Қазақ КҮресі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы ш ымкент 2019ж (075. 8) Ббк 75. 715 я7



бет16/27
Дата03.04.2024
өлшемі0.59 Mb.
#497535
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
Қазақ күресі

Мектептегі дене шынықтыру
Зерттеу әдістері:
1.Әдеби басылымдары таңдау
2.Педогоикалық зеттеу, әңгімелесу
3.Анкета толтыру
Зерттеулерді ұйымдастыру:
Қазақша күреске дайындалу барысында қолданылатын әдіс пен жолдарын анықтау үшін Қазақстанның жаттықтырушылары және белгілі палуандар арасында педогикалық жерттеу, әңгімелесу, сұқбат алу акента алу жұмыстары өткізіледі.Сонымен бірге өткізілген жарыс шарттарының палуандардың техникалық-тактикалық дайындығына әсер етуін тексеру. Педогогикалық зерттеу және жоғары дәрежелі палуандардың дайындық әдістерін талдау арқылы ауыл жағдайында қазақша күрестің ерекшелеіктері анықталады.
ІІІ. Ауыл жағдайындағы қазақша-күрес техникасы тактикасын үйретудің жолдарымен әдістері.
3.1 Ауылда балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін ұйымдастыру жоғарғы дәрежелері спортшыланр дайындау жүйесі Алматы облысы, Райымбек ауданында да жолға қойылған.Бұл мектеп екінші разрядты спортшылардан спорт шеберлеріне дейін тәрбиелеп шығарылады. Олардың дайындық жұмыстарының қандай ерекшеліктері бар.
Біріншіден қарапайымдылық .
Екіншіден таңқаларлықтай еңбекқорлық .
Үшіншіден күрестін ең әсерлі техинкасы мен тактикасын оқып үйрену.
Жаттығулар арасында ойындар бағдарламасы орындалды./ футбол, баскетбол, акробатика, крос/
Палуандардың апталық жаттығу бағдарламасында алты күн жаттығу күндеріне жатады. Мысалға ,күндерді былай бөлуге болады.Дүйсенбі, сәрсенбі бейсенбі,жұма күндері кілем үстінде жаттығу.
Сәрсенбі,сенбі жалпы дене шынықтыру дайындығы.
Жексенбі – белсенді демалыс күні.
Сенбі күндері монша және массаж.
Бейсенбі күні жаттығудан кейін жалпы ден шынықтыруға уақыт бөлу керек.Осындай күндерге бөлініп өткізілетін жаттығулар жыл бойы өзгермей өтілгені дұрыс.Жалпы дене шынықтыру үшін ауыр атлетика,гимнастикалық жаттығулар, жүгірумен шұғулдану керек.
Палуандар жан-жақты дщамыған адамдар.
Шынығу үшін жүгірудің әр түрлерін қолдану керек.Палуаның нерв жүйесін қалпына келтіру үшін, сергу үшін спорттық ойын түрлері мен шұғылдану пайдалы.Мысалы,футбол мен баскетбол.
Футболды палуандардың бәрі ұнатады.Қазақша күреске дайндалуда шапшаңдық, шыдамдылықты дамытуда футболдың пайдасы көп.Ойын арқылы нерв жүйесін күш қуаты жақсартуға болады.
Жарыс барысында палуан техникалық мүмкіндігіне қарай тактикасын құрады. Сондықтан техникалық, тактикалық дайындық күрестің екі негізгі бөлігі деп саналады, бірдей дамиды. Жеңіске жету үшін палуан өз моральдық күш қасиеттерін жұмсайды. Күрес тактикасы ең әсерлі әдіс жолдарын таңдау. Қарсылас палуанның күрес техникасын анықтау үшін оны жиі пайдаланатын қорғану әдістерін, оның спорттық техникалық дайындық дәрежесін білу қажет. Қарсылас палуан туралы анықтамаларды оны басқа жарысқа қатысушылармен күресін байқап, зерттеп білуге болады. Белдесу процесінде қарсылас палуанын ерекшеліктерін назарға алып, алдау қимылдарын пайдалану керек. Бақылау кезінде қарсылас палуанның пайдаланатын әдістерін анықтап, белсенділік, батылдық, күш дәрежесін білу маңызды. Қарсылас палуан да анықтама жинап дайындалатынын естен шығармаған жөн. Дұрыс шешім қабылдап, белдесуде қарсыласын әлсіз жақтарын пайдалана білген палуан ғана нәтижеге жетеді. Палуанның орындалатын элементтік формасын ғана емес, оның мағынасын анық түсінуі техниканы тез меңгеруіне ықпал етеді. Техника үйрету процесі және оның ең қарапайым формаларын үйретуге аз уақыт бөлінеді., 5-8 ай. Бірақта даму процесінің уақыты шексіз. Палуанның техникалық әдістерді меңгеруіне оның жаттықтырушыларының рөлі зор.Техниканың негізгі элементтерін қысқаша түсіндіріп, көрсетуі тиіс. Мысалы, белдесу барысындағы «қағып лақтыру» бұл элементті орындауда «бір, екі,үш» санау, ырғақты әуенді пайдаланып, палуанның зейінін күшейту. Техника меңгерудің барлық кезеңдерінде элементтердің орындалуының үлгілерімен бірге фото-сурет, кинограмма, кионфильмдер көрсетілуі қажет.Бірінші кезеңде жаттығуларды әр түрлі элементтерді жаттықтырушы немесе жақсы дайындалған оқушы көрсетсе болады. Палуан белдесудің барысын, оның орындалуын толық меңгеруі керек. Қате элементтерді оқушыларға көрсету, көрсетпеу деген талас мәселе бар. Авторлардың көбі қате элементтерді көрсетіп, оларды түсіндіріп түзету палуан үшін пайдалы да болуы мүмкін. Біріккен жаттығулар әдісі техниканың даму проецесінде бұл әдіс ең негізгі деп саналады. Жаттығулар бірінші кезеңде күндегі жағдайда орындалады. Екінші кезеңде қиындау жағдайда / шаршаған кезде, ыңғайсыз жағдайларда / соңғы кезең – жарысқа қатысу.
Бөлек жаттығу орындау әдісі.
Күрделі техникалық қимылды бірнеше жеңіл элементтерге бөліп, палуан меңгеріп болған кезде элементтерді біріктіріп орындайды. Бөлек жаттығулар әдісін қолданғанда палуан шарттарды орындауы тиіс:
1.Техникалық жағынан күрделі жаттығуды өте ұсақ элементтерге бөлу тиімді болмайды.
2. Әр келесі орындалатын элемент алдыңғының жалғасы болуы керек.
3. Элементтердің 2-3тен топтап, қайталау.
4. Бөлінген элементтерді басында баяу қалыпта, одан кейін жылдамдату керек.
Бөлек жаттығулар әдісін пайдаланып, жаттығулардың төменгі типтері орындалады. Техниканың жаңа варианттарын үйрету барысында, жаттығуларды көрсетуде олардың орындалуына жылдамдығы да ескеріледі. Техникада қате жибермеу үшін түзету жаттығулары өткізіледі. Ондай жағдайда жаттығулар арнаулы және қосымша жаттығуларға бөлінеді. Қателерді түзету үшін қарама-қарсы жатттығулар үлкен әсер етеді.
Назарды біртіндеп ауыстыру әдісі.
Техникалық дайындықтағы ең әсерлі әдіс назарды аударады. Жаттығу барысында оның бөлек элементтеріне көңіл бөлу. Мысалы: Бір элемент техниканыда тактиканыда меңгеруге лайықты болып есептеледі. Әр элементтің дұрыс орындалуына назар аударып, қатесіз орындауға тырысу керек. Элементтердің орындау нұсқауларымен бірге жаттықтырушының көрсеткен элементтерін жаттап үйренген жөн.
Орындалған жаттығуларды талдау әдісі.
Техника меңгеру барысында палуан барысында әр қимыл талдай білуі тиіс. Техниканы талдау және қателіктерін түзету жиі өткізілуі керек. Талдауды палуанның өзі жасауы керек. Ал жаттықтырушы түзеп, толтырып, түсіндіріп тұрады.
Техниканы талдауда көрнекті құралдардың маңызы зор.
Жедел хабарлама әдісі.Палуан өзі орныдаған жаттығуларды сырттан көре алмайды, сондықтан өзіне бақылау жүргізу және өзіне баға беру қиын.
Жедел хабарлау әдісі жаттығу барысында арнаулы құралдар жаттығу орныдалуының сапсын көрсеттіп тұрады. Спорт техникасы міндетті түрде шұғылдану / машықтану / жәрежесіне байланысты.
Палуанды техникалық және тактикалық дайындауда педагог-жаттықтырушы басты рөл атқарады. Жаттықтырушының педагогикалық дарыны, білімі және жұмысына сүйіспеншілікпен қарауынан көптеген мақсаттарға жетуіне көмектеседі.
Палуан жарыстың алдыңгы әр күннің жоспарын орындап тұруы керек. Жаттықтырушы әр сабақта техника-тактикалық дайындықтың маңызы үлкен екенін түсіндіріп, әр әдістің дұрыс орындалуын қадағалап тұруы қажет. Ауыл жағдайында еркін күрес, самбо, дзю-додан жарыс өткізу техника және тактикалықтан дайындықтан ең әсерлі жақтарын көрсетеді.
Күрестің әр түрінен жаттығу және жарыстарды кезекте өткізу – палуанның дайындалуының ең тиімді әдісі болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет