Қазақ КҮресі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы ш ымкент 2019ж (075. 8) Ббк 75. 715 я7



бет12/27
Дата03.04.2024
өлшемі0.59 Mb.
#497535
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Қазақ күресі

Саналық қағидасы. Әр балуан өзінің жаттығуға қандай мақсатпен қатынасатындығын жақсы білуі керек. Ол үшін оның жаттығу үстінде өтетін сабақтардың неге арналғандығын, қандай жерде әдістерді орындау керектігін білу. Бұл ретте жаттықтырушының атқаратын рөлі ерекше. Ол әр сала алдында өз шәкіртіне сабақтың міндетін, үйренетін әдістерді тәптіштеп түсіндіруге тиіс. Сол сияқты жарыс алдында жас балуандар өздерінің қандай жарысқа қатынасатындығын, қандай ұжымның намысын қорғайтындығын, кімдермен кездесу өткізетіндігін білуі керек. Жаттығуға, жарыстарға саналылықпен қатынасу әрбір балуанның міндеті.
Белсенділік қағидасы. Бұл көбінесе балуандардың саналығына байланысты. Жаттығуға қатынасқан әрбір балуан ұстазының тапсырмасын белсенді түрде, шамасы жеткенінше орындауға тиіс. Мұнда оның жігерлілігі, шешім қабылдағыштығы, жаттығуға және өзі қатынасып жүрген спорт түріне деген көз қарастары байқалады. Жаттығуға қатынасып, бірақ жаттықтырушының айтқанын жүре тыңдап, селқос орындап жүрген балуандарды белсенді деп айта алмаймыз. Сондықтан да олар уақытын текке өткізеді. Мұндай жаттығу жүйесі оған еш нәтиже бермейді.
Жүйелілік және күнделілік қағидасы. Бұл да балуандардың шеберлігінің өсуі үшін ең керекті қағидалардың бірі. Жақсы спортшы боламын деген әрбір жас өзінің жаттығуын бір жүйеге түсіріп, оны құр жібермеуі тиіс. Кейде жаттығуға бір-екі рет қатысып, күреспен айналысып жүрмін дейтін жастар да кездеседі. Сондықтан да кімде-кім шебер спортшы боламын десе олар жаттығуға жүйелі түрде қатысып, жаттығушылардың берген тапсырмасын мүлтіксіз орындағаны жөн.
Келесі бір айта кететін жағдай жаттығу көлемінің бірте-бірте ұлғаюы. Секцияға алғашқы жылы қатысқандар төрт-бес жаттыққан балуанның жаттығуларын орындай алмайды. Сондықтан оларға бірден үлкен талап қою оның күреске деген ынтасын азайтады. Міне осы қағиданы негізге алғанда жаттықтырушы әлгіндегі жағдайды ескерген жөн.
Көрнекі құралдарды пайдалану қағидасы. Спорттың қандай түрі болмасын оған қатынасушыларға күрестің орындау әдісін көрнекі құралдар арқылы көрсету, оқыту жүйесіндегі әдістемелік тәсілдердің бірі. Көрнекі құралдарға кинограммалар, диофрагмалар, оқу-жаттығу фильмдері жатады. Көрсету құралдарын пайдалану секцияға қатынасушылардың шеберлігін шыңдауға зор ықпалын тигізеді. Бұл әсіресе қазақ күресімен жаттығушыларға өте пайдалы. Мұндағы ескертетін жағдай, жаттықтырушы әр сабақтың алдында тек қана сол күні үйретілетін әдістер тобын көрсету керек. Ал, бір сабақтың ішінде бірнеше фильмдер, кинограмалар көрсету балуанның тәсілді толық түсінуіне кедергі жасайды. Көрнекі құралдарды қолдану кезінде жаттықтырушы оны түсінікті тілмен айтуы керек. Сонымен жаттығу алдында әдістерді екі балуандардың орындауында көрсетудің маңызы зор. Ол да осы қағидаға енеді. Мұнда да жаттықтырушы әдісті жақсылап түсіндіріп, кейін орындаған кезінде, әрқайсысына қателіктерін көрсетуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет