Қазақ КҮресі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы ш ымкент 2019ж (075. 8) Ббк 75. 715 я7


Жарақаттарға ескерту жасауға мүмкіндік туғызатын



бет10/27
Дата03.04.2024
өлшемі0.59 Mb.
#497535
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Қазақ күресі

2.6. Жарақаттарға ескерту жасауға мүмкіндік туғызатын әрекеттерден кейінгі алеашқы көмек керсету әрекеттері.

Жарақаттану жағдайлары және спортпен айналысар алдындағы зақымданулар өкінішке орай әлі де орын алатынын тәжірибе жұмыстары көрсетеді. Спорттық жарақаттардың әртүрлі себептерінің арасында жарақаттану және зақымдану жағдайларының көбісі (спорт түріне байланысты 40 %-дан, 75 %-ға дейін) жаттығу әдістемесінің бұзылуына келіп тіреледі. Бұл - жүктемені көтеруде біртіндеушілікті, жүйелілікті сақтамау, дене дайындығы және техникалық дайындықтарының есепке алу жағдайының жетіспеушілігі, дене қыздырудың жетіспеушілігі, сақтандырудың жоқтығы болмаса оның тәсілдерін және өзін қамсыздандыруды білмеуі болып табылады.


Соңғы жылдары спорттық жекпе-жектерде қатты жарақаттар көп кездеседі, бірақ тірек-қимыл аппаратының ұсақ зақымданулары (микротравматизация) әлі де маңызды орын алады және қауіпті зардаптарға әкеліп соқтыруы мүмкін. Көптеген шет ел және Отандық мамандар - дене қыздыру ештеңемен ауыстырылмайтын профилактикалық құрал деп санайды.
Әсіресе, тірек-қимыл аппаратына түсетін үлкен жүктемеде кездесетін спорт түрлерінде мұның маңызы өте зор. Дене қыздыру -организмдегі жалпы вегетативті жылжулардан басқа тірек-қимыл аппараттарына да бір қатар әсер ететіні белгілі. Жекелегенде, қозғалыс аппаратындағы дене қыздырудың бақылаумен тұрақсыздық жоғарылайды, бұлшық еттер және нервтердің изохронизмі белгіленеді, биомеханикалық көрсеткіштер жылдамдатылады және т.б. алдағы жұмыс үшін үлкен мән беретін жағдай бұл - зат алмасудың жоғарылауы және осының салдарынан дене температурасының көтерілуі. Соңғысы бұлшық еттердегі капилярлардың ашылуына мүмкіндік туғызады.
Сонымен олардың қанмен жабдықталуын жоғарылатады. Бұдан басқа температураның жоғарылауы бұлшық еттің жабысқақтығын төмендетеді және спорттық жарақаттармен зақымдардың пайда болуынан сақтайтын олардың созылғыштығын жоғарылатады. Дене қыздыру - ұзақтылығымен және үдемелі қарқындылығымен әдістемелік тәсілдері бойынша және дене қыздыру жаттығуларының орындалу мінездемесімен, дене қыздырудың және негізгі жаттығулардың арасындағы демалыстың ұзақтығымен ерекшеленеді. Дене қыздырудың әр түрлі схемасы тірек-қимыл аппараттарын әр түрлі өңдейтінін, сондықтан оныі әдістемелік және профилактикалық бағалылығы бірдей еместігін есте ұстаған жөн. Сондай - ақ негізгі жұмысқа тірек-қимыл аппаратын температуралық дайындығы дене қыздыру аяқталғаннан кейін бірден жетілмейді, 5 -минут ішінде ғана жетілетіні маңызды деп саналған дұрыс. Жаттығудың негізгі жұмысқа дұрыс кірісу үшін (әсіресе жарыс жағдайларында) бұл тірек-қимыл аппаратының өңделуінің критерийі екенін ескеру өте қажет. Бұл уақыттың бөлігін дене қыздыруға қолданған жөн. Дене қыздыру үшін жаттығуды таңдамас бұрын алдағы жұмыстың барлық жүрісін қадағалау қажет және негізгі қозғалыс дағдыларына сәйкес келетін жаттығуларды қолдану керек. Спорттық тәжірибеде дененің жеке бөліктерінде температураны жоғарылату үшін әртүрлі маздар мен ысқылаулар жиі қолданылады (кейде ауруды сезбеу үшін). Ысқылауды қыздыру әсері неғұрлым күштірек болса соғұрлым бұлшықет аралық және ішкі бұлшықет координацияларының қалпына келуіне жағымсыз әсері де күшті болатынын есте сақтаған жөн. Әсіресе бұны жарыс жағдайларында ескеру өте қажет. Жарыс ережесін сақтау және дзюдода тиым салынған әрекеттерді қолданудан сақтану жарақаттардың болмауына мүмкіндік туғызатынын да ескеру керек. Бапкерлер және спортшылар оқытудың бастапқы кезеңінен-ақ осы тәсілдерді білуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет