Бірінші күн
17.00—18.00— жарысқа қатынасушыларды өлшеу
18.00—19.00— жеребе тарту, жарыстың алғашқы айналымына қатынасатын жұптарды құру.
Екінші күн
9,45—төрешілердің орындарына шығып жайғасуы;
10,00—15.00—жарыс;
15.00—16.40—үзіліс;
16.40—17.00— жарысқа қатынасушыларды салтанатты парадқа тұрғызу;
17.00—17.20— жарысқа қатынасушылар мен төрешілердің салтанатты парады. Парадты қабылдаушыға рапорт беру. Жарыстың ашылуын жариялау. Ту көтеру. Қазақстан Республикасының Гимндерін орындау. Жарысқа қатысушылардың салтанатты шеруі;
17.20—20.30— жарысты жалғастыру:
20.30—21.00— төрешілер коллегиясынын мәжілісі. Жарыстың екінші күнінің нәтижелерін бекіту.
Үшінші күн
9.30— жарысты жалғастыру
15.00—ақтық айқастар
17.10—қорытынды шығару. Үшінші күннің нәтижелерін бекіту.
Қорытындыны жариялау. Жеңімпаздарды награртау. Жарыс туын түсіру. Жеңімпаздардың салтанапы шеруі.
Ескерту: жарысқа қатынасушыларды өлшегенде және жеребе тарт-қанда командалардың өкілдері қатысады. Командалардың өкілдері спортшылар жеребе тартқанда олардың қасында болып жұп құрамын жазып алуға және протокол-шахматка жүргізуге міндетті.
Төрешілік етуді ұйымдастыру. Төрешілер коллегиясын олардың ішіндегі ең тәжірибелісінен сайланған бас төреші басқарады. Ол жарыстың барысын басқарып оған қатынасушылардың қазақша күрес ережелерін, оның шарттарын орындауын қадағалайды. Жарыстың табыспен өту бас төрешінің ұйымдастыру қабілеттіне оның объективтілігіне, принципшілдігіне ұстамдылығына және тәртіптілігіне байланысты. Жарыстың басынан бастапақ, ол оның абыр-сабырсыз жане дәлме-дәл өтуіне күш салуы тиіс.
Бас төреші барлық жұмысты жарысты ұйымдастырушылармен тығыз байланыс жасай отырып жүргізеді, ал ұйымдастырушылар оның нұсқауларының түгел орындалуын қамтамасыз етеді.
Дайындық жұмысы кезінде бас төреші жарыс шарттарын оқып, танысады, график және программа жасайды, жарыс орнын жабдықтау, төрешілер коллегиясын құрып толықтыру жөнінде нұсқау береді.
Жарыс қарсаңында бас төреші төрешілер кеңесін өткізіп, оларды да жарыс шарттарымен таныстырып, міндеттерін белгілейді, ережелердің жекелеген пункттерін бірдей түсіну жөнінде әңгімелеседі. Осы кеңесте жарысқа қатынасушыларды өлшейтін комиссия тағайындалып, төрешілер бригадалары құрылады.
Әрбір айқасты білгірлікпен бағалау үшін ең тәжірибелі төрешілерді бірдей етіп бөлу қажет. Айқасты бақылап тұратын төрешілер бейтарап болса, жарыстың обьективті бағаланатынын тәжірибе көрсетіп келеді. Жарыс басталатын күні бас төреші жарысқа қатынасушыларды өлшеуді, жеребе тартуды ұйымдастырып, төрешілер бригадасын айқасқа төрешілік етуге бөледі.
Жарыс кезінде бас төреші айқастардың барысын, төрешілер коллегиясының жұмысын бақылап отырады. Бас төрешінің ережелерді өте жақсы білу және оларды нақты жағдайларда қателеспей пайдалана алу талап етіледі. Егер ресми түрде қарсылық білдірілген болса, бас төреші оны төрешілер бригадасының оперативті жиналысында мүдделі комананың өкілдерін қатыстыра отырып талдайды. Төрешілердің палуандардың кілем шетіндегі техникалық әрекеттерін бағалағанда, тыйым салынған амалдарды, палуанның сылбыр қимылын анықтағанда көбірек қателесетінін тәжірибе көрсетіп келеді. Төрешілер бригадасының мүшелері арасында келіспеушілік болған, сондай-ақ бас төреші төрешілердің бірінің бұра тартқандығына немесе ережені жете білмегендігіне сенімді болған жағдайда даулы мәселе бүкіл төрешілер коллегиясының мәжілісінде жарысты ұйымдастырушыларды қатыстыра отырып талқыланады.
Қарсылықты талқылаған жағдайда бас төреші төрешілерді оның мазмұнымен таныстырады, команда өкілінің және төрешілер бригадасының пікірін тыңдайды. Егер айқастың бүге-шігесін талқы-лаған кезде төрешіден қате кеткендігі анықталса, оны жөндеуге шаралар алынады. Бас төреші кате төрешіліктің себептерін анықтауға мұқият қарап, ол қатені талдауды ұйымдастыруы тиіс. Бұл тәрбие мақсатында жасалады және төрешілердің квалификациясын арттырады. Егер төреші әділ болмаса, бас төреші кінәліні жарыстан шығарып тастауға дейін шара қолданады. Егер білместіктен айқас қате бағаланған болса, онда бас төреші оның қатесін түсіндіруге тиіс.
Барлық жағдайда да бас төреші ұстамдылық көрсетіп, қазақша күрестен өтетін жарыста терешілік етудің қиын екендігін әрі белгілі бір жағдайда мұнда субъективтіліктің орын алатындығын ескеруі қажет. Қателіктерді дер кезінде (айқастың басында болсын, арнайы мәжілісте болсын) түзетіп отыру төрешілер коллегиясының беделін арттырады.
Финалдық жарыстарды өткізгенде бас төреші екі төрешіден тағайындайды (ал айқасты бас төреші бақылап отырады).
Жарыс аяқталған соң (үш күннен кешіктірмей) бас төреші мен бас секретарь қол қойып, өздеріне жарысты өткізуге тапсырған ұйымға есеп береді. Бас төреші болмай қалған жағдайда оның міндеттерін орынбасары атқарады.
Бас төрешінің орынбасары (кілемдегі айқастарды басқарушы) сол кілемдегі төрешілер бригадасының жұмысын ұйымдастырады және жарыстың жоғары спорттық дәрежеде өтуіне жауап береді. Ол
айқастарды қадағалап тұратын төрешілерді бөледі, бригаданың жіберген қателіктерін түзейді, палуанды (палуандарды) жарыстан шығарып тастауға қатынасады, төрешілердің жұмысын бағалау жөнінде
бас төрешіге ұсыныс жасайды. Сондай-ақ ол да айқастың барысын басқарады. Кілемдегі төреші мен жанындағы төреші көрсеткен техникалық әрекеттердің қазақ күресінің 2002 жылғы ережеге бойынша бағасын жариялайды. Кілемдегі төреші мен жанындағы төрешінің арасында келіспеушілік болған жағдайда бас төрешінің орынбасары әділ жағына өз даусын қосады. Үш төрешінің көпшілігінікі соңғы дұрыс баға деп есептеледі. Палуанды дисквалификациялау немесе оны сылбыр қимылы үшін жарыстан шығару тек үш төреші бірауыздан шешім қабылдағанда, және төреші тиісті рұқсат бергенде ғана жүзеге асырылады.
Айқасқа төрешілік жасағанда кілемдегі төреші ең жауапты қызмет атқарады: бүкіл жекпе-жекті ақырына дейін басқарып тұрады. Кілемдегі төреші шеберлігі қазақша күрес жарысы ережелерін, өзінің құқұқтары мен міндеттерін, күрес мәнін, оның техникасы мен практикасын, палуанның жеке басының ерекшеліктерін жақсы білуге саяды. Кілемдегі төрешілердің ең басты ұйымдастырушылық міндеті бірде-бір палуанның жағдайын ауыр-лататындай немесе жеңілдететіндей етіп айқастың барысына әсер етпеуде. Кілемдегі төреші ұстамды болып, айқастың қызған шағында да салқынқандылығын, сенімін жоғалтпауы, көрермендердің, жарысқа қатынасушылардың және команда өкілдерінің ықпалына еріп кетпеуі керек, өйткені оның әрбір қатесі палуанды артықшылығынан айырып, сөйтіп айқастың дұрыс аяқталуына нұқсан келтіруі мүмкін. Қандай жағдайға болса да дер кезінде дәл жауап беріп тұрса, арбитрдың жақсы қасиеттерінің дұрыс көрінгені. Кілемдегі төреші әрекеттерінің айқасып жатқан палуандар үшін ғана емес, оның төрешілік етуін бақылап отырғандардың барлығы үшін де тәрбиелік мәні бар.
Кілемдегі төреші жұмысы палуандарды кілемге шақырған кезден басталады. Палуандардың, төрешілердің, уақытты бақылаушылардың әзірлігін тексергенне кейін ол жарысты бастауға ысқырып белгі береді. Айқас жүріп жатқан кезде кілемдегі төреші қолданған әдістерді өзі анық көріп дұрыс бағалай алатындай жерде тұруы тиіс. Ол үнемі қозғалып жүруі тиіс, бірақ бұл кезде кілемдегі айқасты басқарушыға, жанындағы төрешілерге, сондай-ақ көрермендерге палуандарды көруге кедергі жасамағаны жөн.
Кілемдегі төреші палуандардың әрекеттерін белгілі бір қимылдар, ысқыру арқылы басқарады. Ол қолын қимылдатып спортшылардың барлық амалдарына баға береді: бүк, жамбас, жартылай. Таза жеңіс деп бағалағанда кілемдегі төреші алақанын кілемге соғады және жеңімпаздың қолын көтереді. Бұл кезде үш төрешінің біреуі таза жеңіс деп онымен келіскен жағдайда ғана команда берілуі тиіс.
Кілемдегі төреші асықпауға, күйбеңдемеуге тиіс. Өйткені айқасты қайта-қайта тоқтата берсе, палуандардың жүйкесіне тиіп, сайып келгенде айқастың нашар етуіне соқтырады. Сондықтан арбитр ереже бұзылған жағдайда оны дәл әрі білгірлікпен бағалап, кездейсоқ, елеусіздеу кемшіліктерді айқастың барысына әсер ететіндей етіп ережені әдейі бұзушылықтан ажыратып тұруы тиіс.
Кілемдегі төреші палуанның екеуін де көріп, олардың әрекеттерінің немен аяқталатынын алдын-ала аңғарып, дұрыс емес және қауіпті әрекеттерге жол бермеуге әрдайым әзір тұруы қажет. Аз ғана кемшіліктерді (басын қарсыласының иығына тіреу қылғындырып ұстауға тырысу, саусақтар дан ұстау, т. с. с.) айқасты тоқтатпай-ақ түзетіп жіберуге болады. Өрескел әрекеттер жасалғанда айқасты тоқтату керек, ескерту жасап немесе палуанды дисквалификациялау керек. Қандай жағдай болса да кілемдегі төреші қазақ күресінен өтетін жарыстың ережелерінде көрсетілген міндеттерді мүлтіксіз орындауы тиіс.
Жанындағы төреші палуандардың техникалық әрекеттерін бағалайды, арбитр ережелердің бұзылған-бұзылмағанын, жеке жеңімпазды анық-тауға көмектеседі. Жанындағы төреші мен арбитр өздері неге мұндай шешім қабылдағандықтарын, оның себептерін айтып, түсіндіріп беруге әруақытта дайын болулары керек.
Төреші-секундомер палуандарға, төрешілерге, көрермендерге уақытты шамалауға көмектеседі. Ол жеңіске таза және артықшылықпен жеткен уақытты белгілейді. Палуандардың кешіккенін мықтап, ысырап болған және палуандардың медициналық жәрдем алуына кеткен уақыттарын көрсетіп береді. Ол барлық әрекетін арбитрмен келісіп атқарады және секундомерді оның ысқырығы бойынша қосып-тоқтатып отырады. Төреші-секундомердің жұмысы дулдікті және мұқияттылықты талап етеді. Өйткені уақыт дұрыс белгіленбеген болса, айқастың, палуанның бүкіл күресінің, тіпті команданың нәтижесіне ықпал етуі мүмкін. Сондықтан қателесіп кетпеу үшін уақытты қағазға жазып отыру керек. Ондай жазулар төреші-секундомердің әрекетінің дұрыс болатын-дығын дәлелдейтін документ бола алады. Палуанның бірі берілген уақыттан бұрын жеңіске жеткен жағдайда айқастың нәтижесі жарияланғанынша секундомердің көрсеткішін нольге түсірмейді.
Есептеуші-төреші көрсеткіш тақтасына әрбір палуанның техникалық әрекетінің әлемдегі айқасты басқарушы жариялаған бағасын көрсетіп отырады. Тақтада көрсеткіштер дәл әрі дер кезінде жазылып отырса, мұның өзі төрешілік етуді жеңілдетеді, палуандарға дұрыс бағыт береді, көрермендер үшін жарыс қызықты өтеді.
Хабаршы -төреші маңызды үгіт жұмысын атқарады. Ол жарыстың программасын және оны өткізу тәртібін жариялайды, көрермендерге күрестің барысы мен нәтижелерін, келесі көрсететін жұптың құрамын хабарлап, жарысқа қатынасушыларға спорттық мінездеме береді. Жарыс жөніндегі қандай да болмасын ресми хабарды ол тек бас төрешінің рұқсатынан кейін ғана бере алады. Хабаршы-төреші қазақша күрес тарихын жақсы білуі тиіс. Жарысқа қатынасушыларға медицина-лық қызмет көрсетуге, жарыстың санитарлық-гигиеналық жағдайына төрешілер коллегиясының құрамына кіретін дәрігер жауап береді. Ол барлық профилактикалық шараларды алуы тиіс. Осы мақсатта ол жарыс өткізілетін, тамақтанатын және палуандар орналастырылатын орындардың жабдықталуын, сондай-ақ жарыс қарсаңында әрбір спортшының медициналық байқаудан өтуін тексереді. Өлшеніп жатқан кезде дәрігер әрбір спортшыны қарап шығады. Дәрігер де қазақша күресті білуі керек. Ол жараланудың себептерін анықтап, оны болдырмау шараларын алады, жарыстың барысында жараланып қалған палуан болса оның күреске әрі қарай қатысу мүмкіндігін анықтайды. Жарыс аяқталған соң бір күннен қалдырмай оны өткізген ұйымға жарыстың медициналық- санитарлық жағынан қамтамасыз етілуін, зақымданған немесе науқастанған жағдайлар болса, оларды да көрсетіп есеп береді.
Достарыңызбен бөлісу: |