрер, 
Аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтiп күн көрер?! 
Шыбын шықса жаз болып, таздар қайтiп күн көрер, 
Жалаң аяқ балапан қаздар қайтiп күн көрер!? /7/ 
Асан Қайғы әлемнiң әрбiр құбылысының сырын ашу үшiн, күнделiктi 
өмiрдiң күйкi тiрлiгiнiң астарында не жатқанын анықтау үшiн өзiнiң «жан ашу 
– сүйiспеншiлiкпен қарау» принципiн қолданды. Сол арқылы ең биiк игiлiктер 
жүйесiне көтерiлу мүмкiндiгi ашылады. Бiздiң ойымызша, Асан Қайғының 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет